Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси ойлар



Pdf көрінісі
бет10/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси ойлар. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ 
қоғамы әлеуметтік-саяси өмірінің түбегейлі өзгерістерімен сипатталады. Бұл өзгерістер 
Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталуымен байланысты. Осы ғасырдың ортасында қазақ 
хандығы жойылып, саяси жүйе өзгеріп, Қазақстан Ресейдің отарына айналды. Осы кезеңде 
Қазақстандағы саяси ойдың дамуы бір бағытта болды және қазақ жұртының ой-санасының 
қалыптасуына, дамуына бағытталды. Осы бағыттағы саяси ойдың негізін салушылар – Абай 
Құнанбаев (1845- 1904 жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.), Шоқан Уәлиханов (1835- 
1865 жж.). Бұл ақыл-ой алыптарының өмір сүрген уақыты, қоғамдық-саяси ХІХ ғасырдағы 
Қазақстандағы саяси ойлар ортасы тарихи бір кезенде өткендіктен, ортақ арман-мүддесі туған 
халқының ой-санасын ояту, әлемдік мәдениет қатарына ұлттық өркениетінің сақталып, басқа 
дамыған елдермен тең етіп қосу болды. Сондықтан Шоқан, Абай, Ыбырай да орыс халқының 
алдыңғы қатарлы прогресшіл мәдениетін қазақ даласына таратушылар ретінде Қазақстан 
тарихында ағартушылық қозғалысының негізін жасады. Шоқан Уәлиханов қоғамның саяси-
әлеуметтік құрылымы жөнінде көптеген еңбектер жазды. Ғалым мұрасының: «Үлкен қырғыз-
қайсақ ордасының ескі аңыз-әңгімелері», «Қырғыздардың шежіресі», «Даладағы мұсылмандық 
туралы», «Қытай империясының басты өлкесі», «Қашғария туралы жазбалар», «Абылай», «Сот 
реформалары жайында хат». Шоқан соңғы аталған еңбегінде бұқара халықтың мүддесіне сай 
билер сотының сақталуын қолдады. Өз халқының болашағы үшін отаршылдардың билігінен 
әлеметтік-экономикалық реформа жасау барысында қазақтардың мүддесі үшін еңбек етті. Ол 
демократ болғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жаңашылдық, прогрессивті 
дүние ретінде қолдады. Сондай-ақ, формализм мен бюрократизмді, қазақ әйелдерінің құқығын 
шектеуші ретінде мұсылман дінін сынады. Шоқан Уәлиханов феодалдық тоқырау кезеңіндегі 
қазақтың ағартушы демократиялық идеологиясының негізін салушы болып табылады. Ыбырай 
Алтынсарин Қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 


қоғамның экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне баса назар аударып, қазақ 
халқының жалпы мәдениетін көтеруді көкседі. Ғалым, этнограф, жазушы және ақын Ыбырай 
Алтынсарин өз замандастарының арасында аса беделге ие болды. Ол қазақ жастарын ең алдымен, 
оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырды. «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылылар. 
Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар». Оқымаған, сауатсыз, надандарды сынап, ақ пен қараны 
ажырата алмайтын көрсоқыр ретінде суреттеген. Ғылым мен білімді жоғары бағалады. Абай 
әрбір ғұлама-ойшыл өзі өмір сүрген заманның тыныс-тіршілігін айнытпай байқап, болашаққа 
көрегендік болжам жасай алатындығымен дараланады. XIX ғасырдағы қазақ топырағындағы 
Абай да сондай тұлға болды. (1845-1904 жж). Ол өзі дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығын 
мойындап, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай, бейне бір ағып жатқан судай өзгеріп 
отырады деп таниды. Абай қазақ халқының ақыны, философ, ағартушысы, оның әлеуметтік-
саяси көзқарасында демократиялық, прогресшіл бағыт басым. Абай халық жыршылары айта 
алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты. Сондай-ақ Абай 
білімсіздіктің, надандықтың әлеуметтік келеңсіздікке апарып соғатынын дұрыс бейнелеп беріп 
отырды. Шәкәрім Шәкәрім (Шаһкерім) Құдайбердіұлы – Абайдың немере інісі, Құнанбайдың 
Құдайберді деген баласынан туған. (1858 ж, 11.07.) Жасынан жетім қалғандықтан оны Абай 
бауырына салып тәрбиелейді. 1905-1906 жылдары Стамбол, Каир, Бағдат, Мекке шаһарларының 
кітапханаларында болған. Лев Толстоймен кездесіп хат жазысып тұрған. Оның «Үш анық» деген 
еңбегінде қоғам дамуы туралы мәселелер сөз болады. Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім қазақ 
халқының қоғамдық-саяси ой тарихында ағартушылық идеяларының одан әрі өркендеуінің 
негізін салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет