Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет31/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Авторитарлық саяси жүйе. Тарихта саяси жүйенің кең таралған түрінің бірі – 
авторитаризм (термин латынның «auctoritas» - билік, ықпал деген сөздерінен құралған, 
саясаттануда бір адамның, топтың, партияның, институттың билікке монополиясын 
сипаттайды). Ол тоталитаризм мен демократияның арасындағы жағдайға ие. Тоталитаризммен 
оны биліктің авторитарлық, заңдармен шектелмеген сипаты жақындастырады, ал 
демократиямен автономиялы, мемлекет арқылы реттелмейтін қоғамдық салалардың болуы, 
әсіресе экономика мен адамдардың жеке өмірінде азаматтық қоғам элементтерінің сақталуы 
жақындастырады. 
Саяси жүйе теориясындағы осындай әртүрлі ағымдардың болуы белгілі мөлшерде шетелдік 
әдебиетте сипатталған саяси жүйе бағыттарының көптігін және өзара қарама-қайшылығын, 
сондай-ақ қалыптасу деңгейін айқындайды. Бұл тұрғыда саяси жүйе туралы сан алуан 
тұжырымдар мен ұсыныстарды таңдап алудың өзі қиын. Себебі, бір жағынан, саяси жүйені 
анықтау «қоғамда қамқоршы үкімет болып мәдени құндылық кеңінен қолданылып, 
субъектілердің өзара іс-қимылының жиынтығы тәрізді» сипатында қарастырылса, ал, екінші 
жағынан, саяси жүйе бір шама идеалистік жоспарда ұсынылуына сәйкес «ортақ тұтастықта 
құрылған және өзі айқындаған философия, дін, басқару үлгілерімен толықтырылған идеялар, 
принциптер, заңдар, доктриналар және басқаларының кешені тәрізді» сипатта болады. Еуропа, 
Америка елдері саясаттанушыларының жоғарыда көрсетілген сан алуан зерттеу бағыттар мен 
әдістер тізбесін М. Каплан ұсынған тағы бір саяси жүйе анықтамасымен толықтыруға болады; 
бұнда жүйе «өздерінің арасында бір немесе әлденеше функциялармен байланысты ауыспалы 
шамалар жиынтығы тәрізді» қарастырылады. Бұл идеяны жалғастырушы С. 
Колманның пайымдауына сәйкес «жүйе олардың арасында нақты жүзеге асып отырған 
қатынастармен бірге алынған объектілер мен элементтердің (шынайы немесе абстрактылы) 
жиынтығы сипатында айқындалуы мүмкін»; ал Т. Мадронның пайымдауынша, қоғамның саяси 
жүйесі «қатынастар желісімен бекітілген объектілер мен олардың белгілерінің жиынтығы» 
сипатында анықталады. Шетелдік авторлар атап көрсеткендей, саяси жүйенің сан алуан 
түрлерінің кейде бір-біріне қарама-қарсы бағытта болуы өзге факторлармен бірге осы 
концепциялардың мән-мағынасын анықтауда қиындық туғызып және оның әлеуметтік 
тиімділігін кемітеді. Осыған байланысты И. Хус «Жүйелік талдауға қатысы бар кейбір 
зерттеушілерді жалпы ереже бойынша ғылыми әдістің негізгі принциптеріне қайшы реттегі 
әдістемелік ойлар тапқырлыққа итермелейді, өкінішті жағдайларға да жиі соқтырады» деп 
көрсетеді. Алайда, саясаттануды дамыту үшін саяси жүйе туралы анықтамалар мен 
ұсыныстардағы әртүрлі қайшылықтар күңгірт көріністерін және саяси жүйе теориясының 
әртүрлі варианттарының іс жүзіндегі айырмашылықтарын ескермеуге болмайды. Өйткені, 
шетелдік саясаттануда саяси жүйе туралы нақты варианттар мен ұсыныстардың көптігіне 
қарамастан олардың барлығы да экономикалық, саяси және идеологиялық негіздерінің 
жалпылығымен, жалпыұлттық және таптық мақсаттар бірлігімен, өздері білдіретін және 
қорғайтын мүдделер ортақтығымен, бірыңғай саяси және идеологиялық бағыттарымен, құрылу 
мен қалыптасудың жалпы принциптерімен, ережелер жинағымен біріккен. Осындай ретпен 
саяси жүйе теориясының әртүрлі варианттарының қалыптасуы немесе іс жүзіндегі 
айырмашылықтарының болуы негізінде бір және «оған қаланған» функцияны орындайды, 
жалпы және тұтастай алғанда бір ғана фундаментальдық (методологиялық) немесе қолданбалы 
рольді жүзеге асырады.
4. Саяси жүйелер алған бағдарларына қарай тұрақтылыққа немесе саяси өзгерістерге қарай 
консервативті – ескі, бұрынғы қалыптасқан тәртіптерді сақтап, қолдаушылар болып, өзгертуші 
– қоғамды қайта құруды жүргізушілер болып екіге бөлінеді. 
Соңғылары ірі, ауқымды реформалар жасауға бағытталған. Оны 70 жыл бойы Кеңес 
жүйесінің тарихынан да байқауға болады; Сталин-Хрущев (1953 ж.), Хрущев-Брежнев (1964 
ж.), Брежнев-Горбачев (1982-1985 жж.), Горбачев - Ельцин (1991 ж.). Қазақстандағы 
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың басқарған кезеңдерін айтуға болады. Халықтық өкімет деп 
аталған социализм тудырған нысандары мен әдістері адамзаттың әлеуметтік прогресіне орасан 
зор ықпал еткені шындық. Қазан төнкерісінің жеңісі нәтижесінде өмірге келген саяси жүйе 
белгілі бір кезеңде елеулі бұрмалауларға ұшырап, өзінің шын мәнін көрсете алмады. Оның 


басты себебі, Сталин мен оның төңірегіндегілердің шексіз билігінен болды. Басқарудың сол 
жылдардағы қалыптасқан әміршіл-әкімшіл әдістері күні бүгінге дейін қоғам дамуының түрлі 
жақтарына кеселді әсерін тигізуде. Сол жылдардағы саяси жүйе шаруашылық пен әлеуметтік 
өмірдегі тоқырау құбылыстарының үдеуінен сақтандыруға қабілетсіз болды. Саяси жүйеге дер 
кезінде реформа жасауға талпыныс үнемі сәтсіздікке ұшырап отырды. Түрлі мемлекеттік 
қоғамдық ұйымдарға «сайланған» азаматтардың саны еліміздегі ересек халықтың үштен біріне 
жетті, бірақ осының өзінде олардың негізгі бөлігі мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге 
нақты қатысудан шеттетілді. Қоғамдық өмірдің шамадан тыс мемлекеттендірілуі де 
қалыптасқан әкімшіл-әміршіл жүйенің елеулі кемшілігі болды. Өткендегі саяси жүйе 70 жылдан 
астам уақыт қоғамдық өмірді заңдар шеңберіне ұйымдастыруға емес, негізінен өктем нұсқаулар 
мен жарлықтарды орындауға бейімделіп келді. Демократиялық принциптердің сөз жүзінде 
қалуы, сын мен жариялылықтың тапшылығы, осының бәрі етек алып, қоғам өміріне орны 
толмас зиян әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет