шыққан. Алғашында ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып, бертін келе ол
үкімет функциясы ретінде қаралды да ақырында мемлекет ұғымына ауысты. ХҮІІ ғасырдан
бастап "мемлекет" деген атау мемлекеттік мекемелер, бір салаға үстемдік ету, мемлекеттік
халық деген түсінікпен де сипатталып қабысып жатты. Жаңа заман жағдайында да
"мемлекет" ұғымын қоғамда болып жатқан өзгерістер арасында, соларга байланысты қарау
қажет. Оған ұғым ретінде ғана қарамай, мемлекеттік құрылымдардың уақыт пен кеңістікке
қарай өзгеріп отыратынын, оның көп түрлі болатынын, соған қарай ұғымның да тұрақты
болмайтынын ескерген жөн. Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады.
Геродот пен Платонды үлгі ете отырып, мемлекетті монархияға (бір адамның
үстемдігі), аристократияға (элитаның үстемдігі), және политейге (тіке демократия
мағынасында халықтық үстемдік) болді. Оның ойынша бұл үш түрі де халыққа
мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса занды болып танылды.
1. Теологиялық теорияның негізін салушы Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын
құдайдың құдіреті арқылы деп түсіндірді.
2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ХҮІІІ ғасырда өмір сүруші ағылшын
ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан
үлкен қауымдастықтарға бірігуінен әкеліп шығарады.
3. Қоғамдық келісім тсориясы бойынша (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) Мемлекет
бір әміршіге бағынған адамдардың келісімінің арқасында пайда болады дейді. Т. Гоббс
адамдардың мемлекетті құрудағы басты себебі өзге адамдардың шабуылынан өмірлерін
қорғау, бостандықтары мен мүліктерінен айрылып қалу қаупінен туған сақтану қажеттілігі
деп біледі. Ал ағылшын ойшылы Д. Локк мемлекеттің пайда болуын адамдардың табиғи
құқын қамтамасыз ету үшін, арнайы құрылған ұйым, адамзаттың ақыл-ойының жемісі деп
қарайды.
4. "Зорлық жасау" теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумпилович, К. Каутский) бір елді екінші
елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда
болады дегенді айтады.
5. Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, В. Чичерин) мемлекеттің пайда
болуын географиялық ортаға (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктермен
түсіндіріледі.
6. Маркстік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың
шығуымен байланыстырады.
Ал саясаттанушы Макс Вебер "мемлекет күш қолдаудың заңды құралына сүйенген
адамдардың бір бөлігінің екінші бөлігіне үстемдік ету қатынасы" - дейді. Мемлекеттің
анықтамасы өз міндетін атқару барысындағы құралдардың өзгешеліктеріне байланысты
белгіленеді.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың
маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап,
олардың арасындағы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын
қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс жүзіне асырушы орталық институт. Ол
адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.
Достарыңызбен бөлісу: