Саяси модернизация теориялары мен түрлері. Саяси модернизация дегеніміз саяси
жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен
бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру. Демек,
саяси саладағы модернизация әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру және мемлекет пен
саяси қатысудың ортақ тетігін табуы тиіс. Модернизация мақсаты – белгілі бір жетістік пен
табысқа жету. Мұнда нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік
экономика стандарттарына жету міндеті қойылады. Модернизация теориясының
классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. Теннис, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс
болып табылады. Бұл аталған ғалымдардың ұсынған модернизацияның классикалық
теориялары мен еңбектері мыналар: 1) О. Конт, «адамзат дамуындағы үш кезең» идеясы; 2)
К. Маркс, «тарихи материализм» теориясы ; 3) М. Вебер, «рационализация» (ұтымды ету)
теориясы; 4) Г. Зиммел, «абстракция» теориясы; 5) Ф. Теннис, «қауымдастық» және «қоғам»
туралы теориялар; 6) Э. Дюркгейм, «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа өту»
теориясы; 7) Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу рөлін талқылау» идеясы. Модернизациялау
үдерісін зерттеп, сипаттауға қажетті саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Олар: 1)
«модернизация»; 2) «даму»; 3) «артқа қалу»; 4) «тәуелділік». Демократиялық
модернизациялану процесін американдық зерттеуші К. Менгес сатыларға бөліп көрсетті;
Біріншісі, дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси төзуі; Екіншісі, әр түрлі
коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі; Үшінші, бұрынғы режіммен қалған кейбір
жетекшілер мен ұйымдардың билікке қайта оралуы. Демократиялық мордернизацияның
өзіндік, қазақстандық жолын Н.Ә. Назарбаев ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған
қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу.
Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек
емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».
Модернизацияның түрлері: 1. Классикалық спонтанды үлгісі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ,
Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының модернизациясының жүйелілігі
қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды. 2.
Модернизацияның екінші үлгісі, кешіккен және негізгі емес үлгі (Жапония, Бразилия,
Аргентина, Пиреней түбегі). 3. Кешігу модернизациясы үлгісі (Испания, Португалия).
3. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация. Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму
стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және
даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан-
2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2012 ж.) сияқты
бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР
Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан
халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі
дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің «Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.),
«Тарих толқынында» (1997 ж.), «Сындарлы он жыл» (2002 ж.), «Тәуелсіздік белестері» (2003
ж.), «Қазақстан жолы» (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі саяси жаңғыртудың ауқымы мен
бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз дамуының стратегиялық
жоспарындағы негізгі басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Саясаттану
оқулықтарында саяси жаңғыртудың түрлерін атап көрсетіледі, олар: 1. классикалық
спонтанды үлгі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі
құрылымының жүйелі жаңғыруы негізінде қазіргі қоғамның басты құрылымдарының пайда
болуы; 2. жаңғыртудың кешіккен және негізгі емес үлгісі, (Жапония, Бразилия, Аргентина,
Пиреней түбегі) жаңғыртудың кейбір алғышарттарының (нарықтық қатынас, азаматтық
қоғам, құқықтық мемлекет т.б.) болмауымен ерекшеленді, өзгерістер синхронды емес,
авторитарлы сипатқа негізделінеді; 3. кешігу жаңғырту үлгісінде (Испания, Португалия)
бірінші саясат екінші экономика деген қағида ұсталынады. Дамыған қоғамға өту саяси
мәселелерді шешуден, мемлекеттік институттарды құрудан, конституция даярлаудан,
ұлттық-мемлекеттік құрылымның жалпы қағидаларын анықтаудан басталды. Ал,
экономикалық жаңғырту кейінге қалдырылып, оған тек саяси мәселелер шешімін тапқан соң
қайта келеді. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясында (1992 ж.) саяси жаңғыртудың стратегиялық жоспары мен тактикалық
әрекеттері белгіленген болатын. Бұл стратегиялық бағдарламада күшті президенттік
республиканы қалыптастыру, көппартиялық жүйені құру, тұрақтылықты қалыптастыру,
әрбiр азаматтың құқығы мен еркiндiгiн қорғауға бет бұру, қолайлы геосаяси жағдайға ие болу
міндеттері қойылды. Сонымен бірге, стратегия негізінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы
тұңғыш рет қарулы күштер, дипломатиялық және кедендік қызметтер секілді мемлекеттік
институттар қалыптастырылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту жөнінде шаралар
қабылданды. «Қазақстан - 2030» Президенттік стратегиясы ұлттық бірлік пен әлеуметтік
әділеттілік орнаған, халқының экономикалық әл-ауқаты жетілген, тәуелсіз, гүлденген және
саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнатудың теориялық-әдіснамалық базасын және оған
жетудiң жолдары мен әдiстерiн айқындаған құжат. «Қазақстан-2030» стратегиясы еліміздің
саяси жүйесінің дамуына, саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу
қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi
байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келді. Еліміздегі саяси дамудың
мақсаты саяси институттар және ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп
келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады. «Қазақстан-
2030» стратегиясы жалпы ұзақмерзімдік мақсат пен ірі көлемді міндеттерге бағытталынған,
мемлекет, партия және т.б. саяси институттардың саяси қызметті атқару бағыттары мен
тәсілдерін анықтайтын басты құжат болып табылады. 2007 жылы 16-мамырда Қазақстан
Республикасы Парламенті палаталарының «Қазақстанды демократияландырудың жаңа
кезеңі – еркін демократиялық қоғамның жеделдетілген дамуы» атты бірлескен мәжілісінде
Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар назарын
қазақстандық қоғамды әрі қарай саяси дамыту мен жаңғырту міндеттеріне аударды.
Стратегиялық маңызды «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» заңында билік өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін қайта
бөлу, саяси партиялардың рөлін нығайту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сот жүйесін
жетілдіру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын одан әрі
дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту сияқты жеті
негізгі бағыт бекітілген болатын. Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң
саясат деген принципті ұстану міндетін ұсынды, дегенмен, қоғам өмірінің барлық саласында
жүргізілетін реформалар тиімділігі саяси тұрақтылық пен демократиялық қағидалардың
қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді.
Мәселен, Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей
жаңғырту негізінде шешілді деп атап көрсетілген болатын, олар: · мемлекеттің іргесін қалау
мен нарықтық экономикада серпіліс жасау; · әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау; ·
қоғамдық сананы қайта өзгерту. Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл
мемлекеттіміздің даму кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі
деп санаймыз. Қазақстан - 2050 Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жетістіктері атап
көрсетілді, олар мыналар: 1. қуатты да табысты мемлекет; 2. демократияландыру мен
ырықтандырудың орнықты процесі; 3. түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың
келісімі мен татулығы; 4. ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз;
5. қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен әлеуметтік саясат; 6. әлемдік
қауымдастық таныған ел; 7. ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді
рөліміз. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі
Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс деп атап көрсетті. Біздің басты мақсатымыз – 2050
жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің
негізінде берекелі қоғам құру, ол үшін мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру
міндеті ұсынылды. Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси
бағыты мыналар: 1. мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу; 2.
басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу, 3. кәсіпқой мемлекеттік аппаратты
қалыптастыру; 4. мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл
жүйесін құру; 5. мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс; 6.
мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс; 7. құқық қорғау
органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру. ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауы Қазақстан – 2050» Стратегиясын әрі қарай тарата түсетін Жолдау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең
дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді
басымдылықтың жетіншісі – мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, мына
міндеттерді ұсынды: 1. адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары
құқықтық мәдениет ахуалын қалыптастыру; 2. мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және
бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру; 3. сот жүйесі ашық
және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс; 4.
мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр
саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі; 5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа
стратегияны қалыптастыру; 6. жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік
беру . «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси
дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне
және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң
қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты мемлекеттік институттар
және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық
және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады. Американдық ғалым Г. Алмонд саяси
даму саяси жүйенің тұрақтылықты қолданып қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға
қабілеттілігі, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп
сипаттаған болатын. Демек, қоғамдағы саяси даму бүкіл қоғам өмірінің барлық саласындағы
сапалық өзгерістерге тәуелді болады. Мұнда шешуші рөлді мемлекеттік институттардың
дамуы мен сапалық өзгерістері атқарады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей саяси жүйені
жаңғыртудағы маңыздысы құрылымын өзгертуде емес, оның іс-әрекеті мен қызметін
жетілдіруде. Сондықтан, саяси жүйені жаңғырту мыналарға: - саяси институттардың жаңа
проблемаларды шеше бiлу қабiлетiн арттыруға; - қоғаммен ашық сипаттағы қатынасын
жетілдіруге; - саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiн
көтеруге; - талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi
механизмiн жетілдіруге бағытталуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
атты Жолдауы мемлекеттің болашақ даму міндеттері мен саяси бағытын айқындайтын
кешендік және жүйелілік сипатқа ие тарихи құнды құжат. Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт
бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар
ықпал ететін қолдан жасалған процесс. Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз
және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен
оның командасының зор еңбегінің, өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси
көрегендік қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ саяси дамудың болжамдық нұсқаларын
құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты
прагматизмге де сүйенулері болып табылады.
Мұнымен бірге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр
айында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасын ұсынды. Еліміздің уақыт талабына
сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыру
үшін бағдарламаның мағыздылығы күмәнсіз.
Бағдарлама елдің саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуын
қарастыратын 5 бағытта реформа жүргізуді көздейтін 100 қадамды қамтиды. Реформаларға
нақты тоқталатын болса олар:
кәсіби мемлекеттік аппарат құру
заңның үстемдігін қамтамасыз ету
индустрияландыру және экономикалық өсім
біртектілік пен бірлік
есеп беретін мемлекетті қалыптастыру
Бүгінгі таңда ұлт жоспарының 100 қадамының ішінде 72 қадам іске асырылды: «кәсіби
мемлекеттік аппарат құру» бағыты бойынша – 15 қадамның 13-і, «Заңның үстемдігін
қамтамасыз ету» бағыты бойынша – барлық 19 қадам, «Индустрияландыру және
экономикалық өсім» бағыты бойынша – 50 қадамның 27-сі, «Біртектілік және бірлік» бағыты
бойынша – 6 қадамның 3-уі, «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағыты бойынша –
барлық 10 қадам. 2021 жылы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» және «Индустрияландыру
және экономикалық өсу» бағыттары бойынша 9 қадамды орындау жоспарлануда.
Сонымен қатар 2017 жылы еліміздегі саяси модернизацияны жүзеге асыру барысында
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғы-ру» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама ұлттық
деңгей-дегі негізгі маңызды мәселелерді қарастырып, оған қол жеткі-зуді көздеп отыр:
1. Бірінші, бәсекелік қабілет әрбір қазақстандық, сол ар-қылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға
лайықты қасиеттерге ие болуы ке-рек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу,
мә-дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттарға ие
болуы қажет.
2. Екінші, прагматизм. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын
ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге ба-сымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды
пайдалану.
3. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтау. Алдымен, ұлт-тық код, ұлттық мәдениет
сақталмаса, ешқандай жаңғыру бол-майды. Сонымен қатар алға басу үшін ұлттың дамуына
кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
4. Төртінші, білімнің салтанат құруы. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім
екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім
әр-дайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйе-сінде білімді бәрінен биік
қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Бесінші, Қазақстанның революциялық жолмен емес, эво-люциялық жолмен дамуы.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды.
Бірақ бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқ-талатынын көріп
отырмыз. Сондықтан әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның
да, саяси партия-лар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды
дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.
6. Алтыншы, сананың ашықтығы. Сананың ашықтығы зер-денің үш ерекшелігін
білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз
еліңнің айнала-сында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа
технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәрі-не дайын болу деген сөз. Таяудағы он
жылда біздің өмір салты-мыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілде-рі,
қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын бо-луымыздың қажеттігі.
Таяу жылдардағы міндеттер бағдарламаның екінші тарауы бірнеше ұсынылған
келесідей жобаларды қамтиды:
1. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру.
2. Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойын-ша «Жаңа гуманитарлық
білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу-лық» жобасы.
3. Үшіншіден, қазақ «туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік
қаның тамған жеріңе, өскен ауылы-ңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген
сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша
іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
4. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер»
бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиет
ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы іске асырылуда. Әрбір халықтың,
әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы
біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
5. Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті
деген сөз. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт
боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.
Отандық мәдениет Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан,
араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі
қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс. Үшінші,
мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлде жаңа тәсілдерін
ойластыру керек. Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз,
данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана бол-мауға тиіс. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100
жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы –
тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңі-рінде тұратын түрлі жастағы, сан
алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй
билеріміз бен жырауларымыз ғана бол-мауға тиіс. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа
есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – тәуелсіздік
жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңі-рінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос
өкілдерінің та-рихы.
Сонымен, саяси даму мен модернизация – қоғамды демократияландыру мен қоғам мен
билік арасындағы жаңа үлгідегі қарым-қатынасты орнату бойынша жүретін күрделі әрі ұзақ
үдеріс. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы мемлекет КСРО құрамынан
шығып жаңа демократиялық қағидаларға сай мемлекет құруға бағытталған қадамдардан
басталды. Бүгін Қазақстан модернизацияның үшінші кезеңін басынан өткеруде.
Қазақстандық саяси даму мен модернизация қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды және
әр салаға байланысты бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы орындалуда. Олардың
негізгілері ҚР – 2050 стратегисы, Рухани жаңғыру бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт
жоспары бағдарламсы және тағы көптеген әртүрлі бағыттағы бағдарламалар мен жобалар.
Достарыңызбен бөлісу: |