Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет64/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

II. «Тегі басқа – теңдігі бір»  Екінші басты қағидат – этникалық, болмаса басқа да шыққан 
тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік 
беруге тұғырланады. Бұл қағидат әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу 
тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете 
алатынын аңғартады. Отан мен қоғамға қызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамуы 
тиіс, оған ешқандай кедергі болмайды. Бүгінгі күнде барлық азаматтарға қабілеттері мен 
дарындарының арқасында өз мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыру үшін кең жол ашылған. Ол 
үшін мемлекет әрбір азаматқа әділ және теңдей жағдай беруі тиіс. Ол жеке меншіктің 
қорғалуынан, өмірдің жоғары деңгейін қолдаудан, мәдениетке, тілге, дәстүрлерге қолдау 
көрсетуден, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты жоюдан көрініс табады. 
ІІІ. «Ұлт рухының дамуы» Ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты – біріктіруші және 
бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамытуға негізделеді. Ұлттық рух – адамдарды 
біртұтас қоғамға біріктіретін жұмылдырушы және нығайтушы алғышарт. Ол мыңдаған 
жылдарды қамтитын дәстүрлерге, құндылықтар мен мәдениетке сүйенеді. Тіл – кез келген 


халықтың санасының маңызды бөлігі болып табылады және сол ұлттың тарихының
мәдениетінің және өзіндік ерекше болмысының өмір сүріп отырған тірі көрінісі болып табылады. 
Осы ретте айтар болсақ, қазақ халқының тілі, дәстүрлі құндылықтары мен мәдениеті жүздеген 
жылдар бойы халқымыздың өзіндік ерекшелігін айқындап, оны ұлт ретінде сақтап келеді. Бұдан 
шығар байлам: рухтың, мәдениеттің, дәстүрлер мен тілді қайта өрлетпейінше, мемлекет пен 
қоғамды бір мақсаттар төңірегіне топтастыру және ұрпақтар арасындағы адамгершілік 
құндылықтар мен сабақтастықты сақтап қалу мүмкін емес. 
Ұлт бірлігі доктринасы, бір жағынан, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы онжылдықтарын 
қорытындылайды, ал екінші жағынан, мемлекетімізді модернизация мен прогресс жолында, одан 
ары, дамыту негізі ретінде көрінеді. Доктринада көрініс тапқан қағидаттар Қазақстан халқының 
бірлігін ныгайтуға, демократияны дамытуға, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы 
сұхбаттасу мен өзара түсіністікті қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық, мемлекеттік-басқарушылық шаралардың біртұтас жүйесінің тұғыры ретінде 
қалануы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет