Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Қоректік заттардың катаболизмі және энергия бөлінуі



бет49/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
Байланысты:
Дәріс БИОХИМИЯ

Қоректік заттардың катаболизмі және энергия бөлінуі
Адамның қалыпты тіршілік әрекеті үшін энергия, ауыстырылмайтын амин қышқылдары, эссенциалды май қышқылдары, витаминдер, минералды заттар және су керек. Энергияны көмірсулар, майлар және аздап белоктар береді. Олар өте күрделі жоғарғы молекулалы қосылыстар, ферменттер әсерінен гидролизденіп, соңғы өнімдерге дейін ыдырайды және бос энергия бөлініп шығады. Олар кітаптың басқа тарауларында қаралады (гликолиз, лимон қышқылы циклымен тотығу, май қышқылдарының, амин қышқылдарының ыдырауы, биологиялық тотығу, тыныстану тізбегі, тотыға фосфорлану).
Негізгі қоректік заттар ыдырауының жалпы заңдылық жолдары қортынды түрінде 6.2. суретте көрсетілген. Схемадан көрінгендей әр түрлі энергиялық қосылыстардың молекулалары біртіндеп үш кезеңде ыдырайды және олардың бәрі бір ғана аралық зат ацетил-А-коферментін түзеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сеитов З.С. Биохимия. Алматы. Агроуниверситет. 2000.
2. Жеребцев Н.А., Попова Т.Н. Артюхов В.Г. Биохимия. Воронеж. Гос. Университет. 2002.
3. Кнорре Д.Г., Мызине С.Д. Биологическая химия. М.Вышая школа, 2003.


Дәріс 10


Көмірсулар алмасуы
Маңызды моносахаридтер
1. Д-глюкоза немесе жүзім қанты. Бұл қант бос күйінде де жануарлар мен өсімдіктер ұлпасында кездеседі. Және биологиялық тұрғыдан аса маңызды қантқа жатады. Жүзім қанты клеткада оңай тотығады ,сол кезде көп мөлшерде энергия бөліп шығарады. Глюкоза бос күйінде балда,жүзім жемісінде және басқа да жемістерде көбінесе байланысқан күйінде, дисахаридтер мен полисахаридтер құрамында кездеседі. Глюкоза суда жақсы ериді, тәттілігі сахарозадан екі есе кем.
2. D-фруктоза. Бұл қант негізінен жемістерде ,В-аномер түрінде кездеседі. Және жеміс қанты деп те аталады. Бос күйінде бал құрамында болады. Суда жақсы ериді.
3. D-галактоза. Бос күйінде кездеспейді,липоидтер-цереброзидтер құрамында, нерв ұлпасы ганглиозидтерінде болады жіне ми клеткаларының түзілуінің пайда болуында маңызды роль атқарады. Ол сүт қанты құрамына кіреді. Суда ериді.
4. D-манноза. Бұл қант адамның және жануарлардың ағзасында кездеспейді, өсімдік құрамында көп.
5. Құрамында азоты бар гексозалар миноқанттар деп аталады. Бұлардың молекуласындағы гидроксил тобының екінші қалпындағы орныны амин тобы басқан. Олар барлық тірі клеткаларда кездеседі. Аминоқантар гликопротеидтердің, гликолипидтердің және басқа да биологиялық маңызды қосылыстардың құрамына кіреді.
6. Пентозалар. (п -- 5)Пентозалар табиғатта кең таралған. Бос күйінде кездеспейді. Пентозалардың ішінде ең маңыздылары: D-рибоза, D-дизоксирибоза, D-ксилоза.
Клеткадағы көмірсулар тотығу және энергия бөлу үшін ең тиімді субстрат. Бірақ клетка энергетикалық материал ретінде глюкозаны қор үшін жинай алмайды. Әсіресе қаңқа бұлшық еттерінде және бауырда қор үшін жиналатын тиімді көмірсу - гликоген. Қандағы глюкозаның айтарлықтай бөлігі осы ұлпаларда жиналады да, гликогенге айналады. Бұл процесс гликогенез (гликоген түзілу) деп аталады. Гликогенез шағын мөлшерде жануарлардың барлық ұлпаларда дерлік кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет