Азық-түлік — адамның тіршілік көзі. Азық-түлік қорымен үздіксіз қамтамасыз ету — адамзат қоғамының басты мақсаты. Азық-түлік молшылығын қамтамасыз ету үшін жер, су тағы басқа ресурстар кеңінен пайдаланылады. Азық-түлікті жыл сайын өндіру ауа райына, құрлықтың жер сипатына тығыз байланысты. Азық-түлік қоры дүние жүзінде әр түрлі қалыптасқан. Қазақстанда 800-ден аса өсімдік және мал өнімдері шығарылады. Тамақ өндірісінің 32%-і ет және одан шығатын өнімдерді шығаруға негізделген. Ет өнімдерін шығаратын өндірістер негізінен Алматы, Петропавл, Орал тағы басқа қалаларда орналасқан. Балық өнімдері Атырау балық өнімдері зауытында өңделеді.
Студенттерге «Биохимия» пәні Биологиялық химия - тіршіліктің молекулалық негізі жөніндегі ғылым. Ол тірі организмдердің химиялық құрамын, тірі материяда болатын химиялық реакцияларды зерттейді. Биологиялық химияның атауы «bіоs» - тіршілік, өмір деген грек сөзінен шыққан. Демек, ана тілімізге аударып айтатын болсақ, биологиялық химия - тіршілік химиясы деген мағынаны білдіреді. Осмос және осмостық қысым. Диффузия. Буферлік жүйе және қанндағы буферлік жүйе. Витаминдер, майда және суда еритін витаминдер. Ферменттер, жәй және күрделі ферменттер. Маңызды коферменттер. Биологиялық тотығу. Көмірсулар және олардың метаболизмі. Липидтер және олардың метаболизмі. Белоктар және олардың метаболизмі. Нуклеин қышқылдары, ДНҚ, РНҚ (репликация және мутация). Судың және минералдық заттардың алмасуы. Табиғи қосылыстардың және клетканың құрылымдық негізгі элементтері мен ағзадағы зат алмасу процесіне қатысатын заттардың кұрылымын білу олардың белгілі бір жағдайда қоршаған ортадағы химиялық әсерін және биохимиялық процестерде табиғи қосылыстардың, олардағы функционалдық топтарының өзгеруін болжайды.
Биотехнология микробиология, биохимия, генетика, электроника, химиялық, биохимиялық және механикалық технология, тағам өнімдерін алудағы ғылыми негіздерді және тағамдық технология сияқты ғылым салаларының жетістіктерін пайдаланады.
Сонымен, биологиялық химия биотехнологиялық өнім алуда бірнеше ғылыми салалар үлесін қосады, соның ішіндегі маңыздылары:
Организмдегі биохимиялық процестер үш түрлі бағытта зерттеледі: статикалық биохимия— организмнің химиялық құрамын анықтайды; динамикалық Биохимия — организмдегі биохимиялық қосылыстардың бір түрден екінші түрге айналу жолдарын зерттейді; функционалдық Биохимия — тіршілік әрекетіне арқау болатын химиялық құрылымдарды, процестерді зерттейді. Организмдердегі қоректік заттарды сіңіруінен (анаболизм) бастап, олардың толық ыдырауына (катаболизм) дейінгі биохимиялық реакциялардың барлығы — бүкіл тірі организмдердің басты және тұрақты белгісі — зат алмасуға негізделген. Сондықтан да организмдегі зат алмасу, яғни метаболизм процестерін терең зерттеу Биохимияның негізгі міндеттерінің бірі. Биохимия биологиялық, химиялық, медициналық ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Ол жеке ғылым ретінде 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. 20 ғасырдың басында Биохимия адам биохимиясы (оған медициналық биохимия да кіреді), өсімдіктер биохимиясы, жануарлар биохимиясы, микроорганизмдер биохимиясы болып бөлінді.
динамикалық биохимия; организмдегі биохимиялық қосылыстардың бір түрден екінші түрге айналу жолдарын зерттейді;
функционалдық биохимия — тіршілік әрекетіне арқау болатын химиялық құрылымдарды, процестерді зерттейді;
Организмдердегі қоректік заттарды сіңіруінен (анаболизм) бастап, олардың толық ыдырауына (катаболизм) дейінгі биохимиялық реакциялардың барлығы — бүкіл тірі организмдердің басты және тұрақты белгісі — зат алмасуға негізделген.
организмдегі зат алмасу, яғни метаболизм процестерін терең зерттеу микро- және макроорганиздердің жасушаларын культивирлеу;
өсімдік ақуызы және оның биохимиялық қасиеттері ашылып, бидай, т.б. бағалы тағамдық дақылдардың құрамындағы ақуыз мөлшерін молайту жолдары анықталды
Биотехнология көпсалалы және орасан зор ғылымға толы өндіріс. Ғылыми және өндіріс мақсатында биотехнология биохимилық, микробиологиялық, химия-аналитикалық және басқада фундаметалды ғылымдарда құрастырылған және қолданылатын, биотехнологияның негізін құрайтын зерттеу әдістерін пайдаланады.
Биотехнологияның дербес ғылыми бағытта қалыптасуы өз әдістерінің дамуына әкелді. Ол бионысандарды культивирлеу, биомассаны ферменттеу, алатын өнімді тазалау және оқшаулау әдістері.
Биохимия жаңа бағыттағы физикалық-химиялық биология және биотехнология ғылымдарының негізін құрайды. Физикалық-химиялық биология мен биотехнология проблемаларын шешуде биология, физика, химия, математика және басқа ғылымдардың идеялары мен әдістері кеңінен қолданылады.
Табиғи қосылыстардың және клетканың құрылымдық негізгі элементтері мен ағзадағы зат алмасу процесіне қатысатын заттардың кұрылымын білу олардың белгілі бір жағдайда қоршаған ортадағы химиялық әсерін және биохимиялық процестерде табиғи қосылыстардың, олардағы функционалдық топтарының өзгеруін болжайды.
“Биохимия” - тірі организмнің химиялық құрамын және онда жүретін химиялық реакцияларды зерттейтін ғылым. Ол тірі материяны жоғары деңгейдегі құрылымында және клеткада жүретін барлық құбылыстарды терең түсінудің негізі. Клеткалық биология, генетика, физиология және т.б. фундаментальды биологиялық пәндерді жете меңгеру мүмкін емес.
Азық-түлік өнімдерінің биохимиясы - оқытудың мақсаты студенттерге тірі организмнің химиялық құрамы, құрылысы, клетканың қасиеттері және ондағы зат пен энергия алмасуы туралы терең білім беру.
Биохимия оқытудан бұрын берілетін пәндерге: биофизика, бейорганикалық және аналитикалық химия, биоорганикалық химия, физикалық және коллоидтық химия жатады.
Биохимия пәні - тығыз байланыста жүргізілетін пәндер - физиология, биотехнология, гендік инженерия, жалпы биология және вирусология, микробиология.
Биохимия - курсын өткеннен кейін студенттер тірі организмнің химиялық құрамын, витаминдердің, гормондардың және ферменттердің әсер ету механизмін, тірі организмдегі зат алмасу мен энергия бөліну заңдылығын білуі кажет. Студенттер қазіргі заманғы биохимиялық тәсілдермен биологиялық активті заттарды зерттеуді және алған білімдерін болашақ мамандықтарына қолдана білулері кажет.