1) физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі; 2)физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді; 3) бірқатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық қысымның, қандағы глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді. Ішкі секреция бездерінің, гипофиздің гормондары және гипоталамустың гормондары жақсы зерттелген. Гипоталамус эндокрин жүйесін негізгі реттеуші болыптабылады және мұнда «өте күшті гормондар» немесе «нейрогормондар» түзіледі. Олар басқа клеткаларда да гормонның түзілуіне әсер етеді.
Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметін, одан бөлініп шығатын секреттерді және зат алмасуды гормондардың реттеу механизмін зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.
Эндокринологияның негізін қалаған француз ғалымы Броун-Секар. Ол 1890 жылы жас қошқарлардың енінен алынған экстрактқа қатысты классикалық тәжірибе жасады. Ондай экстракты кәрі қошқарлардың денесіне (терісінің астына) құяды, оны бірнеше рет қайталағаннан кейін кәрі қошқарлар ширайды, олардың қимыл-әрекеті жігерлі бола бастайды, тіршілік қабілеті жақсарады, қан қысымы қалпына түседі, жем-шөпке тәбеті артады.
Соңғы кездерде өсімдіктерден де олардың өсуін реттейтін гормондар табылды. Химиялық табиғатына қарай гормондар 4 топқа бөлінеді. Белоктық және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары.
Тироксин, адреналин, норадреналин, т. с. с. амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар.