Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


ДНК биосинтезі мен репликациясы



бет19/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
ДНК биосинтезі мен репликациясы

Организмдер клеткалардың бөлінуі нәтижесінде осіп-жетіледі. Клеткалардың болінуі кезінде ДНҚ молекуласы да қосарланады. Бұл кезде ДНҚ-ның қосқабат спиралі жазылып, сутектік байланыстардың үзілуі нәтижесінде сәйкестік-үйлесімдік (комплементаралық) тізбек ажырайды. Сөйтіп жеке тізбектер пайда болады.


ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі репликация деп аталады.
Репликациянын молекулалык механизми.
ДНҚ молекуласының жаңа тізбегінде нуклеотидтер арасындағы байланысты ДНҚ-полимераза катализдейдІ. ЕкІншІ фермент ДНҚ-лигаза ДНҚ фрагменттерін біртұтас тізбек етіп өзара байланыстырады.
ДНҚ репликациясының мұндай процесі жартылай консервативтік процесс деп аталады, өйткені жаңа түзілген ДНҚ молекуласында бір тізбек ескі болады да, екінші тізбек-қана жаңадан синтезделеді.
Сонымен организмнің бүкіл белгісі ДНҚ молекуласында орналасады және оларды ген аныөтайды.

Геннің химиялық табиғаты

Ген дегеніміз – организмнің қандай да бір белгісін анықтайтын, тұқым қуалау затының бірлігі. Әр ген әрбір белоктың синтезң үшін жауапты.


Химиялык тұрғыдан, ген дегеніміз – озара байланысқан нуклеотидтердің ұзын тізбегінен құралган ДНҚ молекуласының учаскесі.
Белгілі бір геннің хромосомдағы орналасатын жері локус д.а. Бір организмнің хромосомаларындағы барлық гендерінің жиынтығы геном д.а. Сонымен геном дегеніміз – белгілі бір организмнің генетикалық қасиетттерінің бәрін өзінде сақтаған барлық ДНҚ молекуласы болып табылады.
Бір генде бір ғана полипептидтік тізбек синтезделеді. Молекулалық генетиканың негізгі ережелерінің бірінде: бір ген - полипептидтик бір тізбек делінген.

Рибонуклеин қышкылдары
РНҚ биосинтезі

ДНҚ молекуласында организмнің тұқым қуалайтын қасиеттері орналасқан.


РНҚ-ның барлық түрі ядро ішінде, ДНҚ молекуласында синтезделедІ. Бұл процесс транскрипция д.а. және оны РНҚ-полимераза ферменті катализдейді. Транскрипция кезінде РНҚ-полимераза ДНҚ-мен қосылысады да, қоскабат спиральды ажыратып жазады.
Транскрипция процесі үшін ДНҚ-ның екі тізбегі де қажет. РНҚ тузілу үшін матрица ретінде бір тізбек қана қызмет етеді, сол тізбектен кошірме түсіріледі.
Үш түрлі РНҚ синтезделеді. Олар: рибосомдық РНҚ (рРНК), информациялық немесе матирцалық РНҚ (иРНҚ немесе мРНҚ) және транспорттық РНҚ (тРНҚ).
Алғашында барлық РНҚ ұзын алғы зат ретінде тузіледі, кейіннен олар қысқа молекулаға айналады. Мұндай айналып өзгеру бірнеше кезеңді басынан өткізеді және «процессинг» (пісіп жетілу) деп ат. Алғы заттар және процессингтің аралық өнімдері пре-РНҚ д.а.
Процессинг кезінде ферменттердің әсер етуімен алғы заттан нуклеотидтер үзіліп болінеді және одан кейін қайта қосылады, өйтекні ДНҚ қурамындғы ген бүкіл молекула бойында бөлек-бөлек болып шашырай орналасқан. Бұл процесс кезінде де азотты негіздер метильденеді немесе гидрленеді. «Пісіп жетілген» РНҚ молекуласы ғана өзінің тікелей міндетін атқара алады.
Туқым қуалау маліметін беруде және белоктар биосинтезі кезінде әр РНҚ белгілі бір кызметті атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет