К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин)
1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы рет балапандарды төмендегідей құрамнан тұратын жасанды тамақпен: 66 % крахмал, 18 %казеин, 4,5 % тұз қоспасы, 2,5 %клетчатка мен ашытқылар экстрактысы, А мен Д витамидері бар балық майымен қоректендіргенде 1-2 аптадан кейін ет пен тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Ал егер жасанды тағамның құрамындағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасымен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған.
К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе биде мен жоңышқа жапырақтарында көп кездеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табылды, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадан дайындалған балық ұнында ол кездеспейді, себебі микроорганизмдер балықта филлохинонды синтездейді екен.
К витаминнің жалғыз ғана қызметі – ол қанның ұюына қатысады. К витаминдері күнделікті жиі пайдаланылатын тағамдарда жеткілікті мөлшерде кездесіп отырады және ішектегі кейбір бактерияларының әсерімен жаңадан пайда боады. Сондықтан, бұл витаминнің ағзада жетіспеуі тек кейбір аурулардың салдарынан, көбінесе өт қабы, бауыр және өт жодарының зақымдалуынан байқалады. Себебі К витамині өттте еріп, ішектен бүкіл денеге сіңіріледі.
К витаминіне әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер, сәбіз, капуста, тамат, қалақай жапырағы бай келеді. Сол сияқты К витамині бауырда, жұмыртқада, сүтте кездеседі. Адамға қажетті мөлшері күніне 0,2 -0, 3 мг.
F витамині (қанықпаған май қышқылдары)
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, егер тағамның құрамында өсімдіктер майы болмаса, онда адам организмде липидтер алмасуы бұзылып, қан тамырлары қабырғаларында холестерин заты көп мөлшерде жиналады екен. Өсімдіктер майлары құрамында кездесетін 18-20 көміртегі атомдары бар қанықпаған май қышқылдары липидтер алмасу процесіне, әсіресе холестериннің алмасуына өте қажет-ақ.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері
Қанықпаған май қышқылдары қатарына линол С18, линолен С18 және арахидон С20 қышқылдары жатады. Линол қышқылы –
Достарыңызбен бөлісу: |