Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет64/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Дәріс 15
Гормондар
Дәріс жоспары:

  1. Гормондардлың химиялық табиғаты. Ішкі секреция бездері.

  2. Қалқанша безінің гормондары

  3. Ұйқы безінің гормондары

  4. Белокты және стероидтық гормондардың әсер ету механизмі.

Гормондар - ішкі секреция безде-рінен бөлініп шығатын кіші молекулалы органикалық заттар. Олардың түзілуін, бөлініп шығуын орталық жүйке жүйесі басқарады. Гормондар адам, жануарлар организмінде, сондай-ақ өсімдіктерде бар-лық тіршілік процесін реттейді.
Эндокрин (гректің еndokrin - ішке шығарамын деген сөзінен шыққан) бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысана - клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзақ болады.
Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады. Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршілік әрекетін, организмдегі зат алмасуын орталық жүйке жүйесі басқарып отырады.
Сонымен, гормон дегеніміз биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық зат.
«Гормон» деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hormao - қоздырамын, қозғалтамын), оны ғылыми ұғым ретінде 1904 жылы У. Бэйлисс пен Э. Стерлинг енгізген.
Гормондар тек нысана-клетка деп аталатындарға ғана әсер етеді, ол клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (rесерtor - қабылдаушы деген латын сөзінен шыққан) болады, ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка ішіне орналасқан және олармен байланысқан. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық процестерге әсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның жарты өмірі ұзақ емес, әдетте ол бір сағаттан кем.
Гормондар организмде аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет