Дәріс №1
Белоктардың құрылымы және ферментативтік катализ
Кіріспе. Биохимия пәні нені оқытады?
Өмірдегі тіршілік жүйесіндегі жүріп жатырған химиялық процестерді зерттейтін пәнді биохимия оқытады. Басқаша айтқанда, биохимия өмірдегі химиямен байланысты ғылымды оқытады. Бұл, мейлінше жас ғылым болып табылады. Аталған ғылым 20-шы ғасырды пайда болған. Негізінде биохимия курсы үш бөлімнен тұрады:
Жалпы биохимия – ең қарапайым микроағзалардан бастап адамның жалпы химиялық құрамы заңдылықтарын және тірі ағзалардың әртүрлі зат алмасу процесін зерттейді.
Арнайы биохимия – арнайы тірі жан топтарында болып жатырған химиялық процестердің ерекшеліктерін зерттейді. Мысалы, өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың және микроағзалардың биохимиялық процестерін зерттейді.
Функционалдық (қозғалыстағы) биохимия – өмірдің негізгі ерекшеліктеріне байланысты арнайы ағзаларда болып жатырған биохимиялық процестердің ерекшеліктерін зерттейді.
Биохимия саласында дене шынықтыру және спорттың дамуы спортшылар мен жаттықтырушылардан жоғары деңгейдегі білім, білік және дағдыны талап етеді. Бұл дегеніміз, тірі ағзаның химиялық және молекулярлық деңгейде қалай жұмыс жасауын түсініп, білмей қазіргі заманға спортта жетістікке жету мүмкін еместігін көрсетеді. Қазіргі кездегі көптеген жаттығулар мен қайта қалпына келтіру әдістемелері ағзаның тек ғана субжасушалық және молекулярлық деңгейдегі жұмыс жасауына негізделген. Биохимиялық процестерді түбегейлі түсінбейінше, спорт құрдымға батыратын – допингпен күресу мүмкін емес.
Белоктардың биологиялық ролі.
Ағзадағы белоктардың маңыздылығын бағаламауға болмайды. Сондықтанда, біз оқып отырған, курс биоорганикалық қосындысының ролін сипаттау мен құрылымынан басталады. Ағзадағы белоктар келесі функцияларды орындайды:
Құрылымдық немесе пластикалық функция.
Каталитикалық функция.
Қысқартатын функция.
Реттейтін функция.
Рецепторлық функция.
Тасымалдау функциясы.
Қорғану функциясы.
Энегетикалық функция.
Достарыңызбен бөлісу: |