2.5 тақырып. Ғимараттың ішіндегі өртке қарсы қолданылатын су көздері.
1. Өртке қарсы қорғау жүйесінде өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешу үшін, оның даму процесінде өрттің тәртібін, өрттегі жағдайды дұрыс бағалауды білу қажет. Өрт дамуының жобалауы жанудың таралу жылдамдығы мен бағытын, өрттің даму ұзақтылығын, температураның уақытта өзгеру және газ ортасының компоненттерін, газ алмасу қарқындылығының есептеу әдістерін және өрттің басқа да параметрлерін қолдануды ұсынады.
Әрбір өрт, түрлі құбылыстарды анықтайтын жағдай түрінде болады, мысалы, өрт кезінде жел жылдамдығы мен бағытының өзгеруі. Сондықтанда өрттің дамуын жобалау мүмкін емес. Бірақ өрттер жалпы заңдылықтарға ие.
Өртте болатын негізгі құбылыстар – бұл газо- және жылуалмасу процесстерінің жануы. Олар уақыт пен кеңістікте өзгереді және өрт параметрлерімен сипатталады. Өрт қоршаған орта заттары және энергиясымен ашық термодинамикалық жүйе ретінде қарастырылады.
Өртте болатын процесстерді және оларды сипаттайтын параметрлерді қарастырайық.
Өртте жанғыш заттар мен материалдардың жану процесі тотығудың химиялық реакциясы және физикалық құбылысы түрінде өтеді, онсыз жану мүмкін емес.
2. Жанудың негізгі шарттары болып табылады: жанғыш заттардың болуы, тотықтырғыштың химиялық реакция аймағына өтуі және жылудың үзіліссіз бөлінуі.
Заттар мен материалдар бойымен жану процесінің таралуы және пайда болуы біртіндеп өтеді. Жану көзі жанғыш затқа әсер етеді, оның қызуын тудырады, бұл жағдайда беттік қабат қатты қызады, беттіктің белсенділігі өтеді, термиялық және физикалық процесстерден заттар мен материалдар буланады, аэрозольді қоспалардың түзілуі өтеді. Түзілген газ тәрізді өнімдер экзотермиялық айналымға өтуге қабілетті, ал жанғыш материалдардың қатты бөлігінің дамыған беттігі оның ыдырауына қабілетті. Газ тәрізді өнімдердің бу концентрациясы, булану деструкциясы критикалық мәнге жетеді, заттар мен материалдардың қатты бөліктерінің газ тәрізді өнімдері тұтанады. Бұл өнімдердің жануы жылу бөлінуге, беттік температурасының өсуіне және жану өнімдері концентрациясының өсуіне әкеледі. Тұрақты жану, химиялық реакция аймағында термиялық ыдыраудың жану өнімдерінің түзілу жылдамдығы тотықсыздану жылдамдығынан кіші болғанда басталады. Онда жану аймағында бөлінетін жылу әсерінен жанғыш заттар мен материалдардың келесі аумақтарында қызу, деструкция, булану және тұтану өтеді.
3.Өртте жану процесінің дамуын сипаттайтын факторлаға жататындар: өрт ауыртпалығы, жану жылдамдығы, материал бетінен жалын таралуының сызықты жылдамдығы, өрт ауданы, жанғыш материалдардың беттік ауданы, жылу бөліну қарқындылығы, жалын температурасы және т.б.
4. Өрт ауыртпалығы еден бетінің бірлігіне қатысты жылу мөлшері түрінде түсіндіріледі, ол өрт кезінде бөлме немесе ғимарат ішінде бөлінеді.
Ғимараттар мен имараттардың есептелген өрт ауыртпалығы заттар мен материалдардың жануын, ғимараттар немесе олардың бөліктерінің геометриялық өлшемдерін, өрт ауыртпалығына қажетті өртке қарсы техниканың бар болуын ескереді. Өрт ауыртпалығын және есептелген өрт ауыртпалығын сол сияқты кг/м2 анықтауға жіберіледі. Онда, объектінің өрт ауыртпалығы 1 м2 ауданға немесе бөлме еденінің ауданына келетін барлық жанғыш және қиын жанатын материалдар массасымен түсіндіріледі.
Есептелген өрт ауыртпалығы өрт ұзақтылығын сипаттайды (ауыртпалық үлкен болған сайын, өрт соғұрлым ұзақ).
5. Жанудың массалы жылдамдығы заттың немесе материалдың агрегаттық күйіне, бастапқы температурасына және басқа да жағдайларына тәуелді. Жанғыш және жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың массалы жану жылдамдығы олардың булану қарқындылығымен анықталады. Қатты заттардың массалы жану жылдамдығы жанғыш түріне, өлшеміне, бос беттік шамасына; өрт температурасына және газалмасу қарқындылығына тәуелді. Массалы жану жылдамдығына қоршаған ортадағы оттегі концентрациясы өз әсерін тигізеді.
6. Жалынның сызықты таралу жылдамдығы (өрттің) берілген бағытта уақыт бірлігінде жалын майданының қозғалысымен сипатталады. Ол жанғыш заттар мен материалдар түрі және табиғатына, бастапқы температураға, жанғыштың тұтануға қабілеттілігіне, заттар мен материалдар бетіндегі жылулық ағын тығыздығына тәуелді.
7. Қоршаулардағы өрт температурасы бөлмедегі газды ортаның орта көлемді тнмпературасымен түсіндіріледі, ашық кеңістіктердегі өрт температурасы – жалын температурасымен. Қоршаулардағы өрт температурасы, ереже бойынша, ашық кеңістіктегіге қарағанда төмен болады.
8. Жану процесін сипаттайтын ең басты параметрлердің бірі өрт кезінде жылу бөлудің қарқындылығы болып табылады. Бұл шама өрт кезінде бөлінетін жылу мәніндегі уақыт бірлігіне тең. Ол заттар мен материалдардың жану жылдамдығымен және жылу құрамымен анықталады. Жылу бөлу қарқындылығына оттегі құрамы және орта температурасы әсер етеді, ал оттегі құрамы қоршаулардағы өрттер кезінде бөлмеге ауа қарқындылығының енуіне және ашық кеңістіктердегі өрттер кезінде жалынды жану аймағына ауаның өтуіне байланысты.
9. Ауа ағынымен реттелетін өрттер кезінде, жылу бөліну қарқындылығы келетін ауа шығынына пропорционал:
мұндағы,– жанудың толық коэффициенті; η – уақыт бірлігінде қатты немесе сұйық күйден газ тәрізді күйге ауысуы кезінде келетін заттар мен матиериалдардың жану жылдамдығы; – келетін ауадағы оттегі концентрациясы; L1 – жанғыш материалдың жануына қажетті оттегінің теориялық мөлшеріество; G – бөлмеге енетін ауа шығыны, м3/с;
Ғимараттар мен бөлмелердің түтіндену процессі жану кезінде түзілген және ғимараттан жойылатын Vуд түтін мөлшеріне тәуелді. Егер бұл айырмашылықты бөлме көлеміне W теңестірсек, түтіндену қарқындылығын аламыз, м3/(м3с):
(1.9)
мұндағы W – бөлме көлемі, м3; z – түтін концентрациясы (пайыз үлесінде).
Достарыңызбен бөлісу: |