Дәріс 1 Дүниетануды оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері. Мазмұны



бет5/28
Дата09.05.2023
өлшемі136,83 Kb.
#91298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Д ріс 1 Д ниетануды о ыту дістемесіні ма саты, міндеттері. Маз

В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп аталады. Ол «Қазбалар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі жаратылыстану бойынша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы жаратылыстанудың негізгі оқулық ретінде қолданылды.
XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Жаратылыстануды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Жаратылыстану жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде жаратылыстану пәнін 2 - класс пен 4 - класта оқытылды.
Осы кезеңде жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға және А.Я.Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А.Я.Герд жаратылыстану оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі бір көзқарас қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы жаратылыстанудың мектептік курсын құру жоспарын жариялады. Осы жоспар бойынша 2-және 3-класта табиғаттың органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсынылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау, жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т.с.с. материалдар кірді.
А.Я.Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте жекелеген жаратылыс ғылымын оқып білуге орын жоқ, табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу керек дегенді насихаттайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы мен «Заттық сабақтар» деп аталатын әдістемелік құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын оқып-үйренуде мұғалімнің негізгі әдістемелік көмекші құралы болып келді. Өзінің әдістемелік еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеялар ұсынады. Айталық;
1. Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білу;
2. Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту;
3. Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу;
4. Бастауыш кластарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан келу;
5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру.
А.Я.Гердтің осы сияқты көптеген идеялары мектеп практикасында көп жылдардан соң, яғни тек біздің уақытта кең қолдау тапты.






№ 4
дәріс



Дәріс 4. Жаңартылған мазмұн бойынша «Дүниетануды» оқытудың ерекшеліктері

Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.


Бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
Қай пәнді оқытқанда да ең алдымен педагогиқалық негізде оқытудың принциптерін жүзеге асыру көзделеді. Оқыту принципі дегеніміз бұл дидактиқалық принциптер яғни білім беруге педагогиқалык тұрғыдан қойылатын талаптар. Дидактиқалық принциптер (ғылымилық, жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, саналы меңгеру, нақты мен абстракті ойдың бірлігі, түсініктілік, білімңің беріктігі, жеке және ұжымдык әрекеттердің бірлігі т. б. ) бірлікте, бірін-бірі толықтырып отырады.
Осы жоғарыда аталған принциптер тұрғысынан қарасақ, жаратылыстанудың жалпы негізі тек ғылыми деректер арқылы беріледі. Бұл пән әр зат пен құбылыстың ғылымда айкындалған тұстарын ғана оқушыларға ұсынады.
Пәннің ғылыми мазмұнын оқушыларға меңгерту мәселесіне байланысты бірнеше педагогиқалык талаптар қойылады. Ең басты талап, оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін дамытып, адам - табиғат - қоғам арасындағы байланысты нақты мысалдар мен деректерге сүйене отырып материалистік тұргыда ұғындыру. Осының негізінде оқушылардың коршаған ортаға деген дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеу, дамыту.
Дүниетану бағдарламасы бірнеше дидактиқалық принциптерді жүзеге асырады:
І. Кіріктіру принципі - ғылыми жаратылыстанулық білім мен адам әрекетінің түрлері және қоғам туралы ұғымдар кіріктіріліп біртұтастылықта беріледі. Адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның іс-әрекеті үнемі табиғи ортада, қоғамда (отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта) бір-бірімен байланысты қаралады. Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезінде адам әрекеті солармен бірлікте, байланыста қаралады.
2. Жас ерекшелігін ескеру принципі қамтамасыз етіліп, бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңіл, психологиялық ерекшеліктеріне лайықты, өмір тәжірибесі мен білім деңгейлеріне сай материалдар қамтылады.
3. Мәдениеттендіру принципі ескеріліп, оқушылардың жалпы мәдениетін көтеруге лайықты, жеке бас гигиенасын сақтауға, жергілікті мәдени орталықтармен таныстыруға, жалпы халықтық, ұлттық мәдениетті түсінуге лайыкты әдебиет, сәулет, өнер, ғылым адамдары туралы мәліметтер қамтылады.
4. Экологиялық принцип қамтамасыз етіліп, әр сынып сайын оқушының өзін-өзі бағалауы, өз әрекетін басқаның пайдалы әрекет өлшемдерімен салыстыруы, табиғатқа адамдарга, бүкіл қоршаған ортаға жағымды, мәдени, адами қатынастар жасауға икемділіктерін дамытуға бағытталған материалдар беріледі.
5. Өлкетану принципін жүзеге асыру үшін әр тарау және әр сыныпта оқылатын тақырыптар жергілікті материалдармен тығыз байланысты оқытуға мүмкіндік беретіндей құрылымда берілген.
6. Білімнің ғылымилық принципін жүзеге асыру мақсатымен жоғарғы сыныптарда оқытылатын «География», «Тарих», «Қоғамтану» пәндерінің негізін калайтын ғылым жүйесі қамтылған.
7. Бағдарламалық талаптар негізінен басты мынандай мақсаттарды жүзеге асыруды қарастырады: білімдік, тәрбиелік, дамытушылық пәнаралық.
Әр пәннің бағдарламасына сол пәннің ғылыми мазмұнымен қатар ғылыми негізді меңгеру барысындағы оқушылардың оқу әрекеттері және жекебас дамуының, тәрбие беру нормалары да (қарым-қатынас, этиқалық. эстетиқалық, адамгершілік) енеді. М. А. Данилов мектептегі пән бағдарламалары қамтитын жалпы мәселелеріне тоқтала келіп, «Программа фиксирующая содержание учебного предмета, определяет методы преподавания, характер дидактических пособий, сроки обучения и другие моменты учебного процесса» - деп көрсетеді.
Педагогика ғылымы ретінде «Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі келесі дидактикалық ұстанымдарға негізделеді:
1) Тарихи және логикалық бірлік ұстанымы курстың мазмұны мен оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихын, пәннің даму кезеңдері мен қазіргі жағдайын, бастауыш сыныпта жаратылыстану және қоғамтануды оқыту процесінің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл қағида дереккөздерді, мұрағат материалдарын, бағдарламалар мен оқулықтарды қарастырып отырған мәселе бойынша салыстырмалы тарихи талдау арқылы әдістемелік мұралармен және заманауи зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Ғылыми жетістіктерді талдау барысында құндылықтар іріктеліп, себеп-салдарлық байланыстар анықталып, білімді қалыптастырудың логикалық тізбектері құрылады;
б) Ғылыми және қолжетімділік ұстанымы, бұл курс мазмұнын студенттерге түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, «Дүниетану» пәнін оқыту кіші жастағы оқушыларды объективті фактілермен, заңдармен және ғылыми теориялармен танысуды қамтамасыз етеді, алайда бейімделген материал олардың жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей түсінікті тілде берілуі керек.
Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін оқу материалдарын мұқият іріктеу қажет. Осылайша бір жағынан, студенттерде әлем туралы ғылыми түсініктердің берік жүйесі қалыптасады және екінші жағынан, болашақ мұғалімдерге кіші жастағы оқушыларға материалды түсінікті етіп жеткізу үшін қажетті әдістемелік білім мен дағды қалыптасады.
в) жүйелілік ұстанымы, курстың психологиялық-педагогикалық, жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық құрамдас бөліктеріне қатысты білім мен дағдылар өзара байланысты күрделі жүйе ретінде қарастырылады;
г) интеграция ұстанымы, біріншіден, ғылыми таным әдістерінің ортақтығына, екіншіден, ғылымның әртүрлі салаларынан ақпараттарды біріктіретін курс мазмұнының ерекшелігіне, сондай-ақ қалыптасатын құзіреттіліктердің кешенді сипатына байланысты. «Дүниетану» курсының әрбір мазмұндық компонентін оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби қызметке дайындау мәселесі қамтылады;
д) сабақтастық ұстанымы, білім алушының алдыңғы алған білімін оқыту процесінде ескеру, сондай-ақ білім берудің жоғары деңгейінің талаптары мен даму перспективалары ескеріледі.

2

5-6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет