3. Дәріс тезисі: жұқпалы аурулармен күресудегі барлық шаралар екі топқа бөлінеді: алдын алу шаралары, адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болмауына бағытталған және эпидемияға қарсы, аурулар пайда болған жағдайда олардың таралып кетпеуіне бағытталған. Барлығының да қағидасы – бұл инфекция көзін жою, таралу жолдарын үзу, сау организмнің қабылдамаушылығын жоғарылату яғни эпидемиялық процестің үш тізбегіне әсер ету.