Дәріс 1 Кинематика



бет2/8
Дата25.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#110199
1   2   3   4   5   6   7   8
Механика – денелердің механикалық қозғалысын зерттейді.

  • Механикалық қозғалыс деп дененің басқа денелерге және уақыттың өзгеруіне байланысты орнын ауыстыруын айтады.

  • Механиканың негізгі мақсаты: кез келген уақыт сәтіндегі дененің жылдамдығы мен координаталарын анықтау болып табылады.




    • Кинематика – дене қозғалысының пайда болу себептерін қарастырмайтын және қозғалыстың орын ауыстыруының тек геометриялық қасиеттерін сипаттайтын механиканың бөлімі.

    • Динамика – денелердің өзара әрекеттесу заңдарын, яғни, дене қозғалысының пайда болу себептері мен салдарын қарастыратын механиканың бөлімі.

    • Статика – денелердің тепе-теңдік күйлерін қарастыратын механиканың бөлімі.

    Механиканың негізгі заңдарын италиялық физик және астроном Г. Галилей қалыптастырылған және ағылшын физигі И. Ньютон тұжырымдаған.
    Галилей Ньютон механикасы классикалық деп аталады, өйткені ол вакуумдағы жарық жылдамдығынан едәуір аз жылдамдықтағы макроскопиялық денелердің қозғалыстарын қарастырады. Жарық жылдамдығына жақын жылдамдықтағы денелерінің қозғалысын релятивтік механика қарастырады, арнайы оның басқа атауы - салыстырмалылықтың теория. Элементар бөлшектер қозғалысын қарастырумен кванттық механика айналысады.



    1. Материялық нүкте, санақ жүйесі, орын ауыстыру, жол ұзындығы



    Механикалық қозғалыс - денелердің немесе олардың бөліктерінің уақыт ағымының өзгерісіне сәйкес өзара орналасуы.
    Кинематика (грекше. кіnеmа-қозғалыс) - механиканың бөлімі, онда дене қозғалысының геометриялық қасиеттері, олардың массасын және оларға әрекет ететін күштерді ескерместен зерттеледі.
    Материалдық нүкте - бұл осы тапсырманы қарау кезінде мөлшерлері елемеуге болатын дене.
    Қатты дене деп аталған мәселе жағдайында деформациясы елемеуге болатын денені атайды (табиғатта мүлдем қатты денелер жоқ).


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет