Дәріс 1 Кинематика



бет3/8
Дата25.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#110199
1   2   3   4   5   6   7   8
Санақ жүйесі - қозғалыс зерттелетін денемен байланысты координаттар мен сағаттар жүйесінің жиынтығы. Қозғалысты сипаттау үшін координаттар жүйесін есептеу денесімен (декарттық, сфералық және т.б.) байланыстыруға тура келеді.
Кеңістіктегі материалдық нүктенің орны А нүктесінің радиус - векторының r көмегімен анықталады (1.1 -сурет):

мұндағы, i, j, k – бірлі векторлары (орттар); х, у, z - нүкте координаттары.
Орынауыстыру векторы дегеніміз кезіндегі -дің өсімшесі (1.2 - сурет).

Орынауыстыру векторының модулі - бұл жүріп өткен кесіндінің орын ауыстыруының ұзындығы:




Орынауыстыру модулі қозғалу бағыты өзгермеген жағдайда ғана жүріп өткен жолмен сәйкес келеді.

Сурет - 1.1 Сурет - 1.2

  1. Жылдамдық, орташа және лездік жылдамдық

Жылдамдық - таңдалған есептеу жүйесіне қатысты кеңістіктегі материалдық нүктенің қозғалу шапшаңдығын және қозғалыс бағытын сипаттайтын векторлық шама.

  • Материалдық нүктенің орташа жылдамдығы - бұл ығысу векторының сол ығысуға кеткен уақыт қатынасы:



  • Материалдық нүктенің лездік жылдамдығы - бұл уақыттың берілген сәтіндегі жылдамдық немесе ұмтылған кездегі жылдамдық нүктенің жылдамдық шегі:


мұндағы,
Жылдамдық модулі: 



  1. Үдеу, орташа үдеу, лездік үдеу.

Үдеу - нүкте (дене) жылдамдығының векторы уақыт бірлігі ішінде оның қозғалысы кезінде қаншалықты өзгеретінін көрсететін векторлық шама.
Уақыт бірлігіндегі жылдамдықтың өзгерісінің шамасын үдеу деп атайды.
Орташа үдеу:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет