Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері


). Құрылымдық мутациялар (хромосомалық аберрациялар)



бет28/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
4-Д әрістер жинағы, генетика (2)

3). Құрылымдық мутациялар (хромосомалық аберрациялар). Жалғыз хромосома жұбының құрылымдық өзгерісі хромосома ішілік болып саналады (11-сурет). Жетiспеушiлiк хромосома бөлiгiнiң үзiлiп, жоғалуы. Жетiспеушiлiктiң екi түрiн ажыратады: делеция – хромосоманың iшкi – орта бөлiгiнiң жоғалуы; дефишенси – хромосома ұшының үзiлуi. Хромосоманың үлкен бөлiгiнiң гомозиготалық жетiспеушiлiгi эмбрионның өлiмiне әкеледi. Дупликация – хромосома бөлiгiнiң бiрнеше рет көбеюi. Дупликация ген дозасын және гендердiң орналасу қатарын өзгертедi. Инверсия – хромосоманың iшкi бөлiгiнiң 180о-қа айналуы. Оның парацентрлi және перицентрлi түрлерiн ажыратады. Бiрiншi түрiнде айналатын бөлiкке центромера кiрмейдi, ал екiншiсінде – кіреді. Инверсия кезiнде гендер құрамы өзгерiссiз қалады, бiрақ олардың орналасу қатары өзгерiске түседi.
Хромосома аралық құрылымдық мутацияға транслокация жатады. Транслокация – гомологты емес хромосома бөлiктерiнiң басқа хромосомаға орын алмасуы. Алмасу екі жақты өтсе реципрокты транслокация деп, ал хромосома бөлiгiнiң алмасуы бiр жақты өтсе онда реципрокты емес деп аталады. Шошқада мұндай транслокациялардың бірнеше түрлері белгілі, олардың басым бөлігі жануардың ұрық түзілу үрдісін бұзады.
Робертсон транслокациясы деп акроцентрлi хромосомалардың центромера аймағында субметацентрлi немесе метацентрлi хромосомаға бiрiгуiн түсiнедi. Ірі қарада 1/29 робертсон транслокациясы жиі кездеседі. Оны алғаш рет Робкорн ірі қарада, Бегімқұл Б. К. зебуде тапты. Гетерозиготалы транслокацияда кариотип бір хромосома азаяды (2n = 59), гомозиготалы транслокацияда – екі хромосомаға (2n = 58), нәтижесінде мейоз қалыпты өтпей, малдың көбею қызметі бұзылады.


хромосома ішілік аберрациялар:
Құрылымдық А В С D E
м утацияға дейін Субметацентрлі хромосома

В С D E А D E А В С D E D E




Дефишенси А-бөлік үзілді Делеция ВС-бөлік үзілді Дупликация DE-бөлік еселенді
C В A D E А D С В E

Инверсия
Парацентрлі АВС-бөлік 180айналды және перицентрлі ВСD-бөлік 180айналды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет