Үлкен іріктеме. Орта шамалар арасындағы айырымның ( ) сенімді не сенімсіз екенін анықтау үшін айырымның сенімділік критерийі (эмпиризмдік) есептелінеді:
мұнда .Онан соң 6-кестеден оның теориялық мәндері (tmeop) табылады. Сенімділік критерийінің теориялық мәндерін табу үшін еркін дәреже санын есептейді: v = n1 + n2 – 2. Егер tэмп ≥ tmeop болса, онда арифметикалық орта көрсеткішітері арасындағы айырым сенімді болады. Айырым сенімді деп тұжырым жасағанда оның қателігі ең аз дегенде 5 %-дан аспауы керек (сенімділіктің бірінші деңгейі – Р = 0,95; tэмп = tmeop 0,95). Эмпиризмдік сенімділік критерийі мәні бойынша өзінің кестелік мәнінен аз болып шықса (tэмп < tmeop), онда айырым – сенімсіз болып саналады (өйткені Р < 0,95; қателік 5 %-дан асып түседі).
Мысал. Гемоглобин типі бойынша генотипі әр түрлі қойлардан қырқылған жүн бойынша айырмашылық байқалды. Генотипі гомозиготалы қойлар: (АА) n1 = 116 бас, = 3,80 0,27 кг, 1 = 0,6 кг және генотипі гетерозиготалы қойлар: (АВ) n2 = 208 бас, = 3,12 0,22 кг, 2 = 0,58 кг. Орта шамалар айырымының сенімділігін анықтау керек. . v = n1 +n2 –2 = 116 + 208 – 2 = 322. tmeop = 1,97 – 2,59 – 3,32 (6-кесте). Қорытынды: Айырым сенімді емес (Р < 0,95). Генотипі әр түрлі қойлардан қырқылған жүн бойынша байқалатын айырмашылық кездейсоқ болып саналады.
Мысал. Шаруашылықта өсірілетін өнімділік бағыттары әр түрлі екі сиыр тұқымдарын зерттеу барысында орташа сауылған сүт бойынша айырмашылық байқалды: симментал (n1 = 27 бас) – кг. және әулие ата (n2 = 312 бас) – кг. Орта шамалар айырымының сенімділігін бағалау керек.
Еркін дәреже саны v = n1 + n2 – 2 = 27 + 312 – 2 = 337 болғанда tmeop = 1,97 – 2,59 – 3,32 (6-кесте, Р > 0,99).
Қорытынды: Фермадағы әулие ата сиырлары сүттілігі бойынша симментал сиырларынан 142 кг ( = 3727–3582) асып түседі деп сенімді тұжырымдауға болады (tэмп 3,25 > tmeop 2,59, Р > 0,99) яғни айырмашылық екінші деңгейде мәнді (бұл әулие ата сиырларының 99 %-ы симментал сиырларынан айырмашылығы бар, ал қалған 1 %-ында – жоқ дегенді білдіреді. Былайша айтқанда айтылған тұжырымның қателігі өте аз – бір-ақ пайзға тең).
Шағын іріктеме. Орта көрсеткіштер айырымының қателігін (md) шағын іріктемеде дәлірек анықтау үшін арнайы формулалар қолданылады. Олар салыстырылатын іріктемелердің көлеміне байланысты әр түрлі болады:
n1 = n2 md .n1 ≠ n2 болса md
Мысал. Шаруашылықтағы екі қой тұқымын тірілей салмағы бойынша салыстыру керек: еділбай (n1 = 5): 80 – 76 – 76 – 66 – 77 және гиссар (n2 = 3): 68 – 65 – 71.
9. Қой тұқымдарының салмағы (кг) Орта көрсеткіштер айырымымы-
Тірілей салмақ, кг
|
|
|
ның қателігін есептеу үшін қажет мәліметтер 9-кестеде берілген Қой тұқымдарының орташа салмағы: еділбай = 375/5 = 75 гиссар = 204/3 = 68 кг. Айырымы 75 – 68 = 7 кг.
Енді осы айырымның мән- ділігін бағалау үшін алдымен орта-
|
еділбай
|
гиссар
|
еділбай
|
гиссар
|
еділбай
|
гиссар
|
80
76
76
66
77
|
68
65
71
–
–
|
+5
+1
+1
–9
+2
|
0
–3
+3
–
–
|
25
1
1
81
2
|
0
9
9
–
–
|
Σхi = 375
75
|
Σхi = 204 –
68 –
|
–
–
|
112
|
18
|
=130
|
лар айырымының қателігін, онан соң айырымының эмпиризмдік критерийін есептеу керек:
8-кестеде v = n1 + n2 – 2 = 5 + 3 – 2 = 6 болғанда tst.0,95 = 2,45. Эмпиризмдік t критерийдің абсолюттік мәні өзінің стандарттық мәнінен кем болып шықты.
Қорытынды: шаруашылықтағы еділбай және гиссар қойларының орташа салмағында сенімді айырмашылық жоқ яғни олардың салмағы бірдей, ал орта шамалар арасында байқалатын айырымашылық кездейсоқ болып саналады (Р < 0,95).
Мысал. Жануардың фагоцитоздық активтілігі (1 мм3 қанға мың микробтың жұтылуы) жоғарылағанда оның ауруларға төзімділігі де артады. Осыған орай тәжірибе мен бақылау топтарына бөлінген бұғылардың орташа фагоцитоздық активтілігі бойынша байқалатын айырмашылықтың сенімділігін бағалау керек. Қажет мәліметтер 10-кестеде берілген.
Мысалда n1 = n2 сондықтан формуласын пайдаланамыз:
Еркіндік дәрежелер саны бойынша v = 6 + 6 – 2 = 10 болғанда tтеор = 2,23 – 3,17 – 4,59 (8-кесте). Демек, тәжірибе тобы қанының орташа фагоцитоздық активтілігі бақылау тобынан асып түседі. Айтылған тұжырым ықтималдықтың бірінші деңгейінде сенімді (Р > 0,95).
Достарыңызбен бөлісу: |