10. Бақылау және тәжірибе тобының фагоцитоздық активтілігі
Фагоцитоздық активтілік, мың/1 мм3, хі
|
|
|
бақылау
|
тәжірибе
|
бақылау
|
тәжірибе
|
бақылау
|
тәжірибе
|
1,04
0,41
0,64
0,44
0,66
0,50
|
1,22
0,88
0,58
1,24
1,05
0,98
|
+0,42
–0,21
+0,02
–0,18
+0,04
–0,12
|
–0,23
–0,11
–0,41
+0,25
+0,06
–0,01
|
0,1764
0,0441
0,0004
0,0324
0,0016
0,0144
|
0,0529
0,0121
0,1681
0,0625
0,0036
0,0001
|
Σхi = 3,69
0,62
|
Σхi = 5,95
0,99
|
–
–
|
–
–
|
0,2693
|
0,2993
|
=0,5686
|
Негізгі терминдер: статистикалық қателіктер, сенімділік деңгейлері және критерийлері, Стьюдент критерийі, ықтималдық, мәнділік.
Әдебиет:
Б. К. Бегімқұл. Биометрия. Алматы. Нұр Принт, 2012, 127–135, 142–154 б.
Б. К. Бегімқұл. Генетика. Алматы. Фолиант, 2011, 294–324 б.
Е. К. Меркурьева. Биометрия в селек. и генет. с.-х. ж.-х. М., Колос, 1970, с.216–228.
Г. Ф.Лакин. Биометрия. М., Высшая школа, 1970 г, с. 95–110.
Н. А. Плохинский Биометрия. М., МГУ, 1980. с. 19–39.
Дәріс №11. МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГIШТIК
Дәріс жоспары:
1)Мутациялық өзгергіштік. (мутация, мутагенез, мутант). Генеративтік және сомалық мутациялар.Ген мут-ң шығу се-бептері,молекулалық механизмі.
2)Мутацияның генотип бойынша жіктелуі( гендік, геномдық, құрылымдық) 3)Геномдық мутациялар(анеуплоидия,по-липлоидия, пайда болу себептері, тіршілігі,көбейуі т.б.)..
1. Мутация және оның жіктелуі
Сыртқы ортаның әсерiнен пайда болған фенотиптiк өзгергiштiк модификациялық деп аталады. Мұнда ген әсерiнiң көрiнiсi сыртқы ортаның белгiлi бiр жағдайының әр түрлi болуына байланысты өзгеруi мүмкiн. Геннiң өзi өзгермейдi, өзгерiс тұқым қуаламайды. Мутация деп генетикалық материалдың генотиптiң яғни хромосоманың немесе геннiң кенет өзгерiсiн түсiнедi. Мутацияның пайда болуы мутагенез, ал оның нәтижесiнде пайда болған организм мутант деп аталады. Табиғи жағдайда мутацияның өздiгiнен пайда болуы спонтанды мутагенез, ал мутацияның тәжiрибелiк жолмен адамның әрекеті арқылы алынуы жасанды мутагенез деп аталады.
Клетка типi өзгерiсiне орай генеративтiк және сомалық мутацияларды ажыратады. Генетикалық тұрғыдан бiздi генеративтiк мутация қызықтырады, өйткенi жыныс клеткасында пайда болған өзгерiс ұрпаққа тұқым қуалайды.
Генотиптiң өзгеру сипаты бойынша гендiк геннiң өзгеруi, құрылымдық хромосома құрылымының өзгеруi және геномдық мутация ( хромосома санының өзгеруi) түрлерiн ажыратады. Құрылымдық және геномдық мутациялар хромосомалық деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |