Негізгі терминдер және ұғымдар: генетикалық жүк, генефонд, инбридинг, инбредтік депрессия, микроэволюция,мутация, полиморфизм, популяция, сұрыпталу, Харди-Вайнберг заңы.
Әдебиет
Бегімқұл Б. К. Генетика. Алматы. РИК, 2000. 289 – 316, 343 – 348 бет.
Бегімқұл Б. К. Молекулалық генет. негіз. Астана: Фолиант,2009. 99– 304 б.
Бегімқұл Б. К. Генетика практикум. Астана: Фолиант, 2010.
Айала Ф., Кайгер Дж. Совр. генет. М.:Мир. 1987, т.3, с.72 – 194, 233 – 237.
Айала Ф. Введение в популяционную генетику. М.: Мир. 1984.
Дәріс №15. «БИОМЕТРИЯ» ПӘНІ. ВАРИАЦИАЛЫҚ ҚАТАРЖӘНЕ ОНЫ ГРАФИГІ
2) Сандық және сапалық белгілер мен өзгергіштігінің,зерттеу әдістерінің ерекше-ліктері. Бас және іріктелген(үлкен, кіші жиынтық)
3)Зерттелетін белгілердің негізгі статис-қ параметрлері,оның орта мәнінің коэффициенттері,байланысы мен анықтау тәсілдері.
4)Регрессия коэффициенті. Қисық сызықты байланыс (корреляциялық коэффициент)түрін анықтайтын көрсеткіш.
1.Биометрия пәні,оның непзгі түсініктемелері Биометрия деп математика әдістерінің, олардың ішінде математикалық статистика және ықтималдықтар теориясының биологияда, соның ішінде зоотехнияда қолданылуын түсіну керек.
Биометриялық әдістің негізгі объектісі болып біркелкі организмдер тобынан алынған өзгермелі белгі саналады. Мысалы бір тұқымға, жынысқа және жасқа жататын мал тобының әрқайсысының салмағы, жүнінің ұзындығы, сүттілігі, қан көрсеткіштері, т.с.с. өзгермелі белгі бола алады.
Өзгермелі объектілер тобы жиын деп аталады. Жиынның екі типін ажыратады: бас және іріктеме (тандама). Бас жиын(N) объектілердің көп санынан құралған, сондықтан оны зерттеу өте күрделі және көп қаражат қажет етеді, кейде оны зерттеу тиімсіз болады. Мысалы, адам санағы кезінде бас жиынның көлемі мемлекет құрамындағы барлық азаматтар санына тең болады немесе мемлекетте өсірілетін қайсыбір мал тұқымының барлық өкілдері бас жиынды сипаттайды.
Практикада организм белгілерін зерттеу негізінен іріктелген жинақта немесе іріктемеде жүгізіледі. Іріктеме(п)деп бас жиын мүшелерінің тобын түсінеді. Оның көлемі 30-дан аспаса (п<30), онда іріктеме шағын деп, ал 30 мүшеден артық болса (п > 30) – үлкен деп аталады.