Педагогика – жалпы адамды тәрбиелеу туралы ғылым. Бұл анықтамадағы тәрбие деген сөз кең мағынада қолданылып отыр, яғни тәрбиелеу дегеніміз – білім беру, оқыту, дамыту.
Педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынынан қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу процесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негзгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Ондай проблемалардың қатарына кіретіндер:
Педагогиканың зерттейтін негізгі проблемасы
жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы және қалыптасуының мән – мағынасы мен заңдылықтарын зерттеу
тәрбиенің мазмұнын белгілеу
тәрбиенің мақсатын анықтау
тәрбие тәсілдерін зерттеу
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды. Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |