Білім беру бағдарламасы: 6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Тьютор: Шоңова Бахытгүл Азаматовна, педагогика ғылымдарының магистрі, «Ә леуметтік және жасерекшелік педагогикасы»
Білім беру бағдарламасы: 6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тьютор: Шоңова Бахытгүл Азаматовна,
педагогика ғылымдарының магистрі, «Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы» кафедрасының лекторы е-mail: shonovab@mail.ru
Пәннің пререквизиттері: Курсты меңгеру алдында студенттер «Философия», «Педагогика», «Физиология» пәндермен таныс болуы қажет.
Постреквизиттері: Студенттердің барлық оқу үрдісі мамандық бойынша пәннің оқыту әдістемелері мен тәжірибелермен жалғасады.
Пәнді меңгеру нәтижелерінде қойылатын талаптар: Пәнді оқытуда қалыптастырылатын құзіреттіліктер
«Пән болашақ мұғалімдердің кәсіби сана-сезімі мен олардың педагогикалық - психологиялық мәдениетін дамыту негізінде салыстыруға мүмкіндік береді. Студенттер психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен қатар психология бойында теориялық білімдерді кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдана алу, педагогикалық жағдаяттарды психологиялық білімдер тұрғысынан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кәсіби іс-әрекетін және өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеру қажет.
Пәнді оқу негізінде студент білуі керек: - психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңыздылығын;
- психикалық танымдық процестер мен күйлер дамуының негізгі заңдылықтарын;
- тұлға дамуының негізгі теорияларын;
- іс-әрекет және қарым-қатынас дамуының ерекшеліктері
- тұлғаның жеке дара-типтік қасиеттері мен ерекшеліктері, іс-әрекетті реттеу мехенизмдерін