Дәріс 1 Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық



бет5/11
Дата20.12.2022
өлшемі210 Kb.
#58362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Педагогикалық ұғым – бұл өздеріне тән жалпы, арнайы белгілері бойынша педагогикалық құбылыстардың, үдерістердің немесе жүйелердің бөлінген тобының сөз арқылы берілетін педагогикалық әрекетті көрсету үдерісінің нәтижесі. Педагогикалық термин – бұл педагогика ғылымында педагог-зерттеушілер тарапынан қабылданған және заңдастырылған қандай да бір педагогикалық феноменнің атауы, аты, белгіленуі. Педагогикалық дефиниция - педагогикалық феноменнің оған сәйкес мағынасын ашып, заттай және айрықша белгілерін сипаттайтын жорамал, болжам. Педагогикалық феноменді түрлі теориялық-тұғырнамалық тұрғыдан зерттеуге байланысты бір педагогикалық терминге түрлі анықтамалар берілуі мүмкін. Кез келген ғылымның даму үдерісінде белгілі бір ғылымдағы өзге ұғымдарға негіз, бастау болар, «түбір» ұғымдарға айналатын ұғымдар бірігіп, ғылым категорияларына айналады. Бұл ретте педагогикада да дәл сол құбылыс орын алады.
Педагогика ғылымының дамуы педагогика пәні мен педагогикалық теорияның ғана емес, сондай-ақ, педагогикалық іс-әрекетті жан-жақты түсінуді тереңдететін, байыта түсетін категориялық-ұғымдық аппараттың жаңартылуымен жүргізіледі. Педагогикалық терминология гуманитарлық терминдік жүйеге жатады. Педагогикалық терминологияның өзгешелігі ғылым ретінде педагогика пәнімен және педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің әлеуметтік мәнімен байланысты болып келеді. Сондықтан, нақты бір педагогикалық зерттеудің терминологиялық жүйесінің құрылымы зерттеу объектісімен, пәнімен, оның педагогика ғылымы мен педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру үшін алынған нәтижелерінің маңыздылығымен тығыз байланысты.



  1. . Ғылыми проблема – теориялық зерттеудің формасы, оның мазмұнын әлі адам танып, білмеген нәрсе қамтиды.

Проблема таным процесі, ғылыми таным мақсатына жету үшін бар құралдардың жеткіліксіз болған жағдайда пайда болады.
Ғылыми зерттеу жекелеген мәселелерді қарастырмайды, ол болмыстын бір неше салаларды қозғайтын жүйелі мәселелерді қарастырады.
Проблеманы іздестіру, қалыптастыру және шешу – ғылыми іс әрекеттін басты сипаты болып табылады; проблемалар бір ғылымды бір ғылыман ажыратады, әрекетке ғылыми сипат береді.
Ғылыми проблеманың пайда болуы – эмпирикалық мәліметтердін жеткіліксіздігінен болуы мүмкін.
Ғылыми проблеманы дұрыс қалыптастыру үшін қажетті:

  • Зертелетін проблема аймағында алғашқы ғылыми білімдердің біршама болуы;

  • Формальды түрде оның дұрыс құрастырылуы;

  • Проблеманың орындылығы, былай айтқанда оның бастысы жалған болмауы;

  • Оның шешу шарттарына сілтеме болуы;

  • Ыңғайлы шешім белгілері мен оны шешу тәсілдері туралы келісімін қабылдауы;



3. Ғылыми гипотеза әрқашан нақты қандай да проблеманы шешу үшін, жаңа эксперименталды мәліметтерді түсіндіру немесе теориядағы қайшылықтар мен эксперименттің теріс нәтижелерін жоққа шығару мақсатында ұсынылады.
Гипотеза – теориялық білімнің формасы, ғылыми теорияның фактілер негізінде жасалған болжамдардан тұратын, шынайы мәні әлі анықталмаған және дәлелдеуді қажет ететін құрылымдық элементі.
Гипотезаның ғылыми білімнен алар орнын көптеген атақты философтар мен ғалымдар атап өткен болатын. Атақты британ философы, логик және математик А.Уайтхед жүйелі ойлау кейбір арнайы қосымшаны жалпы жағдайларға арналған гипотезаларды пайдаланбай алға баспайтындығын айтқан: «Жеткілікті дамыған ғылым екі жағдайда алға басады. Бір жағынан, білімнің дамуы жұмыста пайдаланатын басты гипотезаны анықтау әдісінде байқалса, екінші жағынан, осы гипотезаларды түзету жұмыстары жүргізіледі». Теориялық білімнің формасы ретінде гипотеза оның туындауы мен негізделуіне қажет кейбір міндетті шарттарға сай болуы керек: ғылымда қабылданған заңдарға, өзі түсіндіруге тиіс мәселе төңірегіндегі факті материалдарына сәйкес болуы керек, формалды логика заңдарына қайшы келмеуге тиіс, қарапайым әрі дәлелдеуге немесе терістеуге келетін болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет