Дәріс 1 Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық


Мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығының жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Атап айтатын болсақ



бет2/11
Дата20.12.2022
өлшемі210 Kb.
#58362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Д?ріс 1 Педагогика ?ылымыны? дамуы ж?не педагогикалы?

Мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығының жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Атап айтатын болсақ: Бірінішіден, кәсіби білім алу барысында. Екіншіден, өзіндік ізденіс нәтижесінде. Үшіншіден, озық іс-тәжірибе тарату арқылы зерттеу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне тоқталамыз.
2. Қазіргі кезеңде жалпы қоғам талабына сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмысын жаңа бағытта жүргізу қолға алынуда. Жалпы мұғалімнің зерттеу іс-әрекеті төмендегідей логикалық байланыста құрылады: рефлексия – ғылыми зерттеу – практика – рефлексия.
В.Б. Бондаревская, Л.Л. Горбунова, Г.С. Сухобская, Л.Н. Маркина, А. И. Кочетов, М.Н. Станкин, А.С. Сиденко, В.И. Загвязинский, Н.В. Кухарев, Н.Л. Селиванова және т. б. ғалымдар зерттеу жұмысын жаңадан бастаған жас мамандарға әдістемелік нұсқаулар, кеңестер береді. Мәселен, ғалым В.Б. Бондаревская ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің төмендегідей іс-әрекеттік алгоритмін ұсынады: тақырып таңдау, жұмыс жоспарын құру, жұмыстың мақсат-міндеттерін анықтау, зерттеу тақырыбына байланысты библиографиялық көрсеткіштер тізімін жасау, зерттеудің нақты әдісін таңдау, зерттеу жүргізу, эксперимент нәтижесін өңдеу, қорытынды жасау т. б.
Г.С. Сухобская, Л.Л. Горбуновалар өз зерттеулерінде мұғалімнің құрылым-әдістемелік іс-әрекетінің зерттеу іскерліктеріне мазмұнды сипаттама береді:
– оқушының қиындықтарын алдын-ала болжай алу және ол қиындықты болдырмайтын не оңай шешетін тапсырмалар құрастыра алу;
– оқушының іс-әрекетті жобалай және бағалай алуы;
– оқушы шығармашылығын ынталандыра алуы;
– пәнге қызығушылық танытатын оқушымен жеке жұмыс жүргізу;
– үлгермейтін оқушылармен қосымша сабақ өткізу;
– оқушының іс-әрекетін бағалау өлшемін негіздеу және дұрыс таңдау;
– педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тарату, насихаттау:
– тақырыпқа байланысты әдебиеттерді дұрыс талдау;
– әдістемелік тақырыпқа байланысты жұмыстың мақсаты, міндеттерін анықтау;
– тақырып бойынша жұмыстың негізгі кезеңдерін анықтау;
– педагогикалық іс-тәжірибені талдау;
– жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі идеяларын тұжырымдау;
эксперимент нәтижесін өңдеу;
– зерттеу нәтижесінде әдістемелік нұсқау, баяндама, мақала, ғылыми есеп, әдістемелік құрал даярлау.
Бұл зерттеудің ерекшілігі сол, мұғалім жәй әдіскер-сарапшы рөлінен, яғни, өзіне дейін белгілі әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесін пайдаланып қоймай, сонымен бірге, өз оқушыларының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу тапсырмаларын өзі құрастыруы, мұғалім – жобалаушы – үйлестірушіге айналады. Мұғалім өз іс-тәжірибесін зерделей, ұдайы өзгерістер енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу барысында өз іс-тәжірибесін, өз іс-әрекетін жаңаша түрлендіріп, жаңаға бет бұрады, мұғалімнің жаңаны үйренсем, меңгерсем, қолдансам деген қажеттілігі артып, инновациялық даярлығын қалыптастырады.
Мұғалімнің әдіснамалық кеңістік аясындағы іс-әрекетінің зерттеушілік іскерлігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:
– педагогикалық мәселені қою және оны шешу жағдайларына талдау жасау (оқушыларды қатты толғандыратын мәселелерді бөліп қарастыру, оған ойша талдау жасау);
– ғылыми болжам жасау, болжам ұсыну, оның шешу жолдарын көрсету (оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатындай тапсырмалар құрастыру, оқушылардың есеп шығару, теорема дәлелдеуге өзіндік «жаңалық» ашуына жол салу және т. б.);
– мақсаты эксперимент жүргізу (өзгерген жағдайларға талдау жасау, әрдайым тиімді шешім ұсыну);
– жұмыс нәтижесіне талдау жасау, бағалау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тест алу;
– жұмысты тиімді бағалаудың жаңа өлшемдерін ұсыну, диагностикалық сараптама жасау.
Педагог қызметінің негізгі мәні - оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен жаңаша ұйымдастыра білу. Ал жаңа тұрпаттағы жаңа педагогтің сапа көрсеткіштерінің бірі оның ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетінің мәдениеті болып табылады.
4.Педагогикалық мәдениеттің құрамды бөліктері: әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық, тұлғалық. Педагогикалық мәдениетті әртүрлі бағытта қарастыруға болады: педагогикалық іс-әрекетті реттеуші құндылықтар жүйесі (аксиологиялық бағыт); іс-әрекеттілік бағыттылық (педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты, әдіс-тәсілі, құралы, оны жетілдіру деңгейі, бағалау өлшемдерімен нәтижесі); тұлғалық бағыттылық (педагог тұлғасының жалпынама көрінісі).
Педагогикалық мәдениет – тәрбие мен білім берудің рухани және материалдық құндылықтары кең көлемде көрініс табатын, тәрбие білім беру үдерісін жүзеге асыратын, тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар алмасуының тарихи үрдісін қамтамасыз ететін шығармашылық іс-әрекеттер әдісі, жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі.
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда біз мәдениеттің төмендегідей өлшемдерін басшылыққа аламыз: адамдардың өзара рухани қарым-қатынастардағы ақпараттар ағынының молаюы; адамның еркін белсенділігі, оның жаңа ақпарат алуға ұмтылысы; адамның іс-әрекет барысында субъект пен объект позицияларын алмастыра алу қабілеті, ақпарат беруші мен оны тасымалдаушы қабілеттерінің болуы; ғылым мен философия тарихында әртүрлі кең көлемдегі материалды еркін меңгеруі; өзінің қоғамдық белсенділігін арттыру үшін философия білімі үдемелі молайып, жетілдіріп отыруы, оны қажетіне пайдалана алуы; мәдени-тарихи дамудың негізін түсіне алуы; орындаушыдан тапсырма берушіге еркін алмаса алуы; ұғымдарды түсіне алу қабілеттігі, кез келген тұжырымдарды ұсынуы, оны талдай алу қабілеттігі, негізгіні қосалқыдан айыра білу, алынған ақиқаттан қарама-қайшылық көре алуы; логика заңдары мен ұстанымдарын меңгеруі.
Зерттеу барысында ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу мен кәсіби дайындықтың моделін жасау жолдарына жүргізілген талдау бізге педагогтің кәсіби-зерттеушілік мәдениеті құрамындағы сапа мен қабілеттерді әдіснамалық, теориялық, әдістемелік, технологиялық негізгі төрт компонентке топтауға және олардың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік жасады. Педагогтардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру компоненттері өзара бір-бірімен тығыз байланысты және аталған дайындықтың нақты құрылымын түзеді
Мұндағы компоненттерден алынған өлшемдер (мотивациялық, мазмұндық, үдерістік, бағалаушылық-рефлексиялық) бойынша көрсеткіштерін біз зерттеушілік-біліктіліктің бес компонентіне (білім, білік, дағды, тәжірибе және қабілет) сүйене отырып дайындадық.
Әдіснамалық компонент болашақ педагогтің әдіснамалық білімге ынтасы мен қызығушылығын, әдіснамалық тұғырларды, білімдерінің мазмұндық деңгейін, оны өз тәжірибесінде қолдана білуі мен өзінің әдіснамалық білім, білік, дағды, қабілет және тәжірибесінде және өзінің әдіснамалық білім мен білігін бағалай білуінен көрінеді.
Теориялық компонент зерттеу мәдениетінің қалыптасуына негіз болатын теориялар мен мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнына ынтасын, қызығушылығын, олар туралы білімдер жүйесін, оларды жүзеге асырудағы біліктілігін, дағдысы мен тәжірибесіне және теориялық білім, біліктеріне рефлексия жасай білуімен сипатталады.
Әдістемелік компонент білім берудің мемлекеттік стандартындағы пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін білуге ұмтылысы, өзінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ынтасы, дидактикалық біліктер туралы білімдер жүйесі және оларды практикада қолдана білу және әдістемелік білім, білік, дағдыларын іс-тәжірибеде қолдануын бағалау деңгейінен көрінеді.
Технологиялық компонент педагогтің зерттеушілік мәдениетін тәжірибеде жүзеге асыруға ынтасы мен қызығушылығы, оқытуда инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы, қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктей және қолдана білуі, ақпараттық, компьютерлік технологиялардан сауаттылығы, оларды оқу-тәрбие барысында қолдана білуімен және өзінің технология саласындағы сапалық қасиеттерін бағалау, рефлексия жасауымен өлшенеді.
Мотивациялық өлшем педагогтің зерттеушілік мәдениетіне деген тұрақты ынтасы, талпынуы мен қажеттіліктерінің болып, кәсібилікке ұмтылысы, жаңашылдық бағытта ізденістері, өз қызметіндегі кәсібиліктің алатын орнын, мәнін түсініп, соған сәйкес қадамдар жасауында көрінеді.
Педагогтің зерттеушілік мәдениеті – педагогикалық құндылықтар мен білім беру технологияларын меңгеруге, үйретуге, жасауға қажетті сапа; педагогке педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, нәтижелерді, заңдарды, теорияларды пайымдауға, болжам жасауға және оның негізінде инновациялық-дидактикалық әрекеттің өз жүйесін құруға мүмкіндік беретін сапасы, дамушы шынайы болмыспен өзара әрекеттесуде қалыптасқан қабілет. Педагогтің әдіснамалық мәдениеті ғылымның ғылыми-зерттеу әрекеті негізінде жасалады, ғылым және білім беру парадигмаларында бағдарланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет