Дәріс 1 Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық



бет11/11
Дата20.12.2022
өлшемі210 Kb.
#58362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 кезең. шебер ұстаздардың өзiнiң iс-тәжiрибесiне талдау жүргiзуi. а/ тақырып таңдау, мәселені анықтау, болжамы, көкейкестiлiгi, ә/ материалдар жинақтау және әдебиеттерге талдау жасау. б/ таңдап алған тақырып бойынша жұмыс жоспарын дайындау. в/ материалдарды өңдеу, сұрыптау, талдау. г/ барлық жинақталған материалдарға талдау жасап, қорытындылау. Себеп, салдарын, заңдылықтарын, алынған мәлiметтер негiзiнде тәжiрибелiк нұсқаулар жасау, бiлiм беру үдерісiне мониторинг жүргiзу жүйесiн зерделеу.
2 кезең. Шебер ұстаздың озық iс-тәжiрибесiн мектепiшiлiк деңгейде оқып, талдау жасау. Дайындаған материалды қалалық бiлiм басқармасы қарап бiлiм жетiлдiру институттарында ғылыми әдiстемелiк кеңесте бекiтедi, облыс, қала көлемiнде iс-тәжiрибенi таратуға құқылы болады.
3 кезең. ОПТ–тарату, насихаттау үшiн, аналитикалық сипаттама жасалады, әдiстемелiк нұсқау дайындалады, оқу әдiстемелiк нұсқау түрiнде безендiрiлiп, баспадын жарияланады. ОПТ-тарату, тәжiрибеге енгiзу.
Озық педагогикалық iс-тәжiрибе өлшемдерi.
1. Тәжiрибенiң ғылыми негiзделуі. (көкейкестiлiгi, мақсаты, зертеу обектiсi, зерттеу пәнi, зерттеу болжамы, жаңалығы, тәжiрибедегi мәндiлiгi).
2. Жергiлiктi жердiң аймақтық ерекшелiгi мен өз тәжiрибесiнiң ерекшелiгi және жетекшi идеясы.
3. Зерттеу тұрғысынан қаралуы.
4. Ғылым мен тәжiрибенiң кiрiктiрiлуi.
5. Оқыту мен тәрбиелеудiң жоғыры нәтижелi көрсеткiшi: - оқу үлгерiмiнiң жоғары болуы, - бiлiм терең және берiк болуы, - оқушының бiлiмдiлiгi мен мәдениеттiлiгi, қол жеткізген жетістіктері.
6. Көздеген нәтижеге жетудегi мұғалiмнiң үнемдiлiгi, құралдарды тиiмдi қолдануы т.б.
7. Оқу-тәрбие жұмысының орнықты, тұрақты, берiк болуы.
8. Еңбек нәтижесiн шығармашылықпен пайдалануға мүмкiндiктiң болуы.
Озық iс-тәжiрибенi тарату әдiстемесi.
Ұйымдастыру:
- әдiстемелiк бiрлестiк құру;
- педагогикалық көкейкестi мәселелерiн оқып үйренетiн шығармашылық топ құру (ғылыми топ);
- ғылыми-педагогикалық семинарлар өткiзу (ОПТ-нi талдау)
- мәселені шешетін зертхана құру (әр түрлi бағыттағы мамандар бiр мәселенің аясында пiкiр бөлiседi);
- iс-тәжiрибенi енгiзу бағытынды педагогикалық шеберлiк көрсету;
- педагогикалық зерттеу мәселесi бойынша арнаулы курс өткiзу;
Тәжiрибенi тарату және оқып үйрену формасы. Озық iс-тәжiрибенi алуан түрлi формада таратуға немесе насихаттауға болады. Олар: тәжiрибенi жүзеге асыру мақсатында ашық сабақтар (сабақтар сериясы немесе сыныпан тыс жұмыстар) өткiзедi. Тәжірибе таратушы педагогикалық кеңесте, мәжiлiстерде, ғылыми-әдiстемелiк және ғылыми тәжірибелік конференцияларда, педагогикалық оқуларда, конкурстарда, оқу- тәрбие жұмыстарда, пiкiр сайыс немесе диспуттарда, семинар сабақтарда, педагогикалық көкейкесті мәселелерге баяндамалар жасайды. Ұсынылған тәжiрибенiң сипаттамасы мектептiң оқу әдістемелік кеңесiнде озық iс- тәжiрибе туралы оқу iсiнiң меңгерушiсi және директорға баяндайды. Педагог өзiнiң тәжiрибесiнiң негiзгi идеясын панорамалық сабақтар, шығармашылық есеп беру, шебер сынып сайысы арқылы да көрсете алады. Тәжiрибе нәтижесiн авторлық еңбектер арқылы: әдiстемелiк нұсқау, бейне көрнiс, мақала т.б. түрiнде жариялай алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет