Дәріс 1 Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық



бет6/11
Дата20.12.2022
өлшемі210 Kb.
#58362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Д?ріс 1 Педагогика ?ылымыны? дамуы ж?не педагогикалы?

Гипотеза - белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірбие түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасушы тұжырымдама.
Ғылыми зерттеуде гипотеза екі мақсатта қолданылады: бар фактілерді түсіндіру және жаңа, белгісіздерін болжау;
Егер гипотеза бақыланып отырған фактімен сәйкес келсе, оны теория немесе заң деп атайды. Таным үрдісінде кез - келген гипотеза гипотезадан туындаған салдар бақыланып отырған құбылыстармен сәйкес келеді.
Ғылыми гипотезаларды ұсынудың келесі түрлері кездеседі:
1. Гипотеза, эксперименттік мәліметтер тікелей эмпирикалық жалпылау нәтижелері ретінде;
2. Аналогия бойынша ұсынылған гипотеза;
3. Жалпы кездесетін гипотезалар мен теорияларды жалпылау мақсатындағы ұсынылған гипотезалар;
4. Кейбір салдарды түсіндіру үшін болжанатын гипотезалар;
5. Эксперименттік мәлімдемелерден басқа гипотезалардан қорғау үшін арналған гипотезалар;
Гипотеза белгісі бойынша, ақпарат көздерінің материалдары мен зерттеу тәжірибесін жалпылау барысында, ғылыми құрастырылған гипотеза келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс деген қорытындылар шығаруға болады:
- Қойылған сұраққа адекватты жауап беру
- Ойланбаған болжам емес, орынды болжаудың болуы
- Жаңа фактілерді, құбылыстарды, фактілер негізінде құрастырылған түсініктер және олардың арасындағы байланыстарды болжау
-Эмпирикалық тексеруге жүгіну
- Ұйымдастыруда айқын, әрі қарапайым болу
Кез келген болжауды келесі шарттар арқылы қанағаттандыру керек:
1. ғылыми құбылыстар мен фактілерге қарама қайшы мүмкіндіктер бойынша гипотеза барлық құбылыстарды түсіндіруге міндетті;
2. Гипотеза түпкілікті тексеруге келетіндей болуы қажет. Осының нәтижесінде гипотеза практикалық және түпкілікті тексерулерде байқалады.
3. Гипотеза мүмкінлігінше кең көлемдегі құбылыстарды түсіндіруге жарамды болу керек.
4 Түпкілікті қарапайым гипотеза қажет – оның қабілеттілігі, бір негіздемеден шығып, құрделі жасынды құрлым жасамай бола түра , көптеген түрлі құбылыстарды түсіндіру қажет.
Ғылыми гипотезалар тексеріліп негізделеді. Гипотезаны негізделенуі оның пайдалануының басты шарты. Гипотезадан аланған нәтижелер тәжірибемен салыстырылады - бұл гипотезаны тексеру деп аталады. Егер гипотеза тәжірибемен дәлелденбесе онда ол жалғын болып табылады. Гипотезаны негіздеудің негізгі жолы – тәжірбие, логикалық амалдардмен эксперимент жасау. Нақтылау және түзету бойынша гипотеза заңға айналады.
4.«Әдіснама» педагогикадағы ғана емес, жалпы ғылымтанудағы күрделі, көпмәнді түсініктердің бірі. Көптеген педагогтардың санасында «әдіснама» өмірмен байланысы аз, абстрактілік, педагогика теориясы мен практикасынан алыс жатқан философиялық мәтіндердің жинағы болып көрінеді. Мұндай түсінбеушіліктің себебі педагогикадан алыс жатыр. Өйткені, әдіснаманың өзінің әр деңгейі бар.
Әдіснамада екі маңызды қызметі айқындалады:
-әлемнің қалыптасуы мен таным қағидаларын дүниетанымда қолдану ережелеріне негіздеу;
- болмыс құбылыстары амалдарына анықтама;
Бірінші қызмет ортақ, ал екіншісі жеке болып табылады. Ғылымның ортақ қызметі адамның әлемге және жалпыға көзқарасын жалпылауға негізделеді. Ғылыми, саяси, құқықтық, діни, эстетикалық сенімдерден бөлек, ортақ жүйелік көзқарас идеалисттік және материалдық сипатқа ие.
Ғылыми әдіснама дегеніміз - адам іс-әрекетінің теоретикалық және практикалық түрлерін реттейтін, ұйымдастыратын ережелер, әдістер мен қағидалар жүйесі және де осы жүйе туралы ілім.
Әдіснаманы кейде осы немесе басқа ғылым аясында, танымдық үдерістерде қолданылатын нақты бір әдістер жүйесі деп те түсіндіреді. Сонымен бірге, тек ортақ философиялық әдістер ғана емес, нақты ғылыми әдістерді айтуға болады.
Ғылыми әдіснаманы - ғылыми танымның қызметтерін, құрылымын, түрін және әлеуметтік қағидаларды, қабылдау жүйелерін философиялық оқыту деп түсіндіреді.
Ғылыми әдіснаманы ғылыми таным қызметіндегі әдістер, нормалар және қағидалардың әлеуметтік қабылдау жүйесін, ғылыми таным қызметтерін, түрлерін және құрылымын философиялық тұрғыдан оқыту пәні деп түсіндіруге болады.
Ғылыми әдіснаманың мақсаты мен міндеті - ғылыми білім мен таным қызметінің өсу заңдылықтарын, қозғаушы күштері мен алғы шарттарын айқындау және түсіндіру.
Әдіснамалық қағидалар дегеніміз - ғылымның негізгі айқындаушылары болып табылатын білімнің маңызды бір түрі болып табылады.
Әдіснамалық қағидалар ғылыми зерттеулер жүргізілетін, негізгі философиялық дүниетанымдық қағидаларды көрсетеді. Негізгі әдіснамалық қағидаларға объективтілік, құбылыстардың байланысын, олардың дамуын зерттеу жатады. Бұл болмысты тану принциптері ғылымның педагогика ретіндегі негізгі әдіснамасы болып табылады. Бұл қағидаларды іске асыру , яғни білім беру саласында кез-келген педагогикалық зерттеуде нақты және айқын әдістерді қолдануды талап етеді. Керісінше жағдайда зерттеу жұмыстары нәтижелерінің дұрыстығы қамтамасыз етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет