Байланысты: Д?ріс 1 Педагогика ?ылымыны? дамуы ж?не педагогикалы?
Педагогикалық ұғым – бұл өздеріне тән жалпы, арнайы белгілері бойынша педагогикалық құбылыстардың, үдерістердің немесе жүйелердің бөлінген тобының сөз арқылы берілетін педагогикалық әрекетті көрсету үдерісінің нәтижесі. Педагогикалық термин – бұл педагогика ғылымында педагог-зерттеушілер тарапынан қабылданған және заңдастырылған қандай да бір педагогикалық феноменнің атауы, аты, белгіленуі. Педагогикалық дефиниция - педагогикалық феноменнің оған сәйкес мағынасын ашып, заттай және айрықша белгілерін сипаттайтын жорамал, болжам. Педагогикалық феноменді түрлі теориялық-тұғырнамалық тұрғыдан зерттеуге байланысты бір педагогикалық терминге түрлі анықтамалар берілуі мүмкін. Кез келген ғылымның даму үдерісінде белгілі бір ғылымдағы өзге ұғымдарға негіз, бастау болар, «түбір» ұғымдарға айналатын ұғымдар бірігіп, ғылым категорияларына айналады. Бұл ретте педагогикада да дәл сол құбылыс орын алады.
Педагогика ғылымының дамуы педагогика пәні мен педагогикалық теорияның ғана емес, сондай-ақ, педагогикалық іс-әрекетті жан-жақты түсінуді тереңдететін, байыта түсетін категориялық-ұғымдық аппараттың жаңартылуымен жүргізіледі. Педагогикалық терминология гуманитарлық терминдік жүйеге жатады. Педагогикалық терминологияның өзгешелігі ғылым ретінде педагогика пәнімен және педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің әлеуметтік мәнімен байланысты болып келеді. Сондықтан, нақты бір педагогикалық зерттеудің терминологиялық жүйесінің құрылымы зерттеу объектісімен, пәнімен, оның педагогика ғылымы мен педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру үшін алынған нәтижелерінің маңыздылығымен тығыз байланысты.
2.Теоретикалық және эмпирикалық зерттеулерді жүргізуде көптеген әдістер пайдаланылады. Әдіс дегеніміз (грек. methodos- зерттеу, теория, оқу) зерттеу жолы, белгілі бір мақсатқа жету, нақты міндеттерді шешу. Кейде әдістер болмысты практикалық және теоретикалық таным үшін белгілі бір қадамдар мен амалдардың жиынтығы болып саналады.
Әдіс - мақсатқа жетуге белгілі бір тәсіл. Тәсіл әдістін құрылымдық бөлімі, құбылыстың немесе заттың қасиеттерін өзгертуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жиынтығы. Танымды, басқа да қызметтер секілді, мақсатқа жетуге жетелейтін белгілі бір қадамдар мен амалдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұндай тәсілдер жүйесін әдіс деп атауға болады. Ғылыми таным әдісі дегеніміз - зерттеліп отырған нысанымен орындалатын әрекеттерді реттейтін тәсілдер мен амалдар жиынтығы. Әдіс теорияны практикада қолдану және ұйымдастыру бағдарламасы болып табылады. Әдіс субъективті, өйткені ол зерттеушінін ойлау құралы болып табылады.
Зерттеу әдістері. Әдіс белгілі бір ғылыми міндетті, амалдар мен процедураларды орындауға бағытталған зерттеу қызметінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек болады. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі жоғарылайды.
Зерттеудің ғылыми әдістері- болмыс құбылыстарын эмпирикалық және теориялық тұрғыдан зерттеу мен танудың амал- тәсілдері мен тәртіптері. Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттамасынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі - зерттеу әдістерінің көптүрлілігі ұстанымы кез келген ғылыми мәселені шешуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Әдістердің өздерін зерттейтін құбылыс табиғатымен байланыстыра отырып ғалым қайта қарастырады. Екіншісі - алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алынатын нәтижесіне сәйкестігі ұстанымы. Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін тоқталайық. Оларды ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады. Ғылымда екі танымдық негізгі қабілеттер бар – ақыл-ойлық және сезімдік. Сезім оқып үйренілетін пәнмен байланысқа түсіріп, ол туралы сезімдік түсініктер алуға көмектеседі. Ақыл-ой зерделенетін пәннің ішкі құрылымын ашып көрсетуге, оның мәнді сипаттамасын анықтауға, зерттеу пәнін болып жатқан оқиғалардың мәнмәтініне ілестіруге ықпал етеді. Жоғарыда көрсетілген екі танымдық қабілеттерге сәйкес ғалым таным құрылымында – эмпирикалық және теориялық болып екіге бөлінеді.
Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді.Тану әдісі, мәні бойынша, тану процесінін жүйелігі мен мақсатқа бағыттылығын білдіреді. Ол ғылыми танудың маңызды құралы, ғылымның қозгаушы күші болып табылады, оны дамыту мен жаңа нәтижелерімен толықтыру құралы ретінде қарастыруға болады.
Ғылыми жұмысының нәтижесі зерттеу әдістерінің дұрыс іріктеп алуы мен оларды біліп пайдалануға тәуелді.
Зерттелетін пәннің сипатына қарай қолданатын әдістер түрлі-түрлі болып келеді. Ғылыми танымның әдістерін ғылыми зерттеу үдерісінде қолдану аймағына байланысты.
Зерттеу әдістерін және олардың қолданылуын жақсы білетін зерттеуші үлкен жетістікпен жұмыс істеп, әрі аз күш жұмсайды, «үлгі және қате» әдістеріне және интуициясына сүйене отырып жұмыс істейтін зерттеушіге қарағанда.
Жетістікке жету - әдісті таңдаудан басталады, дұрыс әдісті таңдаған зерек емес адам да көптеген жетістікке жетуге мүмкіншілігі бар, ал дұрыс әдіс таңдай алмаған керемет ғалымның жұмысы сәтсіз болуы мүмкін.
3.Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, жинақтау iсi күрделi және шығармашылық мәселелердiң бiрi болып табылады. Педагогикалық тәжiрибе – оқыту мен тәрбиенiң тәжірибесі жан-жақты зерттеу обьектiсi, факторлар мен ғылыми мәлiметтердi жинақтаудың негiзгi қайнар көздерiнiң бiрi сондықтан педагогикалық озық iс-тәжiрибе оқу-тәрбие жұмысын үнемi дамыту мен жетiлдiруде үлкен орын алады. Ол кәсiби бiлiктi ұстаз еңбегi, яғни нәтижеге негiзделген педагог еңбегi. Педагогика заңдылықтары мен бiлiм негiздерiн игере отырып, саналы түрде оқыту үдерісіне енгiзу, тәжiрибеде байқаудан өткiзу. Осыған орай, әрбiр мұғалiм елiмiздегi жаңашыл ұстаздардың бай тәжiрибесiн, белгiлi педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерiн терең зерттеп, өз iсiне шеберлiкпен пайдаланудың жолдарын қарастырады. Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесiнде педагогикалық тәжiрибенi зерттеудiң кейбiр нақты жолдары iске асырыла бастайды. Олар: мұғалiмнiң өз тәжiрибесiн өзi зерттеп жинақтау, педагогикалық еңбек шеберлерiнiң жұмыс жүйесiн зетрттеу және жинақтау, жалпы педагогикалық тақырып бойынша бiрнеше мұғалiмнiң iс- 3 тәжiрибесiн жинақтау, жаңашыл мұғалiмдердiң озық тәжiрибелерiн тарату және оны оқу тәрбие үдерісiне ендiру, педагогикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары басшылығымен оқу тәрбие саласындағы өзекті мәселелердi зерттеу және жинақтау болып табылады. Озық iс-тәжiрибе бағытына қарай үш түрлi: ауқымы, көлемi жағынан, жаңалығы және сапасына байланысты болып бөлiнедi. көлемi арқылы болса ол бiрыңғай, типтiк, жеке дара, топпен немесе жалпы топпен; жаңалығы бойынша - жаңашылдық, шығармашылық және репродуктивтiк бағыттар қарастырылады; сапасы бойынша болса- озық (алдыңғы қатарлы), тиiмдi, тиiмсiз, өнiмдi, өнiмсiз, жағымды, жағымсыз болып бөлiнедi.
Озық iс-тәжiрибенi оқып үйренудегi негізгі iс-әрекеттің түрлерi:
1. Озық педагогикалық тәжірибені (ОПТ) ұйымдастыруға дайындық.
2. Негiзгi мәселенi анықтап алу.
3. Озық тәжiрибе сипаты мен оның обьектiсiн анықтау.
4. Педагогикалық озық тәжiрибенi оқып үйренудi жоспарлау.
5. Теориялық дайындық.
6. Әдiстемелiк дайындық.
7. Оқып үйренетiн обьектiнi алдын-ала бақылау жасау.
8. Тәжiрибенi оқып үйренудiң жұмыс жоспары мен бағдарламасын құру.
9. Жұмыс бағдарламасы мен жоспарын жүзеге асыру.
10.Оқып үйренетiн материалды талдау, қорту.
11.Материалды оқып үйренудi статистикалық және ойша қорту.
12. Оқыған материалды талдау, тарату.
13. Әдебиеттер мен дерек көздерiн жинақтау.
14. Қосымша материалдарын дайындау, пiкiр аллу және таратуға дайындық.
15.Облыстық, қалалық бiлiм департамаенттерi арқылы iс-тәжiрибенi бекiту. (ғылыми кеңесте, пеадгогикалық кеңесте, аттестациялық кеңесте).
16. Іс –тәжiрибенi тарату, тәжiрибеге енгiзу.
17.Тәжiрибеде байқаудан өткізу, тексеру.
4. Озық iс-тәжiрибенi жүргiзу кезеңдерi: Аталған жұмыс түрлерiнiң орындалуын бiрнеше кезеңдермен өткiзуге болады.