Дәріс 1 Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық


Дәріс 2: Ғылыми танымның ерекшелігі. Ғылыми білімнің негізгі формалары. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері



бет3/11
Дата20.12.2022
өлшемі210 Kb.
#58362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Д?ріс 1 Педагогика ?ылымыны? дамуы ж?не педагогикалы?

Дәріс 2: Ғылыми танымның ерекшелігі. Ғылыми білімнің негізгі формалары. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

1. Ғылыми білім түсініктемесі


2. Ғылыми таным деңгейлері
3. Ғылыми факт
4. Ғылыми идея


1. Барлық ғылым, барлық адами таным шынайы білімге жетуге бағытталған. Тек қана шынайы ғылыми білім адамға болмысын жаңартуға қызмет етеді, оның болашақтағы іс әрекетін болжауға мүмкіндік береді. Шынайы білімге қарама-қарсы ретінде адасуды айтып өтуге болады.Күнделікті танымнан алынатын ғылыми білім, өнім сияқты ғылыми қызмет пен білімнің айырмашылығы болады. Күнделікті білімнің анықтылығы күнделікті тәжірибенің арқасында орнатылады. Күнделікті білім жүйеленбеген, бұл – мәліметтер, ұйғарымдар, қызметтік рецептура мен мінез-құлық жиыны. Ғылыми білім – жүйеленген және ретке келтірілген.Шынайы білім ғалымдардың еңбектері мен жаңалықтарына қатыссыз ғылыми заңдылық, теориялық ереже мен шешім, оқу, тәжірибемен дәлелденген және обьективті бар түрде болады. Сондықтан шынайы ғылыми білім обьективті.Осыған байланысты білімді ықтимал пікірден өзгеше сенімді, шынайы ұғым ретінде анықтауға болады.Салыстырмалы білім – негізінде болмыстың дұрыс көрінісі болып табылатын білім, бейненің обьектіден біраз толық емес сәйкестігімен ерекшеленеді.Абсолютті білім – обьект туралы көріністің толық, түбегейлі бірігуі, бейненің обьектімен абсолютті сәйкестігін қамтамасыз етеді.Абсолютті білімді жоққа шығару немесе болашақта өзгерту мүмкін емес. Айта кететін жайт, тәжірибенің үздіксіз дамуы білімнің абсолютті білімге айналу мүмкіндігін жоққа шығарады, тәжірибенің абсолюттілігі обьективті шынайы білімді адасудан ажыратуға мүмкіндік береді. Таным білімнің жетістігі ретінде анықталады. Таным теориясы - ерекше философия пәнінің мәні болып табылады.
Ғылыми танымның ерекшеліктері:
1) Ғылыми таным обьективті заңдардың өзгерістері мен қоршаған орта обьектілерінің дамуын анықтауға бағдарланған.
2) Ғылыми таным заманауи тәжірибеге қосылған тек обьектілерді ғана емес, сонымен қатар болашақта тәжірибелік менгерудің пәні бола алатын обьектілерді оқып үйренуге бағытталған.
3) Ғылыми таным кезінде алынған білім жүйелі және дәлелденген болып табылады.
4) Ғылыми таным обьектілерді оқып білу үшін ерекше әдістер қолданады.
5) Ғылыми таным ғылымның обьектілері суреттелетін арнайы тіл қалыптастырады.
6) Ғылыми танымда арнайы аппаратура қолданылады.
7) Осымен бірге ғылыми білім салыстырмалы және абсолютті бола алады.
Ғылыми танымның ерекшелігі ғылыми білім мен ғылыми еместен ажыратылатын ғылымилық критерияларында көрініс табады.
Ғылыми білімнің дәлелділігі, оны бір жүйеге келтіру ғылымның дамуындағы маңызды фактор болып табылады.


2. Ғылыми таным екі деңгейден тұрады: эмпирикалық (сезімдік) және теориялық (рационалды).
Ғылыми танымның деңгейлері бір-бірімен байланысты болғанымен, бір-бірінен айырмашылығы бар, әр қайсысының өз ерекшелігі болады. Ғылыми танымның әр деңгейін жеке қарастырайық.
Эмпирикалық таным - бұл адам мен қоршаған ортаның растығы мен тікелей қарым-қатынаста қамтамасыз етеді.Қоршаған ортаның заңдылықтары мен тығыз байланысты бекіте отырып,ғылымға фактілер қояды.
Эмпирикалық деңгейде табиғи пайымдау "сезімдік таным" болымдыққа ие, рациональды кезең және оның формалары ой-пікір, түсінік бар,бірақ бағынышты мағынаға ие. Сондықтан,зерттелетін обьект табиғи пайымдауға қолжетімді және ішкі қатынастарды көрсететін өзіндік сыртқы байланыстармен және көріністер жағынан бейнеленеді.Фактілердің жиынтығы, олардың біріншілік пайымдауы бақыланатын және экспериментальды мәліметтердің сипаты,олардың систиматизациясы, классификациясы - эмпирикалық танымға тән белгілер. Адам,мәдениет, қоғам жайлы ғылымда үлкен мағынаға басымдылық танытады:іздеу, ыждақатталған (айқын) сипаттау және тарихи құжаттарды зерттеу және қазіргі сияқты өткен мәдениеттің басқа дәлелдері.
Қоғамдық құбылыстарды эмпирикалық таным процесінде шындық туралы ақпараттар (жекелей де,статистикалық мәліметтер) оның систематизациясы және оқу, сонымен қатар әлеуметтік сұраулардың әртүрлі түрі кең қолданылады.
Эмпирикалық деңгейде таным сезінуге, қабылдауға, елестетуге және қиялдауға сүйенеді.
Сезіну - бұл адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін обьективті ортаның құбылыстары немесе заттардың жекелей қасиеттерінің адамның санасында бейнеленуі.
Қабылдау - сол уақыт кезіндегі сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін құбылыстардың немесе толықтай заттардың адам саласында бейнеленуі.
Қабылдау - бұл зат немесе құбылыстық біріктілігін сезімдік бейнесі.
Елестету - қазіргі уақытта сезім мүшелеріне әсер етпейтін, бірақ бұрында міндетті түрде әсер еткен құбылыстың немесе заттың екіншілік бейнесі.
Елестету - бұрында әсер еткен заттар мен құбылыстардың мидағы сақталған іздері бойынша қалыпқа келетін бейнелер.
Қиялдау (елестету) - бұл әртүрлі елестетудің жаңа бейнелердің кішкене суретке айналуы және бірігуі.
Эмпирикалық таным өзіңдік обьектке тікелей бағытталған. Ол осының көмегімен мынадай тәсілдерді игереді:салыстыру,өзгерту,бақылау, эксперимент.
Теорияның таным дамудың заңдылықтарын ашып, процестердің мағынасын түсінуге жағдай жасап,эмпирикалық таным болып озады және біріктіреді.Теориялық танымда обьект пен тікелей практикалық қарым-қатынас жасау болмайды. Бұл деңгейде обьект жанама зерттеледі,тек ойша экспериментте,шындықта емес. Теориялық деңгейі ғылыми зерттеудің рационалды кезеңнің - түсініктер теориялар,заңдар және ой операциясының басқа формаларының басым болуымен сипатталады. Табиғи пайымдау бұл жерде шектетілмейді, бірақ таным процестерінің бағынышты аспектісіне (бірақ өте маңызды) айналады. Теориялық таным эмпирикалық білімнің мәліметтердің рациональды өңделуі көмегімен қолжеткізетін заңдылықтар мен олардың әмбебап байланыстары жағынан құбылыстар мен үдерістерді сипаттайды (айқындайды). Бұл өңдеу жоғарғы қатардағы абстраксиялар жүйесінің - түсінік, ой бекіту, заңдар,категориялар, принциптер т.б. жүзеге асады. Бұл теориялық деңгейде зерттеуші абстракты ойлаудың қатысуымен құбылыстың мағынасына енеді.
3. Базистік білімді ғылыми фактіні құрайды. Ғылыми фактілер ғылыми гипотезаларды, заңдарды, ережелерді, ғылыми білім жүйесінің негізін қалыптастыруды және құбылыстың зерттеу туралы мәліметтер мен ақпараттарды ұсынады. Ғылыми танымның фактілері тек ішкі және сыртқы заңдылық пен байланысты анықтап қана қоймай, ғылыми білімнің өсуіне ықпал етеді.
Ғылыми факті бірнеше мәнде қаралады:
-Біріншіден, оқиға, құбылыс, шындық фрагменті ретінде (мысалға, Ұлы Отан соғысының басталуы – тарихи факт);
- Екіншіден, эмпирикалық пікірдің ерекше түрі, құбылыс немесе оқиға танымы (мысалға, рентгендік сәулелердің уранның күйіне қалай әсер ететінін бақылаған атақты химик Пьер Кюри өзінің хаттамалық жазбасында: «Х-сәулелер уранның күйін өзгертпейді»);
-Үшіншіден, факт – ақиқат синонимі ретінде қарастырылады («факт, бұл тікбұрыш қабырғаларының қосындысы 180 градусқа тең»).
Ғылыми факт эмпирикалық білімді бекітуде ерекше ұсыныстар арқылы айқындалады.
Факті тексеру, растау және теріске шығару теориясында үлкен рөл атқарады. Ғылыми теорияға қойылатын талаптың бірі – фактіге сәйкес болуы. Ғылыми білімнің түрі мен деңгейі екіге бөлінеді: эмпирикалық және теориялық, сондықтан фактінің екі түрін мойындау шарт.
Эмпирикалық ғылыми факті деп оқиғалар немесе құбылыстарды тану нәтижесінде эмпирикалық заңдылықтар мен түсініктің сәйкес келуін атауға болады. Теоретикалық ғылыми фактіге сәйкес, оның нақты ғылыми теорияның шеңберінде алынған мәліметтер. Эмпирикалық және теориялық ғылыми фактіні жіктеу барысында объективті шыңдықтың екі әдісін сипаттауда айырмашылық бар, әсіресе, ғылыми білімнің дамуындағы эвристикалық мәнін түсіндіруде маңызы зор. Табиғат ұғымында факті екі негізгі тенденцияға бөлінеді: фактуализм және теоретизм. Фактуализм тәуелсіз және дербес фактілерге байланысты әртүрлі теорияларды құрайды. Теоретизм – фактілер теорияларға тәуелді, теорияның өзгеру барысында оның барлық фактуалды базисы да өзгереді.
Ғылыми танымда фактілер жиынтығы гипотеза ұсынуы мен теория жасаудың эмпирикалық негізін құрайды. Ғылыми теорияның міндеті фактіні сипаттау, оларды түсіндіру, белгілі болмағандарын болжау болып табылады. Фактілер теорияны тексеруде, дәлелдеуде және терістеуде маңызды рөл атқарады: фактіге сәйкес келу ғылыми теорияға қойылатын басты талап. Теория мен фактінің сәйкесіздігі білімнің теориялық жүйесінің аса күрделі кемшілігі деп есептеледі. Дегенмен, егер теория бір немесе бірнеше фактілерге қарсы келсе, оны терістелген деп санауға болмайды, өйткені мұндай қарсылық теорияны дамыту немесе эксперименталды құралдарды жетілдіру кезінде жойылуы мүмкін.
Ғылыми факт – әдеттегі мағынада факт «оқиға», «құбылыс» ұғымдарының синонимі болады. Факт бұл адам қызметі немесе танымының объектісі болатын шындықтың фрагменті.
Ғылыми факт – ғылыми ақиқатты немесе жаңылу мен қателіктерді дәлелдеуде ен берік аргумент болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет