Дәріс 1 Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық



бет7/11
Дата20.12.2022
өлшемі210 Kb.
#58362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Д?ріс 1 Педагогика ?ылымыны? дамуы ж?не педагогикалы?

Ғылыми зерттеудің әдіснамалық қағидалары:
- Теория мен практика тұтастығы қағидасы;
- Зерттеліп отырған мәселеге нақты тарихи амал;
- Объективтілік қағидасы;
- Психологиялық, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді жан-жақты зерттеу қағидасы;
- Логикалық және тарихи тұтастық қағидасы;
- Жүйелік қағидасы,
- Детерминизм қағидасы;
- Жеке адамның белсенді қызмет ету қағидасы;
- Даму қағидасы;
- Жеке-әлеуметтік-іс амалдар қағидасы;
Педагогика басқа да ғылымдар да секілді нақты белгілерге ие:
1. Берілген ғылым құрылымына кіретін ұғымдар мен заңдылықтар жүйеленген;
2. Берілген ғылымға байланысты нақты зерттеу әдістері қолданылады;
3. Тек бақылауға келетін гипотезаларға (ғылыми болжамдар) ғана сүйенеді.
Ғылым ретінде педагогикаға келесілер тән:
1. Осы саладағы зерттеу бағыты үнемі кеңейеді;
2. Жалпы ақпараттану мен техникалық алға басуы педагогиканың дамуына әсері;
3. Педагогика кешенді ғылым, себебі онда әртүрлі ғылым салаларындағы білімдер мен әдістер қолданылады.
Ғылым үшін белгілі бір саладағы зерттеу әдістерінің нақты болуы маңызды болып саналады. Зерттеушіге осы немесе басқа ғылым саласындағы жүйелік білімді біліп қою ғана емес, сонымен қатар берілген ғылыми саласында білімді болуды талап етеді, сонымен қатар ол берілген салада зерттеу әдістерін білуі қажет. Әдістерді білмей ғылыми дилетантизмге түсу оңай. Сондқтанда барлық ғылым салаларында ғылыми жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді.


Дәріс 4: Педагогикалық зерттеудің ғылыми әдістері. Ғылыми педагогикалық эксперимент.

  1. Әдіснамалық талдаудың деңгейлері

2.Зерттеу нәтижелері
3.Зерттеу сапасын бағалау критерийі (өлшемі)
4.Ғылыми педагогикалық эксперимент туралы түсінік

  1. Әдіснамалық талдаудың әртүрлі деңгейлері бар.

Бірінші деңгей - нақты ғылыми әдіснама, яғни техникалық тәсілдерді, нормативтерді талдайды, қағидалар мен әдістерді қалыптастырады, оларға теоретикалық негіздеме береді.
Екінші деңгей - жалпы ғылыми. Бұл деңгейдегі әдіснама зерттеу объектісіне тәуелсіз және қызмет көрсетуші барлық ғылымдарды, білім қағидаларын, әдістері мен түрлерін оқытады. Әдіснаманың бұл деңгейіндеде эмпирикалық зерттеу әдістерін (бақылау, өлшеу, тәжірбие жасау), жалпы логикалық әдістерді (анализ жне синтез, индукция және дедукция) қолданады, сонымен қатар заңдылықтар, гипотезалар мен теориялар секілді түрлерінде оқытады.
Әдіснамада білімнің маңызды және формальды аспектілерді байланысты мәселелері шешіледі. Әдіснаманың мазмұнды аспектілер ғылыми білім құрылымы болып табылады; ғылыми теориялардың өзгеруі мен қызмет істеуі, жасалу заңдылықтары; жеке пән мен ғылымның түсіну аппараты; ғылымда қабылданған түсіндірме сызбасына сипаттама; ғылыми әдістер құрылымы; ғылыми белгілер мен шарттар, ғылыми қызметтер. Әдіснаманың формальды аспектісі ғылыми талдаумен, ғылыми түсініктің формалды құрылымымен, сипатымен және түрленген зерттеу әдістерімен байланысты, онымен қатар ғылыми теориялардың құрылу әдістері мен логикалық шынайылық шарттарымен байланысты.
Ғылыми білім эмпирикалық фактілердің қарапайым жиынтығы болып саналмайды, бірақ үнемі теоретикалық негіздемеге, яғни бастапқы теория базасын құраушы пікірлер (постулат, заңдар және т.б.) жиынтығына сүйенеді. Тиісінше, маңызды әдіснамалық міндеттердің бірі көптеген эмпирикалық мәліметтерден ғылыми білімнің құрылуының ортақ қағидаларын орнату.
Ғылым болмыстың нақты бір саласында біртұтас (ішкі дифференциалды) білім заңдылықтары жүйесін көрсетеді.
Ғылыми пән тек түсінік әдістерін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жағдайларда теоретикалық және қолданбалы мағынада танымды болжауға мүмкіндік береді. Сондықтанда, ғылыми әдіснама міндеті- ғалымдарды теоретикалық жағдайлардың эмпирикалық бақылау әдістерін қамтамасыз ету болып табылады.
Әдіснамалық білім деңгейлері:
- Философиялық деңгей
- Технологиялық деңгей
- Жалпы ғылыми деңгей
- Нақты ғылыми деңгей
Әдіснамалық білім деңгейлерін жеке- жеке қарастырамыз.
Философиялық деңгей - таным қызметінде жалпы теоретикалық негіздеме қағидаларын, бастапқы ғылыми таным негізі мен шарттарын анықтауды, жеке ғылымдардың таным аппараты мүмкіншіліктерін қамтиды.
Технологиялық деңгей - нақты алынған эмпирикалық мәлімет пен оның алғашқы өңделімін қамтамасыз етуші амалдарды қамтиды.
Жалпы ғылыми деңгей - ғылыми танымның әмбебап түрлерін, құралдары мен ережелерін қамтиды, яғни тек белгілі бір саладағы ғылымның ғана емес, сонымен қатар кең салада қолданылады.
Бұл деңгейде ғылыми зерттеуді құрастырудың жалпы мәселелері, теоретикалық және эмпирикалық қызметтің амал- тәсілдері өңделеді.
Нақты ғылыми деңгей - нақты бір ғылымда қолданылатын, ғылыми танымның әмбебап түрлері, құралдары мен ережелерінің негіздемесін орнатады, қамтиды. Әдіснаманың бұл деңгейінің қалыптасуы білім жүйесі шеңберінде практикалық жұмыс пен зерттеу әдістерінің түсіну қағидаларымен ажыратылатын ғылыми мектептердің құрылуы арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеуді жүргізудің келесідей әдіснамалық талаптары бар:
1. Зерттелетін үрдістер мен құбылыстар қандай болса, сондай қалпында қабылдау;
2. Құбылысты сипаттамау керек, керісінше оларды сын көзбен талдау керек;
3. Психология мен педагогика практикасында жаңа теорияларды жылдам игеру;
4. Міндетті түрде практикалық бағытты, ұсыныстарды күшейту;
5. Ғылми болжаудың сенімділігін қамтамасыз ету, зерттеліп отырған үдерістер мен құбылыстардың даму болашағын қалыптастыру;
6. Ойлау логикасына, педагогикалық (психологиялық) тәжірбие жиілігіне зер салу керек;
Әдіснамалық зерттеудің міндеттері педагогика ғылымының даму тенденцияларын, заңдылықтарын ашу, педагогикалық зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру принциптерін құру.
Зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету - әдіснамалық білімдерді зерттеу бағдарламасын құрғанда, зерттеу сапасын бағалағанда қолдану.

  1. Педагогикада зерттеулер дегенде оқыту, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдістері мен теориялары, оның маңызды ұстанымдары, білім жүйесін басқару нысандарының заңдылықтары жөнінде жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекеттер нәтижесі қаралады. Ғылыми зерттеулер бұрыннан танымал теорияларға сүйене отырып, тәжірибелік байқау жасауға болатын нақтылы деректерді негізге алады да, барлық элементтер, рәсімдер мен әдістердің өзара әрекеттерімен, жүйелілігімен, мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оның сапасы мен тиімділігі жағынан сипаттауға болады. Педагогикалық зерттеу нәтижелерінің мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар болып «зерттеу нәтижелері», «ғылыми-педагогикалық зерттеу сапасы», «зерттеу сапасын бағалау критерийі (өлшемі)» түсініктері болып табылады. Зерттеу нәтижесі білім беру саласында жаңа білімге немесе шешімге ие, ақпараттық тасымалдауда бар ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік іс-әрекеттің өнімі ретінде сипатталады. В.М. Полонский педагогикалық зерттеудің нәтижелері мен тақырыбын сипаттайтын негізгі құраушыларын былайша бөледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет