Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы


Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар



бет21/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
1. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
«Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы түрлі оқу материалдарының мазмұнын, яғни мәтіндерді оқушылар дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушының жасына, дайындығына, білімі мен дағдысына байланысты іріктеледі. Олар:

  1. Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

  2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысы.

  3. Шығарманы оқу.

  4. Шығарманың жоспарын жасау.

  5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

  6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.



3. Шығарманы оқу.
Мұнда көпшілік мұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады. Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын оқушылар жақсы түсінуі үшін, оны мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлеңдер, көркем фразалар мен сөз өрнектері кездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн.
Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді, белгілі бір аяқталған ойды білдіретін бөлімдерін, кезекпен біршене бала оқығаны жөн.
Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым ғана қалыптасады. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеріп алған дұрыс. Мұғалім мәтіндегі негізгі деректі анықтау үшін екі-үш сұрақ қояды. Жауаптарына қарай, әңгіменің қай жері күштірек әсер етті, баланың ой жүрісі қандай бағытта т.с.с. анықтайды.


4. Шығармаға жоспар жасау.
Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалар жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:
1) әңгімені бөлімдерге бөлу;
2) бөлімдерге ат қою. Оны тәртіппен жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды.
Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік жасайды. Бөлімдерге белу процесі шығарманы бір рет тұтас оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қкорытынды әңгіме кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге де талсыруға болады.
Кез келген шығармаға жоспар жасай берудің кажеті жоқ. Бастауыш сыныпта жоспар жасаудың жай түрі ғана үйретіледі. Мысалы, 2-сыныптағы «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесіне мынадай жоспар жасауға болады:
1. Балалар мектепке ағылып келіп жатты.
2 Кенет қоңырау соғылды.
3. Бөлмеге ақ сары адам кірді.
4. Ыбырай атаның әңгімесі.
3-4 - сынып оқушылары тұтас әңгімені өздері бөлікке беліп, әр бөлікке ат қою жұмысын атқара алады, яғни әрбір әңгімеге өз беттерімен жоспар жасай алады. Мұндай жағдайда мұғалім тек «Бұл бөлімде не жөнінде айтылады?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларға бағыт қана беріп отырады. Мысалы, оқулықта: М.Гумердің «Бақшада» әңгімесі берілген. Әңгіме әрі сюжетті, әрі танымдық мәні жоғары. Оқушылар осы әңгімені оқи отырып, әрі не жайында айтылғанын аңғарады да, соған орай, бөлімдерге бөледі, бөлімге ат қояды: 1. Балалардың кездесуі. 2. Олардың бақшаға баруы. 3. Картоп өскен жер. 4. Қоңыр дақ басқан картоп жапырағы. 5. Балалар Кәрім ағамен кездесті. 6. Кәрім ағайдың әңгімесі. 7. Балалардың риза болуы.
Алайда шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын әр бөлімге ат қоя беруге болмайды. Өйткені шығармаға ат қою – күрделі жұмыс, көп ойлауды қажет етеді. Сондықтан қай материалға жоспар жасау керек, қайсыларын бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай-ақ оқытуға болады, қайсыларын оқушылар өздері бөлімге бөледі, қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі – олардың барлығын мұғалім алдын ала ойластырады.
Жоспар немесе бөлімдерге ат қою 3-сыныпта хабарлы сөйлем түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы сөйлем түрінде айтылады. Ал 4-сыныптан бастап атаулы сөйлем түрінде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет