2. Ертегі әлемінің түрі мен кейіпкерлеріне мағлұмат беру. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.
К.Д. Ушинский: «… шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма», - деп жазған.
Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда», «Баяғы өткен заманда», «Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер.
Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген.
Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді.
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаскөйде аса үрейлі, жауыздығында шек жоқ жалмауыз кемпір жойқын күш иесі болып бейнеленеді. «Алтын сақа» ертегісіндегі кейіпкерлер жалмауыз кемпір бойында қандай ерен қуат бар, күнәсіз балаға деген қаскөйлігі қандай.Сақасын іліп ала қашқан балаға жете алмасын білген соң, ол бір тісін жұлып түсіреді тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі.
Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейіпкерлердің ішіндегі адамға жағымсыз, сұм кейіпкерлер – мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар.