Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы



бет42/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Екінші шумақта бұл үшеуінің қаншалық қиналса да жүкті орнынан қозғай алмағандығы айтылады. Бұл шумақты түсіндіргенде, оқушыларға «Жүк неліктен орнынан қозғалмады?» деген сұрауды қоя отырып, оны олардың қаншалықты машақат тартқандығы және бар күштерін салып аянбай қимылдағандығын, бірақ сонда да жүктің қозғалмағандығын бейнелейтін, тармақ мазмұндарымен бірлесе отырып, талдап түсіндіру керек.
Үшінші шумақта бір бағытта тартпаған соң, жүктің орнынан қозғалмағандығы айтылады. Бұл шумақта жүктің орнынан қозғалмауындағы басты себеп: ауыр болғандығында да, олардың күш шығармағандығында да емес, қайта бір бағытта тартпағандығы баса айтылады. Түсіндіру барысында міне осы түйінді көрнектелендіру керек. 
Төртінші шумақта өлеңдегі автордың негізгі идеялық сезімі, яғни өзекті идеясы негізге алынады. Оқушыларды бұдан ғибрат алуға, бірлік-ынтымақ барлық істе жеңіске жетудің түп кепілі екендігін білуге шақырады. Соңында оқушыларға қарапайым да мызғымас қағиданы, яғни бірлік, ынтымақ – күш, бірлік, ынтымақ – жеңіс деген өзекті идеяны сіңіру керек. «Ырыс қайда барасың?» дегенде, Төле бидің «Ынтымағы мол жерге барамын» деп жауап қатқандығын келтіре кету де артық болмайды.
4) Оқушылар өлеңнің мазмұны жөнінде бастапқы түсінікке ие болғаннан кейін, олардың түсінігін тереңдету негізінде өлеңді сезіммен оқуға ұйымдастыру керек. Оқушылар өлеңді қанша көп оқыса, өлең мазмұны жөніндегі түсінігі де сонша тереңдейді. Өлеңді сезіммен оқуда жеке және ұжымдық оқу, мазмұны қысқа сұрауларды қойып, жетектей отырып сөйлету, соңында оқытушы қорытындылап беру және қайталап оқыту сияқты әдістерді қолдануға болады. Көп оқу, сезімді оқу, мәнерлеп оқу – өлең оқытудағы оқудың басты түйіні, әрі оқыту нысанасы болып табылады. 
Жоғарырақ сыныптарда (3-4 сыныптар): 
1) Өлеңнің тақырыбы мен жазылу ерекшелігі жөнінде қысқаша ескерту сипатты түсінік беру керек. Өлеңдердің тақырыбы өте ықшам және бейнелі болатындық-тан, оқушыларға алдын-ала қысқаша түсінік берілсе, олар тақырып арқылы өлеңнің негізгі мазмұн беталысын аңғарып алуына болады.
2) Оқушылардың өлеңді сезіммен дауыстап, ырғағына келтіре оқуына, мәнерлеп оқуына жетекшілік етуі керек. Алдымен оқытушы өзі өлеңді оқу қағидасы бойынша сезіммен оқып, үлгі көрсетіп, онан соң оқушыларды ашық әуенмен сезіммен, мәнерлеп оқуға машықтандыру керек. Егер тамаша жазылған бір өлеңнің оқылуы нашар болса, онда сол өлеңнің әсер күші әлсіреп, тәрбиелік рөлі төмендейді. Өлеңдердің буын саны ұқсас болмағандықтан, әрбір өлеңді өз ырғағы бойынша буын санына лайық әуенмен мәнерлеп оқуға тура келеді. Сол үшін оқытушы әр түрлі өлеңнің оқылу әуені жөнінде оқу қағидасын тұрақтандырып және жаттығып, онан соң өзі үлгі көрсете отырып, сезіммен дауыстап оқуға ұйымдастыру керек. 
3) Өлең оқығанда әуенге көңіл бөлу керек. Әуен өлең оқығанда ондағы мазмұнға, бейнеленген идеялық сезімге қарай дауыстың толқындап, кейде күшті, кейде бәсең, кейде жоғары, кейде төмен, кейде тез, кейде баяу оқылуына қаратылады. Өлеңді белгілі бір әуенмен оқығанда тыңдаушыларды әсерлендіріп, оқушылардың өлең оқуға қызығушылығын арттыруға болады. Өлеңді әуенмен оқу үшін тілдің (сөздің) қалай қолданылғандығы, ұйқастарының құрылым тәртібі, ырғағы, буын, бунағы, тыныс белгілерінің қойылуы сияқты шарттарды алдын-ала игеріп алу қажет. 
4) Алуан түрлі көрсетпелі үлгі арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу өресін жоғарылату керек. Тамаша әуенмен әсерлі оқылған өлеңдерді дыбыс таспасына басып, оқушыларға қайта тыңдату арқылы да өлеңді әуенмен оқуға жаттықтыруға болады. 
5) Түрлі сайыстар арқылы өлең оқуға жаттығу қажет. Мысалы, сыныптар немесе мектеп бойынша мәнерлеп оқу жарыстарын жүргізуге болады. 
6) Өлеңдегі жаңа сөздерді сол шумақтағы беріп тұрған мағынасына негіздеп түсіндіру керек. Жаңа сөздерді түсіндіру талдаудың алдында жүргізіледі және жаңа сөздердің мағынасын арнаулы дәптерге жаздырып отыру керек.
7) Өлең құрылысы, идеялық мазмұны, бейнелеу әдісі жөнінде талдау жасау керек. Талдау жасауда, біріншіден, оқушылардың қабылдау заңдылығы бойынша оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге өту арқылы, алдымен, тармақтар, онан соң шумақтар бойынша түсінуге жетектеу, кеңес беру, талқылау әдісі арқылы өлеңде қандай суреттеулер мен ауыспалы мағыналы сөздер мен және жаңа сөздер бар екендігін, оның қандай мағыналы сөздер және жаңа сөздер бар екендігін, оның қандай мағынаны бейнелеп тұрғандығын сұрауы керек. Соңында оқытушы дұрыстап, толықтап, тұтас өлеңнің идеялық мазмұнын қорытындылап беруі керек. Екіншіден, оқытушы жан-жақты мұқият дайындық жасай отырып, басты сөздер мен тармақтарға талдау жасап, кейбір көлемді өлеңдерді бөліктерге бөліп талдауы керек.
Төменде мысал ретінде Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңіне талдау жасап көрелік: 
Бұл өлең лирикалық өлең болып, жастарды оқуға, өнер-білім іздеуге, жастық шақты ойын-күлкімен бекер өткізіп жібермеуге, ғылымды сүюге, жақсыдан үлгі алып, жаман істен аулақ болып, тәрбиелі, парасатты адам болуға шақырады. Өлең біршама көлемді болғандықтан, оны бейнелеген мазмұнына қарай 6 бөлімге бөліп оқытуға болады. 
1-бөлім ең басты төрт тармақ болып, ондағы: 
«Ғылым таппай мақтанба, 
Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба, 
Ойнап босқа күлуге.» 
Бұл тармақтар арқылы ойнап-күліп, уақытты босқа өткізу адам мақтан ететін іс емес, ғылым үйреніп, қоғамнан басқалармен бірдей орын алуға ғана мақтанарлық, шаттанарлық, ұлағатты іс екендігі айтылады. 
2-бөлім «Бес нәрседен қашық бол» деген тармақтан «Бес асыл іс көнсеңіз» деген жерге дейінгі он бір тармақ болып, онда тәрбиелі де, жарамды адам болудың жолыкөрсетіледі. Жастар аулақ болатың өсек, өтірік айту сияқты жаман әдет, мақтаншақтық сынды жаман мінез, еріншектік, еңбек етпей, ішіп-жеп жататын арамтамақтық атап көрсетіліп, бұл жаман әдеттердің жастарды жолдан аздыратын дұшпан екендігі, ал талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты бес асыл қасиетті қалыптастыру қажеттілігі дәріптеледі. 
3-бөлім «Жамандық көрсең нәфрәтлі» деген тармақтан басталы, «Айтпа ғылым сүйсеңіз» деген тармаққа дейін болып, онда жамандыққа кектену, жақсылықтан ғибрат алу, балалықты тастап, ғылым сапарына аттану, өзін қор санамай, қайта ғалым болуға бел байлау, ғылымды сүйсең, оған берілсең сен де ғылым шыңына шыға аласың деген идеяны дәріптейді, бұл бөлімдегі: 
«Болмасаң да ұқсап бақ, 
Бір ғалымды көрсеңіз. 
Ондай болмақ қайда деп, 
Айтпа, ғылым сүйсеңіз. - деген тармақтарға толыққанды тоқталу қажет. 
Бұл тармақтар жеке тұрғанда төрт тармақтан құралған бір шумақ болып, кезекті ұйқаспен жазылған. 
7-8 буынды,екі бунақты өлең, идеялық мазмұн жағынан автордың лирикалық сезімінің ең жоғары кезеңі есептеледі. 
4-бөлім,«Сізге ғылым кім берер, 
Жанбай жатып сөнсеңіз. 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз. 
Бұл шумақта ғылымды үйренуде жалықпай үйрену, азғантай үйренгендерін қанағат көріп, үздіксіз ізденіп үйренбейтін, үйренсе де, шала-шарпы үйреніп, жанбай жатып сөнетін, дәстүрлі мал шаруашылығына ғана сүйенетін, соны ғана байлық санайтын, нағыз байлық көзі өнер-білім екендігін түсінбейтін надандықты астарлай сын тізіне алады. Сөйтіп, ғылым арқылы бақытқа, байлыққа жетуді дәріптейді. 
5-бөлімде білімді адамдардың сөзіне ғана сенуді, надандардың сөзіне сенбеуді, қандай да істі ақылмен ойлап көруді дәріптейді. Бұл «Білгендердің сөзіне» деген тармақтан «ондай түпсіз сөзге ерме» деген жерге дейін 8 тармақты қамтиды.
6-бөлімде соңғы алты тармақ қамтылып онда адам үйренген сайын санасы оянып, көзі ашылады, тез үйреніп, тез жоймай, үйренгенді істету, білімді, ғылымды өз мүлкіне, өз біліміне айналдыру дәріптеледі. 
Бұдан сырт мынаны да ескерте кеткен жөн: өлеңдер сезімнің қалай бейнеленгендігін, атап айтқанда,жастарға, ұрпақтарға қарата автордың қандай сезімде болып отырғандығын және бұл сезім өлеңде қалай бейнеленгендігін, сол өлеңнің тармақтарына бірлестіріп түсіндіру қажет.
Оқушылардың өлең жөнінде түсінігін тереңдету үшін шығармашылық жұмыстың мынандай түрлерін орындауға болады: 

  1. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару. 

  2. Белгілі бір тақарыпта байланысты өлең шығару. 

  3. Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару. 

  4. Белгілі ақын шығармасына еліктеп өлең жазу. 

Бұл оқушылардың сөйлеу тілін, ой-қиялын дамытуға, сөз қадірін білуге, ана тілін ардақтауға тәрбиелейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет