Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы



бет35/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
әдебиет дәрістер

Шығармашылық әңгіменің түрлері. Мұғалім балаларға әңгіме айтудың бірнеше түрін қолданады. Оларға өмірден көргендерін (есте қалғанын, бақылағанын) айтып беру, көркем шығарманы түсіндіріп әңгімелеу, сурет бойынша әңгіме жүргізу, ұлы адамдардың өмірбаяндарымен таныстыру, көркем шығарма мәтіні бойынша дайындау барысында оны қысқартып әңгімелеу, бөгде біреудің атынан айтып беру, көпшілікке арналған ғылыми мақала негізінде құралған хабарлама әңгімеге сюжет құрып айтып беру сияқтылар жатады. Осылдардың барлығы шығармашылық әңгіме.
Өмірден көргендерін (есте қалғанын, алған әсерін) әңгімелеу. Әңгіменің бұл түрі оңайлау, өйткені бұған тікелей сезіну, көру фактілері арқау болады. Мұғалім әңгіменің бұл түрінің ең қызықтысын, балалардың жас ерекшелігіне сай келетінін, тәрбиелік мәні, маңыздысын ғана таңдайды.
Сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерінің бірі — мұғалімнің балаларды жетекші сөздер арқылы әңгіме қатыстыра білуі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп беруге үйретуде мұғалім шығарма мазмұнына сай сұрақтар бере білуі керек.
Мұғалім балалардың әңгімелеріндегі кейбір фактілерді толықтырып отыруға тиісті.
Балаларға әліппе оқулығында берілген «Бәрінен де жақсы» деген мәтінді оқытып көрейік. Мысалы:
Бәрінен де жақсы.
«Бір кішкентай қыз топты адамның ортасында шешесінен адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп таба алмаған соң бақырып жылапты. Оны көрген адамдар жұбатып: - Сен жылама, біз сені қазір шешеңе апарамыз. Сенің шешең қандай адам еді? - деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып: - Сіз білмейтін бе едіңіз, менің шешем ең жақсы адам!? Ол бәрінен де жақсы, - деп жауап беріпті».


Осы мәтінмен жұмыс әдістемесі:

  1. Мәнерлеп оқып шығамыз.

  2. 2-3 оқушы оқиды.

  3. Оқушылардың қате оқыған сөздеріне түзету жасап, бірнеше рет оқимыз. Мысалы, мәтіндегі «кішкентай, бақырып, жұбатып» деген сөздерді дұрыстап айта алмайтындары болады.

  4. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Балалардан толық жауап алу ескеріледі.

1. Кішкентай қыз кімнен адасып қалды? (Кішкентай қыз шешесінен адасып қалды).
2. Қайда адасып қалды? (Қыз көшеде адасып қалды.)
3. Қыз қандай еді? (Қыз кішкентай еді.)
4. Қыз не істеді? (Қыз бақырып жылады.)
5. Қызды кімдер жұбатты? (Қызды көрген адамдар жұбатты.)
6. Олар қыздан нені сұрады? (Олар қыздан – анаң қандай адам?- деп сұрады.)
7. Қыз не деп жауап берді? (Қыз менің шешем ең жақсы адам,- деп жауап берді.)

Мәтін мазмұнын түсінуде сұрақтарға дұрыс жауап берудің үлкен тиімділігі бар, сондай-ақ сұрақ та дұрыс қойылуы қажет.



  1. Мұғалімнің соңғы қорытындысы, мәтіндегі негізгі ойды тиянақтап, пысықтап өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет