Сұрақ: Өнеркәсіптік аймақ түсінігі Жауап:инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн басқа да өндірiстiк, коммуналдық және қойма объектiлерiн орналастыруға арналады.
Сұрақ: Қаладағы инженерлiк және көлік инфрақұрылымдары аймақ түсінігі Жауап:көлік пен байланыс, магистральдық труба құбырлары, инженерлiк қамтамасыз ету желiлерi, инженерлiк жабдықтар коммуникациялары мен құрылыстарын орналастыруға және олардың жұмыс iстеуiне арналады.
Сұрақ: Қаласындағы санитарлық - қорғау аймақ түсінігі Жауап:өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін болған жағдайда, тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс.
Сұрақ: Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесі келесідей нормативтік-құқықтық актіге сәйкес әзірленеді Жауап:Салық кодексі.
Сұрақ: Аймаққа бөлу коэффициентін есептеуді орындау кезінде жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектілерінің құнын айқындау үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органның архивінің техникалық құжаттамасы материалдарын пайдалану керек Жауап:мемлекеттік электрондық дерекқорды.
Сұрақ: Бағалау учаскелеріне аумақтың салыстырмалы құндылық факторларына ықпал етуі ескеріледі Жауап:қала, аудан, кент, село орталығына халықтың қол жетімділігі.
Сұрақ: Жерді бағалау дегеніміз не? Жауап:Жердің құнарлылығын балдық көрсеткішке сәйкес құнын анықтау.
Сұрақ: Кадастрлық (бағалау) құны дегеніміз не? Жауап:мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны.