Дәріс №1 Тақырып: Грамматика және оның салалары. Мақсаты



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі37,93 Kb.
#14555
түріҚұрамы
1   2   3
Сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге грамматикалық сипаттама беру үшін ең негізгі грамматикалық ұғымдарды білу керек. А.Ысқақов, С.Исаев сынды қазақ тілтанушылары ондай грамматикалық ұғымға грамматикалық мағынаны, грамматикалық форманы, грамматикалық категорияны жатқызады [ қараңыз: Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1975. 13-19 б.б.; Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.- Алматы: «Рауан», 1998. 14-б.].

Морфема - грек тілінен келіп қалыптасқан термин (morphe - тұлға). Морфема деп, әдетте, сөздің мағыналық қызмет атқаратын ең кіші бірліктерін айтады. К.Аханов морфеманы түбір морфема (негізгі морфема) және аффикстік морфема (қосымша морфема) деген екі түрге бөліп қарайды [К.Аханов, ГТН, 19-бет]. Түбір морфема да, қосымша морфема да лексикалық-морфологиялық тұрғыдан одан әрі бөлшектенбейді. Мәселен, ар, жан деген сөздер морфемаға бөлінбейді. С.Исаевтің пікірінше, «түбір морфема құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі, негізі. Түбір морфема жаңа сөз жасаудың ұйтқысы болып табылады, түбір морфемасыз сөз жасалмайды». Ал «қосымша морфемалар – өз алдына жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған түрлі мағыналар үстейтін морфемалар». Қосымша морфемалар сөз жасау, сөз түрлендіру, сөз бен сөзді байланыстыру қызметіне қарай мынадай екі топқа бөлінеді: 1. Жұрнақтар; 2. Жалғаулар. Жұрнақтар мағыналық қызметіне қарай екіге бөлінеді: 1. Сөзжасамдық жұрнақтар; 2. Сөз түрлендіруші жұрнақтар. Жалғау төртеу: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау, септік жалғау. Морфема – сөзжасам мен морфологияға ортақ мәселе.

2. Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.

Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да (бас, қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да), бірнеше морфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы) құрала береді. Сөз құрамындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдірсе, екіншісі (-шік) кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді. Мағыналық тұүрғыдан қарағанда, морфема сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады. Сөз де, морфема да дыбыстан немесе дыбыстардың тіркесінен құүралады. Дыбыс - тілдің ең кіші единицасы, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайды. Дыбыс - тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық единицасы. Егер жеке дыбыс мағынамен байланысса, яғни мағыналық единица ретінде қызмет атқара қалса, онда оның сөз немесе көмекші (аффикстік) морфема болғаны.

Сонымен, морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы. Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы көл морфемасы негізгі лексикалық мағынаны білдірсе, -шік және -ке морфемалары грамматикалық мағыналарды білдіреді. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, грамматикалық мағыналарды білдіретін морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема деп аталады

Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Негізгі (немесе түбір) морфеманың жалпылама лексикалық мағынасы заттық мағына деп аталады.

Негізгі немесе түбір морфемаларда дербестік бар. Олар, мысалы, түркі тілдерінде дербес сөз ретінде қолданыла алады. Ал аффикстік морфемаларда мұндай дербестік болмайды. Сондықтан олар көмекші морфемалар деп аталады. Аффикстік морфемалар әрқашан сөз құрамында қолданылады. Олар сөзден тыс ешқандай мағынаны білдіре алмайды. Аффикстік морфема сөз құрамында қолданылғанда ғана, белгілі бір мағынаны білдіреді.

Аффикстік морфемалар түбір морфемадан сөздердің үлгілерін (модельдерін жасауға қатысы жағынан да ажыратылады. Аффикстік морфемалар сөздердің белгілі бір тобының құрамында қолданылса, түбір морфемалар бір емес, әр басқа топқа қатысты сөздердің құрамында ұшыраса береді. Мысальқ білімнен деген сөздің құрамындағы -ім және -нен аффикстік морфемалары сөздердің зат есім деу аталатын тобында ғана ұүшырасса, -біл деген түбір морфема сөздердің зат есім (мысалы: білім) деп аталатын тобында ғана емес, әр түрлі топтарда, мысалы, етістіктер тобында да (білдіру, біліну, білісу), сын есімдер тобында да (білгіш, білімді) ұшыраса береді. Түбірморфемалар әр басқа формалармен түрленетін сөздердің құрамында қолданыла алса (мысалы, жоғарыдағы әр басқа сөз таптарының түрлену формалары), аффикстік морфемалар біркелкі формаларда түрленетін сөздердің күрамында қолданылады. Мұнымен бірге мына бір ерекшелікті қоса ескеру қажет: аффикстік морфема сөздердің белгілі бір тобына телініп шектеле тұрса да, түбір морфемаға қарағанда, әлдеқайда жиі қолданылады. Белгілі бір аффикстік морфема біртектес түбір морфемалардың әлденешеуіне жалғана берсе, белгілі бір түбір морфема санаулы ғана аффикстік морфеманы қабылдай алады. Мысалы, аффикстік морфеманың бірі - көптік жалғауы (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) күллі зат есім атаулы сөздердің (немесе түбірлердің) барлығына бірдей жалғана берсе, жер деген түбір морфемаға аффикстік морфемалардың барлығы емес, бірнешеуі ғана жалғана алады.

Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдердің де, баста, бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады.

Ал негіздің түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі (әр басқа) лексика-грамматикалық топтары үшін емес, олардың белгілі бір лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы, бас морфемасы жоғарыда аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де - бәріне бірдей ұйтқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығың, бастығы деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз -бастық, ал бастап, бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне бірдей ортақ негіз - баста. Басқара, басқарып, басқарғалы, басқарған, басқарар, басқаратын деген етістік формаларының негізі басқар болып саналады. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема - сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз тобына) жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйтқы болатын элемент те, негіз - белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір сөздің әр түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйтқы.

Түбір морфема сөздердіқ ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. Мысалы: күйші, малшы, достық, таулы, өрле, бағала және т. б. Негіз бір ғана морфологиялық элемент - таза түбірден де құралуы мүмкін. Мұндайда, жоғарыда аталып өткеніндей, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе негіз бен сөз тәрізді единицалар бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: от, өт, бел, без, жер, жел, тас, жаз, ай, күн және т. б.

Морфологиялық сіңісу процесінің нәтижесінде алғашқы түбір морфема мен аффинкстік морфеманың бір-бірімен ажырамастай болып кірігіп, бұл күнде морфемаларға мүшеленбей бір тұтас морфема ретінде ұғынылатын түбір морфемалар сіңіскен түбірлер деп аталады. Сіңіскен түбірлерге төмендегі түбірлер мысал бола алады: жарық, жалын, моншақ, қайт, қайыр, оят, оян, мөлдір, мөлтең,құтыл, құтқар, семір, семіз және т. б. Бұлар қазіргі қазақ тілінде жар+ық, жал+ын, мон + шақ, қай + т, қай + ыр, оя +т, оя + н, мөл +дір, мөл +тең, құт-ыл, құт + қар, сем + ір, сем +із түрінде немесе басқа түрде мүшеленуге келмейді де, әрқайсысы бөлініп-жарылмайтын бір бүтін түбір морфемалар-сіңіскен түбірлер ретінде танылады.

Сонымен, сіңісу процесінде сөздің түбірлес, төркіндес сөздерімен байланысы күңгірттеніп жойылады да, элементтері өз ара кірігіп (сіңісіп) кеткен сөздер өзімен төркіндес сөздерден оқшауланып алшақтайды. Мысалы, жақ (жағу), жан (жану), жарық, жалын деген сөздер этимологиялық тұрғыдан о баста бір ғана түбірден (жа-) тарағанмен, қазірде бұл сөздер түбірлес сөздер ретінде емес, іргесі бір-бірінен аулақ жатқан, жақындығы жоқ сөздер ретінде ұғынылады,

Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетін аффикстер бар. Мысалы, жоғарыда аталған көлшік деген сөздің құрамындағы -шік аффиксі жалпы ұғымды білдіретін көл деген түбірге жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсіп тұр. Аффикстердің кейбіреулері дербестігі жоқ түбір морфемадан сөз тудырады немесе дербестігі бар түбір сөзден туынды сөз тудырады. Мысалы, қазақ тілінде бүлік деген сөз бүл күнде өз алдына дербестігі жоқ бүл- деген түбірге (аталған түбір бүлін, булдір деген сәздердің де құрамында кездеседі) -ік деген аффикстің жалғануынан жасалса, осы аффикстің өз алдына дербес сөз ретінде қолданыла алатын тіл деген түбір морфемаға (түбір етістікке) жалғануынан тілік деген.туынды сөз жасалған. Дербестігі жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір сөз жасайтын мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық (Деривациялық - латынның derivatio (меншіктеп бөлу) деген сөзінен жасалған термин) мағына деп аталады.

Аффикстердің кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып, олардың өз ара қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы, көлдің жағасы дегендегі -дің және аффикстері сөз тудырып тұрған жоқ, көл мен жага деген сөздерді байланыстырып; олардың бір- біріне қатысын білдіріп тұр.

Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатысын білдіретін аффикстер сөз түрлендірушіаффикстер, ал олардың (сөз түрлендіруші аффикстердің) грамматикалық мағыналары реляциялық (Реляциялық - латынныңгеtаtіо (қарым-қатынас) деген сөзінен жассалған термин) мағына деп аталады.

Аффикстік морфемалардың ішінде ең жиі ұшырасатындары жұрнақтар мен жалғаулар. Жұрнақтар өз ішінде екі топқа бөлінеді: оның бірі-сөз тудырушы жұрнақтар, екіншгсі-форма тудырушы жұрнақтар.Сөз тудырушы жұрнак жалғанған сөзіне жаңа мағына үстеп, туынды сөз жасайды. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикаллық единицаға (сөзге) айналып, сөздіктерде өз алдына бөлек (дербес) реестр сөз ретінде қаралады. Мысалы, ек, су, қол деген түбірлерге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануынан жасалған мынандай туынды сөздер бар: 1) егін, егінші, егіншілік, егінді, егіс, егістік, екпе; сулы, сулык, сула, суландыру, сусау, сусыз; қолдау, қолдаушы, қолдан, қолданыс, қолдас, қолтық, қолтықта және т. б. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған осы туынды сөздердің әрқайсысы өзіне негіз болған түбірден мағынасы басқаша, өз алдына бөлек-бөлек лексикалық единицалар (сөздер) ретінде ұғынылады.

Форма тудырушы жұрнақтардың сөз тудырушы жұрнақтардан табиғаты басқаша болады. Сөз тудырушы жұрнақтар жалғағған сөзінің мағынасын өзгертіп, онан мүлдем жаңа мағынаны білдіретін басқа бір туынды сөз жасаса (мысалы: қой -төрт түлік малдың бірі, қойшы- «қой бағатын адам, шопан»), форма тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне сәл ғана қосымша мағына үстейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет