Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Виттариялар тұқымдас тармағы (виттариевые) - Vіttarіoіdeae



бет110/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Виттариялар тұқымдас тармағы (виттариевые) - Vіttarіoіdeae


Виттариялар ерекше маманданған аздаған топ, негізінен эпифитті папоротниктер. Бұларға тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездесетін 7-9 туыс жатады. Олардың барлығы онша ‰лкен болмайтын шөптесін өсімдіктер, жапырақтары жай тұтас өте сирек аша тәрізді, жерге төселіп өсетін тамырсабағының сыртын тор тәріздес қабыршақтар қаптап тұрады. Виттариялар туыстарының барлығына бірдей хромосомдар санының


30 болуымен және сыртқы морфологиялық құрылыстарының ортақ ұқсастықтарының болуымен (қабыршақтарының тор тәрізді болуы, сорустарының жапырақ ұлпаларының екі сайында орналасуы, гаметофиттерінің ұзынша болып келуі), сонымен бірге анотомиялық құрылыстарында ұқсастықтардың болуымен сипатталады. Сонымен, олардың барлығының жапырақ эпидермистерінде ерекше ұзарып созылған, ине тәрізді клеткалары идиобластары болады. Виттариялардың тағы бір ерекшелігі сол, өсімдіктің барлық бөліктерінде склеренхиманың элементтері болмайды. Көптеген т‰рлерінде механикалық қызметті колленхима атқарады.
Тұқымтармағы өз атын виттария туысынан (Vіttarіa) алған. Бұл туыс осы тұқымдас тармағының ішіндегі ең ‰лкені, оған 80 т‰р жатады. Виттарияның барлық т‰рлерінің жапырақтары астық тұқымдастарының жапырақтарына ұқсас жіңішке, әрі ұзынша болып келеді. Оларға ерекше "виттариоидты" ж‰йкеленудің типі тән. Б‰йірлік ж‰йкелері бір-бірімен қосылып бір жиектік ж‰йке және орталық ж‰йкенің екі жағынан бір-бір қатардан ареол (ж‰йкелерімен қоршалған жапырақтың ‰стіңгі учаскелері) т‰зеді. Осы ареолдардың ұзына бойында, олардың сырт жағындағы ерекше бороздаларда-‰здіксіз тұтас т‰зудің бойымен спорангийлері орналасады. Бороздалардың шеттері көп жағдайда көтеріңкі болады, сөйтіп олар сайда орналасқан спорангийлерді жақсы қорғайды және басқа папоротниктердің жамылғылары қандай қызмет атқарса, бұларда сондай қызмет атқарады.
Қорғаныштық қызметін көптеген парафиздері де (осы тұқымдас тармағына тән) атқарады. Виттариялардың кейбір т‰рлерінің парафиздерінің
көп болатындығы сонша, олардың арасында спорангийлері м‰лдем көрінбей қалады. Парафиздердің соруста болатын жыныстық процеске қатысы жоқ ерекше құрылым. Кейде олар спорангийлерге ұқсас болады, алайда көп жағдайда формасы басқаша.
Тропиктердегі өзендердің жағалауында, сайларда және таулардың аздаған биіктіктерінде виттария ағаштың м‰к басқан діңдерінде ‰немі кездесіп отырады. Қылыш тәрізді виттария (V.ensіformіs) пальманың діңінде жиі кездеседі, олар пальманың т‰скен жапырақтарының сағақтарының қалдықтарынан тұратын жабынның арасында жиналатын жаңбырдың суын пайдаланады.
Тұқымдас тармағының басқа өкілдері секілді виттария туысында, ұзындау, белдік тәрізді ұзақ өмір с‰ретін гаметофиттері болады. Виттарияның гаметофиттерінің бір ерекшелігі сол, олар арнайы б‰ршіктер т‰зу арқылы (выводковые почки) вегетативтік жолмен көбейе алады. Гаметофиттер өзінің өмір с‰ру барысында ешнәрсеге тәуелсіз және дербес жағдайда болады, алайда олар өздерінің негізгі қызметтерін атқаруды ешуақытта тоқтатпайды, яғни жаңа спорофиттер беріп отырады. Жақында Америка ғалымдары У.Вагнер және Дж.Шарп АҚШ-ның Шығысындағы Аппалачтан өздерінің негізгі қызметтерін ұмытқан виттарияның гаметофитін тапты: табиғи жағдайда да, мәдени жағдайда да ол гаметангий т‰збейді, сондықтанда бұдан спорофит жетілмейді. Оның 4-10 клеткадан тұратын ұршық тәрізді өсінділері (геммы) желмен немесе жануарлармен таралады және қолайлы жағдайда жаңа гаметофитке айналады. Өзінің морфологиялық ерекшелігіне қарай бұл гаметофит Американың жылы облыстарында кең таралған жолақты виттарияның (V.lіneata) гаметофитіне көбірек ұқсайды.
Жыныс органдары жоқ (стерильді) гаметофит жолақты виттарияның ареалынан ж‰здеген миль солт‰стікке таман таралған. Сонымен қазіргі кезде өмір с‰ріп отырған т‰рден немесе оған ұқсас, туыстық жағынан жақын, бірақ қазіргі кезде жойылып кеткен т‰рден шыққан бұл папоротник редукцияға көп ұшырағаны сонша биологиялық циклден оның тұтас ұрпағы спорофит жойылып кеткен.
Бұл тұқымдас тармағының ‰лкен туысының бірі-антрофиум (Antrophyum), ол ескі жердің тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Антрофиумның 40-тай т‰рі бар, олардың барлығының ж‰йкеленуі ерекше, ареолдың қалың торларынан тұрады, ортаңғы ж‰йкесі болмайды (ең болмағанда жапырақтың ‰стіңгі жартысында). Антрофиумның сорустары не жапырақтың бет жағында тор т‰зіп тұрады, не жекеленген, кейде тіптен тарамдалған т‰зулердің астында орналасады. Бұл папоротниктердің тамырсабақтарының сыртын қалың, шаш тәрізді ұсақ жанама тамырлары жауып тұрады. Кейбір т‰рлерінің жапырақтары құрғақшылық кездері б‰рісіп, оралып қалады, алайда жаңбыр жауысымен қайтадан тіріледі. Антрофиумдардың т‰рлері ағаштардың діңдерінде ғана емес, сонымен бірге көлеңкелі жерлердегі жар тастардың бетінде де өседі. Антрофиумның споралары, басқа виттариялардың споралары секілді тетраэдралы және билатеральды болады. Кейде олар шашылғанға дейін тікелей спорангийдің
ішінде өне бастайды. Оны спорангийлердің ішін ашып, ондағы гаметофиттердің дамуының алғашқы сатысын көруге болады. Монограмма туысының (Monogramma) ескі жердің тропикалық аймақтарында 2-т‰рі кездеседі, олар виттариялар тұқымдас тармағының ішінде ғана емес, сонымен бірге жалпы папоротниктердің ең ұсағы. Дареежемісті монограмма (M.dareіcarpa) деген т‰р ылғалдығы аса жоғары тропикалық ормандарда және Оңт‰стік – Шығыс Азиядағы өзендердің жағалауында өседі. Оның жапырағының ұзындығы 1-2 см-ден, ал ені 1-1,5 мм-ден аспайды және тарамдалмайтын жалғыз ғана орталық ж‰йкесі болады. Ксилемасының қалыңдығы бары-жоғы бірнеше клеткадан тұрады. Жапырақ ж‰йкесінің
‰стіңгі ұшындағы ойыстау жерінде (бороздках), осы жапырақтың төменгі бетінің ұлпасының өсіндісі мен жабылған споралары жатады. Бұл папоротник өзінің көлемінің кішілігіне қарамастан, жіңішке тамырсабақтары арқылы ұлғайып, ағаштың діңінде, әсіресе оның төменгі жағында қалың болып қаптап тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет