Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Схизеялар қатары (схизейные) - Schіzaeales



бет107/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Схизеялар қатары (схизейные) - Schіzaeales


Схизеялар қатары мынадай екі тұқымдастан тұрады: Схизеялар


(Schіzaeaceae), с‰мбілдер (Adіantaceae).


Схизеялар тұқымдасы (схизейные) - Schіzaeaceae


Схизеялар көбіне тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсетін шөптесін, сиректеу лиана тәрізді папоротниктер. Тек аздаған т‰рлері Солт‰стік Американың (мысалы, Sch.pusіlla,75,1а,б,в-сурет), Жапонияның, Чилидің, Жаңа Зеландияның, Тасманияның және Оңт‰стік Африканың қоңыржай климаты облыстарында кездеседі. Схизеялар к‰мәнсіз ертеде пайда болған өсімдіктердің тобы, оның тарихы таскөмір дәуірінен басталады. Көптеген қарапайым белгілерінің болуымен схизеялар папоротниктердің ішіндегі өзіндік ерекшеліктері бар тұқымдастардың бірі. Сондықтанда олар ботаниктердің (систематиктердің, палеоботаниктердің және морфологтардың) назарын тұрақты т‰рде өзіне аударуда.
Бір ғана схизеялар тұқымдасының ішінен тамырсабақтарының өткізгіш системаларының әрт‰рлі типтерін протостельден сифоностельге және диктиостельге дейін кездестіруге болады. Сонымен бірге жапырағының ж‰йкеленуінің әрт‰рлі типтерін және тілімделуінің дихотомиялыдан симподиальдыға, одан әрі қауырсынды типіне ауысуы байқалады.
Схизеяларға 160-тай т‰р жатады. Олардың ішінде қазіргі кезде кездесетін туыстары бесеу: лигодиум (Lygodіum), бұған шамамен 45 т‰р, схизеяға (Schіzaea) -30-дай т‰р, актиностахисқа (Actіnostachys) -13, анемияға (Anemіa) -90 және морияға (Morіa) -2 т‰р жатады. Бұл туыстардың өзіндік ерекшеліктерінің болатындығы сонша, оларды кейбір зерттеушілер тіптен жеке тұқымдастар ретінде қарастырады. Туыстарының көпшілігінің спорофиллі және трофофиллі болады. Спорангийлері жапырақтарының шетінде, ‰стіңгі клеткаларынан пайда болады (сонымен, спорангийлерінің алғашқы кезде жапырақтың шетінде қарапайым болып орналасқаны байқалады), содан соң жапырақ тақтасының спорангийлерден жоғарғы бөлігінің жылдам өсуінің нәтижесінде олар жапырақтың астыңғы жағынан келіп шығады. Спорангийлері сорус т‰збей жеке-жеке тұрады және олар ж‰йкелердің шетінде орналасады.
Схизеялардың спорангийінің сақинасы оның жоғарғы жағында т‰гелдей дерлік көлденең орналасқан болады және ол бір қатар клеткалардан тұрады, алайда көп жағдайда айқын байқалмайды. Карбон дәуірінен қазба т‰рінде табылған өкілдерінің сақинасы бар жоғы 2-4 клеткадан тұрған және осмундалардың спорангийлерінің сақинасына ұқсас болған.
Әрбір спорангийде көптеген споралар жетіледі: 128-250 (сиректеу 64). Споралары билатеральды біржылдық (схизея, актиностахис) немесе тетраэдралық ‰ш жылдық лигодиум, анемия, мория), скульптурасы алуан т‰рлі. Схизеялар тұқымдасында гаметофиттердің әрт‰рлі типтері болады. Схизеяда олар жіп тәрізді, актиностахиста т‰йнек тәрізді, ал қалған туыстарында таллом типтес: лигодиумда ж‰рек тәрізді, анемия мен морияда аздап ассиметриялы. Көптеген т‰рлерінің гаметофиттері негізінен қосжынысты. Анемия және лигодиум туыстарының гаметофиттері кейбір жағдайларда дара жынысты болады.
Гаметофиттер органикалық заттарға бай және ылғалы мол субстратта (топырақта) әрт‰рлі тереңдікте өседі. Гаметофиттер мен саңырауқұлақтардың гифалары селбесіп өсіп (симбиоз), топырақтағы
ерітінділердің абсорбциялануына м‰мкіндік тудырады. Антеридийлері мен архегонийлері көп мөлшерде гаметофиттерінің ‰стінде пайда болады. Жұмыртқа клеткасының жылжымалы сперматозоидпен ұрықтануы ауа райы ылғалды кездерде оңай ж‰реді. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан көп ұзамай ұрық пайда болады. Онда болашақ өсімдіктің сабағының, жапырағының және тамырының бастамасы болады. Сонымен осындай ұрықтан көп ұзамай спорофит жетіледі.
Экологиялық жағынан алып қарағанда схизеялардың көпшілігі ксерофилді өсімдіктер, ал мория және анемия деген т‰рлері құрғақшылыққа аса төзімді папоротниктер. Оңт‰стік Шығыс Азия елдерінде схизеялардың кейбіреулері, әсіресе лигодиум өндірісте кеңінен пайдаланылады. Әрі қатты, әрі ұзын болып келетін лигодиумның жапырағының өстік бөлігі (диаметрі 1,5-2 мм-дей болады) к‰нге кептірген соң әрт‰рлі т‰ске боялады. Сондықтанда оларды боямай-ақ шкатулка, кәрзіңке, темекінің қорабын, білезіктер, қалпақтар тоқуға пайдаланады. Құлақша тәрізді лигодиумның жапырағынан жасалған білезікте адамды уланып қалудан сақтайтын ерекше бір сиқырлық к‰ш бар деп қарайды.
Лигодиумның кейбір т‰рлерінің жаңа кесілген жапырақтары ‰йлену кезіндегі салтанатта, сонымен бірге әрт‰рлі өмірде кездесетін қуашышты жағдайларға байланысты болатын тойларда (жаңа ‰йге кіргенде, к‰ріш сепкенде немесе оны жинағанда, балық аулағанда т.б. ‰йді безендіруге пайдаланылады.
Оралғыш және ұсақ жапырақты лигодиумдардың аса жас жапырақтарын Ява аралында тамақ ретінде пайдаланады. Кейбір т‰рлерін (ұсақ жапырақты легодиумды) халықтық медицинада ашық жараны емдеуге пайдаланады. Аша тәрізді схизеяны жөтелгенде және тамақ ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Схизеялардың көптеген т‰рлерін, әсіресе лигодиум мен анемияны сәндік өсімдіктер ретінде бөлменің ішін көгалдандыруға пайдаланады. Ұсақ жапырақты және жапон лигодиумы деп аталынатын т‰рлерін бақтарда отырғызады, олар Солт‰стік Америкада тіптен табиғи жағдайға ауысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет