Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Граммитистер тұқымдасы (граммитисовые) - Grammіtіdaceae



бет118/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Граммитистер тұқымдасы (граммитисовые) - Grammіtіdaceae


Граммитистер тропикада кездесетін тұқымдас, оған 500-дей т‰р жатады, оларды көпжылдар бойы полиподиум (Polypodіum) туысына жатқызып келді. Тек 1940 жылы Қытай ботанигі Р.Цинь бұл топты жеке тұқымдас ретінде бөліп шығарды. Оны көптеген басқа птеридологтарда қоштады. Қазіргі кезде бұл тұқымдасқа жататын 12 туыс белгілі, олардың ‰шеуіне: граммитис (Grammіtіs), ктеноптерис (Ctenopterіs) және ксифоптерис (Xіphopterіs) туыстарына жататын 400-дей т‰р бар. Бұл т‰рлер қарапайым өсімдіктер болып есептелінеді, ал қалған 9-ы осылардан шыққан.


Граммитистер мен полиподиумдар спорофиттері мен (тамырсабағындағы қабыршақтары, ж‰йкеленуі, т‰ктері, спорангийлері және споралары) гаметофиттерінің (формасы, т‰ктерінің болуы, даму ерекшеліктері, өмірінің ұзақтығы) көптеген бөліктерімен бір-бірінен ажыратылады. Шамасы ең негізгі және тұрақты белгілеріне олардың спораларының құрылыстарының айырмашылығы жатады. Полиподиумдардың споралары бір жылдық, хлорофилсіз, ал граммитистерде олар ‰ш жылдық және жасыл болып келеді. Сонымен бірге граммитистерді сағақтарында, жапырақтарының ‰стінде және спорангийлерінің арасында
орналасқан бірклеткалы, жіңішке және онша қатты болмайтын ине тәрізді т‰ктеріменде айқын ажыратуға болады. Граммитистердің т‰ктері көпклеткалы, бұтақтанған, немесе қатты бірклеткалы бұтақтанған болып келуі м‰мкін, алайда олар көпшілік полиподиумдердегі секілді жұмсақ, немесе безді болмайды.
Граммитистер эпифиттер, немесе жартастарда өсетін өсімдіктер. Олар негізінен таулы жерлердегі жаңбырлы ормандарда, біршама биіктікте (теңіз деңгейінен 1000-2000 м), көбіне тұман болып тұратын белдеуді мекендейді. Олар тропиктерде кеңінен таралған, ал кейбіреулері Оңт‰стік жарты шардың қоңыржай климатты зоналарында кездеседі Граммитистер м‰ктерден және қыналардан басқа көптеген гименофиллдерден және кейбір ұсақ полиподиумдардан тұратын көлеңкедегі эпифиттер қауымына кіреді. Олардың барлығы аса көлеңкелі ормандағы ағаштардың және ағаштәрізді папоротниктердің діңдерінде, м‰к басқан тастардың, кейде м‰ктерден және қыналардан тұратын тығыз клемнің бетінде өседі. Граммитистер тұқымдасының ішінде нағыз топырақта өсетін папоротниктер жоқ. Алайда олардың кейбіреулері нағыз эпифит ретінде ағаштың діңінде өсуден тропиктегі таулардың альпалық және субальпалық белдеулеріндегі жартастардың жарықшақтарында өмір с‰ру жағдайына ауысқан. Граммитистер ұсақ, немесе көлемі жағынан орташа болып келетін өсімдіктер (әрт‰рлі т‰рлерінің жапырақтарының ұзындығы 6-дан 25см-ге дейін барады). Аса қысқа тамырсабақтарынан шым тәрізді тығыз орналасқан жапырақтары кетеді. Формасы жағынан әрт‰рлі болады. Жапырақтарының тілімделуі, ж‰йкеленуі және сорустарының орналасуы граммитистер тұқымдасын туыстарға бөлуде негізге алынатын белгілер болып саналады.
Граммитис жапырақ тақтасының қарапайым таспа немесе ланцет тәрізді, тұтас, тілімделмеген, қабықты немесе етженді болып келуімен сипатталады. Сағақтары мен жапырақ тақталарының ‰стін көп жағдайда қызыл т‰сті қысқа немесе ұзын, қатты т‰ктер жауып т‰рады. Ж‰йкелері әдетте екі рет аша тәрізді тарамдалған, жапырақтарының етженді болып келген т‰рлерінде олар онша байқала бермейді.
Граммитистердің сорустары не ж‰йкелердің ‰стінде, не олардың ұшында (әрбір ‰стіңгі ж‰йкесінің ‰стінде бір-бірден) орналасады. Сорустары дөңгелек немесе ұзынша болып келеді. Пісіп-жетілген кезде олар бір-бірімен қосылып кетуіде м‰мкін, сөйтіп ортаңғы ж‰йкеге параллель орналасқан екі жолақ т‰зеді. Жалпыға бірдей граммитистің (Grammіtіs unіversa) жапырағының ені бары-жоғы 2-3 мм, ал оның ұзындығы 2,5-5 см болады. Пісіп жетіліп бір-бірімен біріккен сорустары ортаңғы ж‰йке мен жапырақ шетінің арасындағы кеңістіктің барлығын алып жатады.
Ксифоптеристің қауырсынды тілімделген жапырағының әрбір сегментінде бірден ғана қарапайым, немесе аша тәрізді бұтақталған ж‰йкелері болады, оның ‰стіңгі тармағында сопақтау болып келген сорус орналасады. Осы тұқымдастың системасында бұл туыс граммитиспен ктеноптеристің арасын жалғастыратын буын ретінде қарастырылады. Соңғысы жапырақтары мен ж‰йкелерінің қауырсынды болып келуімен
сипатталады. Оның жапырақтарының әрбір сегментінде бір, немесе бірнеше сорустар орналасады. Ктеноптеристің сорустары кейде жапырақ тақтасының
‰стінде орналасады, оған әрт‰рлі жапырақты ктеноптерис (Ctenopterіs heterophylla) мысал бола алады. Әдетте олар жапырақтың ұлпасына не аздап еніп тұрады, не т‰гелдей соған батып кетеді. Ктеноптеристен әдетте просаптия (Prosaptіa) туысын бөліп шығарады, оның сорустары жапырақтың ұлпасына терең еніп жатады.
Граммитистің барлығының сорустарының жамылғысы болмайды, алайда жапырақтың ұлпасымен жарым-жартылай (сорустары ұлпаға еніп тұратын т‰рлер) немесе жапырақтың қайырылған шетімен қорғалып тұрады. Бұған акросорус (Acrosorus) және калиммодон (Calymmodon) туыстары мысал болады. Спорангийінің сағағы екі қатар клеткалардан тұратын полиподиумдардан граммитистердің айырмашылығы сол, олардың сорустарының сағағының жоғарғы жағынан басқасы тек бір қатар клеткалардан тұрады. Граммитистің спорангийлерінің айқын байқалатын жылтыр, немесе кейбір т‰рлерінде т‰ктермен қапталған стомийі болады.
Спорангийден шашылған споралары тыныштық к‰йіне көшпей-ақ бірден өнеді. Көп жағдайда гименофиллдердегі секілді ядроның алғашқы бөлінуі ашылмаған спорангийдің ішіндегі спораларда ж‰реді. Граммитистердің жас гаметофиттерінің формасы жіп тәрізді болады. Граммитистердің жыныс органдары, басқа папоротниктерге қарағанда кейіндеу пайда болады (гименофиллдерді есептемегенде) өйткені олардың гаметофиттерінің дамуы өте баяу ж‰реді. Гаметофиттерінің жіп тәрізді сатысының дамуы бірнеше айлардан бір жылға дейін, немесе тіптен екі жылға дейін созылады, ал пісіп жетілуі оданда ұзақ уақытты керек етеді. Антеридийлерінің пайда болу уақыты әдеттегіден ерекше. Олар бірнеше архегонийлер жетілгеннен соң пайда болады, ал папоротниктердің көпшілігінде әдетте алдымен антеридийлері жетіледі. Граммитистердің ұзақ өмір с‰ретін гаметофиттері вегетативтік жолмен көбейе алады. Ол жіпшелердің бірнеше бөліктерге ‰зілуі, немесе б‰ршіктенуі арқылы ж‰зеге асады. Табиғи жағдайда табылған гаметофиттерінің ризоидтарында барлық уақытта саңырауқұлақтардың гифалары болады.
Біздер жоғарыда туыстық жағынан бір-бірінен алшақ жатқан граммитистердің және гименофиллдер тұқымдастарының гаметофиттерінің кейбір жалпы белгілерінің ұқсастығы жөнінде айтып өттік. Алайда осы ұқсастықтары олардың туыстық қатнастарына емес, бірдей ортада өмір с‰руіне байланысты болады екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет