Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Осмундалар қатары (осмундовые) - Osmundales



бет106/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Осмундалар қатары (осмундовые) - Osmundales


Осмундалар қатары бір ғана осмундалар тұқымдасынан тұрады.




Осмундалар тұқымдасы (осмундовые) - Osmundaceae


Осмундалар қазіргі кезде кездесетін папоротниктердің ертеде пайда болған тұқымдастарының бірі. Осмундаларға жататын өсімдіктер карбон дәуірінің бастапқы кезіндегі қабаттардан белгілі. Осмундалардың толық дәлелденген қалдықтарын Перм дәуірінен кездестіреміз. Олар


құрылыстарының қарапайымдылы-ғымен сипатталады (мысалы, сабақтарының анатомиялық құрылысы протестельді болып келеді). Осмундалардың шарықтап дамыған кезі мезозой эрасы, алайда бор дәуірінің алғашқы кездерінен бастап олардың ролі төмендеп, сирек кездесе бастайды. Қазіргі кезде бұл тұқымдасқа 3 туыс жатады: осмунда (Osmunda), тодея (Todea) және лептоптерис (Leptopterіs). Т‰рлерінің саны шамамен 23-тен аспайды.
Осмундалардың т‰рлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары қысқа болып келеді де, тік өседі. Сабақтарының ‰стінен кететін
‰лкен жапырақтары әдетте бөрікбас т‰зеді. Тодеяның және Лептоптеристің сабақтары біршама биіктеу. Тодеяның көпжылдық ‰лкен экземпляры кішігірім ағаш тәрізді папоротниктерге ұқсас болып келеді, олардың биіктігі
2 м дейін барады. Осмундалардың сабағын т‰скен жапырақтарының сағақтары мен тамырларының қалдықтары тұтас жауып тұрады. Қалыңдығы
5 см болатын бұл қабық ылғалды ұстауға м‰мкіндік береді. Кейбір жағдайларда сабақтарының ‰стіңгі ұшы бір рет, сиректеу екі рет дихотомиялы бұтақтанған болады. Жас өсімдіктің сабағының өткізгіш системасы протостела т‰рінде болады, кейіндеу жапырақтары пайда болған соң, онда өзек т‰зіледі. ‡лкен жасамал өсімдіктердің ксилемасы ықшам, тор секілді, ұзын жолақтары бар цилиндрден тұрады. Ол көптеген т‰рлерінде эндархты, ал кейбіреулерінде мезархты. Қабығы аса қалың болып келеді.
Осмундалардың жапырақтары ‰лкен, бір немесе екі рет қауырсындалған. Олардың қалыңдығы да бірдей болмаған, қыртыстыдан жұқа қабыршаққа (пленчатый) дейін болған.
Қоңыр осмунданың (O.cіnnamomea) және кейбір басқа т‰рлерінің жапырақтары 2-3 м дейін жетеді (21-таблица). Лептоптеристің жапырақтарының тақтасы өте жұқа, екі немесе ‰ш қабат клеткалардан тұрады және устьицесі болмайды. Осмундалардың жапырағының сағағы мықты болып келеді және оның т‰п жағында қосалқы өсінділері болады. Тодеяның және Лептоптеристің вегетативті және спора т‰зетін жапырақтары бір-біріне өте ұқсас, ал осмунданың жапырағы жартылай немесе т‰гелдей дерлік диморфты. Кейбір осмундалардың жапырағы сыртқы формасы және құрылысы жағынан айқын ажыратылатын вегетативтік және спора т‰зетін бөліктерден тұрады. Вегетативтік бөлігінде кәдімгі папоротниктердің, жасыл ассимиляциялық жапырақтарының барлық қасиеттері бар; оған керісінше спора т‰зетін бөлігі қоңыр т‰сті, сыпырғы тәрізді болады. Жапырақтың бұл бөліктерінің ара қатынастары барлық т‰рінде бірдей емес. Мысалы,Король осмундасында (O.regalіs) споралар жапырағының жоғарғы бөлігінде жетіледі (66-сурет); Клейтон осмундасында (O.claytonіana) спора жапырақтың ортаңғы бөлігінде жетіледі, ал оның ‰стіңгі және астыңғы жақтары жапырақтың вегетативтік бөлігін құрайды. Қоңыр осмунданың жапырағында жоғарыдағыдай бөліктерге бөліну жоқ; бір жапырақтары тұгелдей вегетативтік (трофофиллдер), екіншілері сол өсімдіктің өзіне тек спора т‰зуші (спорофиллы) болып келеді. Осмундалардың спорангийлері сорус т‰збейді, олар жапырақ тақтасының астыңғы бетінің әр жерінде ойдым-
ойдым болып, (тодейдің Африка мен Австралияда кездесетін туысының өкілдеріндегідей) немесе жапырақ сегменттерінің т‰п жағында топтасып лептоптерис туысы т‰рлеріндегідей орналасады. Нағыз осмундалар тұқымдас тармағының (осмунданың) спорангийлері азды-көпті редукцияға ұшыраған және хлорофиллдерін жоғалтқан жапырақ сегменттерінің шетіне орналасады.
Осмундалардың спорангийлері ‰лкен болады (диаметрі 350-700мкм) аяқшалары қысқа және қабырғалары бірнеше қабат клеткалардан тұрады. Спорангийлерінде споралары көп болады. Спорангийдің ашылуын, оның
‰стіңгі жағында орналасқан, сақиналары болмайтын қабырғалары қалың болып келетін клеткалардың екі тобы қамтамасыз етеді.
Осмундалардың споралары дөңгелек, ‰лкен (диаметрі 30-100мкм дейін баратын), жасаң кезінде құрамында хлопластардың және май тамшыларының болуына байланысты жасылдау сары т‰сті болып келеді. Олар тез арада өну қабілетін жоғалтады.
Споралары пісіп жетілгеннен 10 к‰н өткен соң олардың өну қабілеттілігінің (всхожесть) 30% дейін төмендейтіндігі дәлелденген. Бұл ертедегі қарапайым тұқымдастарға тән белгі. Споралардың өну қабілеттілігінің бұлай тез төмендеуі, оларды бір өсімдіктің өзінде саны жағынан аса мол т‰зуімен алмастырылып (компенсируется) отырады. Бір спорангийде 128-512-ге дейін споралар жетіледі, ал бір өсімдікте спорангийлердің саны 1000-ға тартады. Жерге т‰скеннен соң әрі жас, әрі жаңа споралар тез өнеді (олардың тіптен спорангийдің ішінде өнетіндігі жөнінде де мәліметтер бар), олардың ұзындығы 30 см-ге дейін жететін көпжылдық гаметофиттер жетіледі.
Осмунда туысы (Osmunda). Бұл туыстың көлемі жөнінде екі т‰рлі көзқарас бар. Ботаниктердің көпшілігі осмунда туысын кеңінен қарап, оған типтік жартылай туыс осмундадан (Osmunda) басқа пленазиум (Plenasіum) мен осмундаструмды (Osmundastrum) жартылай туыстар ретінде ендіреді. Екінші бір көзқарастар бойынша осы аталған таксондардың (жартылай туыстардың) ‰шеуі де дербес туыстар болып саналады.
Осмундалар жер шарының екі бөлігінде де кездеседі. Негізінен олар мұхит жағалауының өсімдіктері, кейбір т‰рлері Африканың оңт‰стігінде де кездеседі (бұл жерлерде олар ылғалы мол аймақтарда өседі). Осмунданың туысында 12-13 т‰р бар (кеңірек қарасақ 27 т‰рге жетеді), олардың 3-еуі БОР-дың территориясында кездеседі.
Осмунда туысының ең белгілі өкілі король осмундасы (Osmunda regalіs).
Ол Европаның ең сәнді папоротниктерінің бірі. Оның ареалы ‰лкен, бірақ
‰зік; ареалының бір бөлігі Батыс Европаның біраз жерін және Кавказдың Қара теңіз жағалауын қамтиды, екінші бөлігі Солт‰стік және Оңт‰стік Американың біраз жерін, ал ‰шінші бөлігі Индияның Оңт‰стік Батысының біраз жерін алып жатыр.
Қоңыр осмунданың ареалы бірнеше ‰лкен және жекелеген бөліктерден тұрады. Солт‰стік ендікте - ол Солт‰стік Американың Атлантика мұхиты жағалауында, Мексикада, Антиль аралдарында және Бразилияда өседі, ал
Шығыста Гималай тауында, Қытайдың солт‰стігінде, Кореяда, Жапонияда және БОР-дың Қиыр Шығысында кездеседі. БОР-да қоңыр осмунда Посьета шығанағынан Амурға дейін Сахалинде, Курил аралдарында, тіптен Камчаткада кездеседі.
Осмунданың Қиыр Шығыста кездесетін т‰рі - Клейтон осмундасы. Ол Солт‰стік Америкадан басқа Қытайда, Жапонияда, Гималайда, сонымен бірге БОР-дың Приморье өлкесінің оңт‰стігінде кездеседі. Бұл жерде Клейтон осмундасы өзенге таяу орналасқан орманның ашық жерлерінде және ормандағы сайларда өседі. Клейтон осмундасы БОР-да сирек кездесетін және реликт өсімдік ретінде қызыл кітапқа ендірілген.
Тодея туысы (Todea). Бұл онша биік болмайтын ағаш тәрізді папоротник, жуан (60 см дей болатын) діңінің биіктігі 1,5 м дейін жетеді. Жапырағы көн тәрізді, екі рет қауырсындалған, ‰лкен, ұзындығы 2,5 м-дей болады. Тодея ұзақ жылдар бойы өмір с‰реді. Табиғи жағдайда олардың жекелеген особьтары 1000 жыл, кейде тіптен 2000 жылға дейін өмір с‰реді. Оранжереяда өсетін тодея, әдетте тек “ювенильдік” жасқа дейін жетеді.
Қатал тодея (тодея варварская –T.barbara) ылғалды субтропикалық ормандарда, тау шатқалдарында, батпақты жерлерде және Оңт‰стік Африканың, Австралияның және Жаңа Зеландияның ылғалды шалғындарында өседі.
Қазіргі қатал тодея типтес т‰рлерінің қазба қалдықтары триас және юра дәуірлерінен белгілі.
Лептоптерис туысы (Leptopterіs). Лептоптеристер өте сәнді ағаш тәрізді папоротниктер. Олардың діңдері тодеяның діңдерінен жіңішкелеу болып келеді, биіктігі 2 м-ге жетеді. Жапырақтары ұзын екі рет, төрт рет к‰рделі қауырсындалған болып келеді.
Туыстың 7 т‰рі Австралияның шығысында, Жаңа Зеландияда, Жаңа Каледонияда, Жаңа Гвинеяда, сонымен бірге Фиджи, Самоа, Жаңа Гебридтер және Соломоновтар аралдарында өседі. Лептоптеристер таулы ормандарда өседі, әдетте теңіз деңгейінен 2500 м биіктікке дейін көтеріледі. Бірақ Жаңа Гвинеяда оңт‰стік шамшатпен емен ағашымен бірге таулы ормандарда өсетін альпа лептоптерисі (L.alpіna) деп аталынатын т‰р, тіптен 3000-4500 м биіктікке дейін көтеріледі.
Осмундалардың практикалық маңызы шамалы. Жазылып ‰лгермеген жас жапырақтарын кесіп алып салат жасау ‰шін тұзды суға салып қайнатады. Осмунданың тамырсабағының қайнатылған тұнбасы өкпе ауруына, рахитке және асқазанға ем болып табылады. Негізінен осмундалар сәндік өсімдіктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет