Матониялар тұқымдасы (матониевые) – Matonіaceae
Матониялар жер бетінде триастың соңына таман пайда болған және мезозой эрасында кеңінен таралған өсімдіктер болған. Ең ерте пайда болған туысы флебоптерис (Phlebopterіs). Оның т‰рлерінің қазба т‰ріндегі қалдықтары триастың соңында – бор дәуірінің басында барлық континенттерде (Оңт‰стік Америкадан басқа) Гренландияда 70 с.е.-тен, Австралияның шығысында 30 с.е. дейін кездеседі. Оның ішінде бұл туыстың ең көп таралған жері Европа болған. Осы туыс жойылғаннан кейін матониялардың ареалы көп қысқарған және екі бөлікке бөлінген: батыстағы және шығыстағы. Матониялардың шығыстағы ареалы осы к‰нге дейін сақталған. Қазіргі кезде матониялардың екі туысы және төрт т‰рі Оңт‰стік- Шығыс Азияның тауларында кездеседі (Малакка т‰бегі, Суматра, Калимантан, Молукк аралдары және Жаңа Гвинея). Жекелеген т‰рлерінің өсетін жерлері бір-бірінен кейде 1000 км дейін алшақ жатады. Жоғарыда аталған аралдардың оқшау тұратын тау шыңдары осы құрып бара жатқан өсімдіктер тобының, соңғы қашып тығылған жері болып табылады.
Матония туысына жататын екі жақын т‰рі ‰лкен папоротниктер. Олардың жерге төселіп өсетін тамырсабақтары әрі ұзын, әрі бұтақтанған болып келеді және сыртын жылтыр қоңыр т‰сті т‰ктер қаптап тұрады. Тамырсабақтарының өткізгіш системасы бірнеше шеңберлі (полициклический) амфифлоидты сифоностельден тұрады. Ескірген тамырсабақтарында жапырақтың іздерінің болуына байланысты екі, немесе
‰ш қабат шеңбер т‰зген цилиндрден тұрады.
Жас тамырсабақтарының протостелі болады, ол осы тамырсабақтардың одан әрі дамуы барысында сифоностельге айналады. Матониялардың жапырақтары тамырсабақтарында бір-бірінен қашық орналасады, олар әрі
‰лкен, әрі қабықпен қапталған, әрі ұзын сағақты болады. Жапырақ тақтасы екі бөлікке бөлінеді, олардың әрқайсысы көптеген тарақтың т‰сі тәрізді қауырсындалған сегменттерден тұрады. Жапырақтардың осындай құрылысы сегменттерінің стержндерінің одан біржақты (по типу завитка) бұтақтануының негізінде қалыптасады. Соның нәтижесінде әр уақытта жаңа сегменттер бөлініп отырады, ал оның сыртынан жаңа өс жалғасады. Жапырақтың сегменттеріндегі ж‰йкелері бір-бірімен байланыспай бос
жатады. Ж‰йкелері әдетте тек сорустары орналасқан жерлерде ғана анастомозданады. Ал сорустары болса ортаңғы ж‰йкенің екі жағынан бір, немесе бірнеше қатар т‰зіп орналасады.
Қазіргі кезде кездесетін матониялардың ең кең тараған өкілі тарақ тәрізді матония (Matonіa pectіnata,72-сурет). Аса сирек кездесетіндеріне фанеросорустар (Phanerosorus) жатады. Фанеросорустың екі т‰рі Калимантал аралының солт‰стігінде және Жаңа Гвинеяда, негізінен известі мол жерлерде өседі. Бұл папоротниктер жерге қарап иілген, ‰лкен жапырақтарымен ерекшеленеді. Осы жапырақтардың бұтақтануы кейбір бұтақтардағы б‰ршіктердің пайда болуымен тікелей байланысты және глейхениялардың жапырақтарының бұтақтануына өте ұқсас. Матониялардың глейхениялармен ұқсастықтары жапырақтарының бұтақтануымен шектеліп қоймайды, сонымен бірге ризоидтары бар, ж‰рек тәрізді гаметофиттерінің, архегонийлерінің құрылыстарымен де, б‰йірлік клеткаларының көп болуымен де, әсіресе хромосомдар санының х=13 болуымен де ұқсас. Матониялар глейхенияларға аздаған, көлемі ‰лкен, қондырмалы болып келетін спорангийлерінің жиынтығынан тұратын сорустарының құрылысымен де ұқсас. Матониялар глейхениялардан шатыр тәрізді жамылғысының болуымен ажыратылады (матониялардың кейбір жойылып кеткен т‰рлерінің жамылғысы болмаған). Мұндай ұқсастықтары матониялар мен глейхениялардың туыстық жақындықтарының бар екендігін және олардың бір тектен шыққандығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |