Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Леписорус туысы (lepіsorus)



бет117/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Леписорус туысы (lepіsorus). Туысқа Азияда таралған 25-тей т‰р жатады. Бұл кішілеу топырақ бетінде және эпифит ретінде өсетін
формалар. Жапырақтары қатқылдам, шөптесінді, таспа және таспа-ланцет тәрізді. Сорустары эллипс тәрізді, олардың шет жақтарын қою-қызыл т‰сті қысқа тірсекке орналасқан, тор тәрізді радиальді қабыршақтары жауып тұрады. Бұл қабыршақтар жас жапырақтарда айқын байқалады, ал сорустарындағы споралары піскен кезде олар көбіне т‰сіп қалып отырады. Сорустарының, тамырсабақтарының, қабыршақтарының мөлшері, сонымен бірге склеренхималық тяждің даму деңгейі әрт‰рлі т‰рлерінде әрқилы болып өзгеріп отырады.
Леписорус топырақта, жар тастардың жарықшақтарында, ағаштардың діңдерінде, бұтақтарында өседі және тауда теңіз деңгейінен 3000м биіктікке дейін көтеріледі. БОР-дың территориясында (Алтайда және Қиыр Шығыста) леписорустың ‰ш т‰рі кездеседі. Олардың ішінде Уссури леписорусы (Lepіsorus ussurіensіs) Приморье аймағының оңт‰стігінде, көп жағдайда м‰к басқан жартастарда және өте сирек эпифит ретінде ылғалды аралас ормандардағы жекелеген ағаштардың діңдерінде өседі. Алайда осы папоротниктің эпифит ретінде Уссури қорығының тау шатқалының бірінде (“эпифит аңғары”) керемет қаптап өсіп тұрғаны сипитталып жазылған. Бұл жерде Уссури леписорусы ағаштың көп жерін (көп жағдайда ағаштың т‰бінен басына дейін) жауып тұрады.
Платицериум, немесе “бұғы м‰йізі” (Platіcerіum). Платицериум туысының өкілдері (17 т‰рі белгілі) Ескі жердің тропикалық ормандарында өседі. Бұл жапырағы диморфты болып келетін, яғни жыныстық белгісі жоқ (стерильді) және спора т‰зетін жапырақтары бар ‰лкен эпифиттер (74- сурет). Жыныстық белгісі жоқ жапырақтары көлемді, дөңгелек, тұтас немесе жоғарғы жақтарынан қиылған болып келеді. Өзінің төменгі және б‰йірлік шеттері арқылы олар ағаштың діңіне және бұтақтарына жабысып тұрады. Олардың жоғарғы бөліктері тіректен ерекше кететіндігі сонша, бұл жерде қуыс пайда болады, онда біртіндеп қарашірінділер жиналады. Бұл қарашіріндіге осы папоротниктің тамырлары өтеді. Қарашірінді қуысқа басқа өсімдіктерден құлап т‰скен қоқсықтардан емес, негізінен осы бұғы м‰йізінің жыныстық процесіне қатысы жоқ, ескіріп өлген жапырақтарынан пайда болады. Келешегінде осы қарашірінділерді жақсы жетілген жаңа жапырақтары жауып тұрады. Өсімдіктің жасы ұлғайған сайын қуыстың көлеміде жылдан жылға ұлғайа т‰седі және “бұғы м‰йізінің” ең ‰лкен т‰рлерінің осындай қуыстарыдағы қарашіріндінің массасы 100 кг жетеді.
Платицериумның жыныстық процеске қатысы жоқ жапырақтарымен (стерильді) бірге, құрылысымен атқаратын қызметі жағынан м‰лдем басқаша болып келетін жапырақтарыда болады. Тік өсетін немесе салбырап тұратын бұл жапырақтар өзінің формасы жағынан бұғының м‰йізіне ұқсас болады. Бұл эпифиттердің “бұғы м‰йізі” деп аталуының өзі осыған байланысты. Бұл жапырақтарда ассимиляция процесі ж‰реді және спора т‰зіледі. Көбеюге м‰мкіндігі келген жасқа жеткен папоротниктердің
жапырақтарының төменгі бетінің тілімделген жерінің шеттерінде көптеген спорангийлерден тұратын қызыл-кірпіш т‰сті дақтары болады.
“Бұғы м‰йізі” кейде ‰лкен мөлшерге жетеді. Страдброк аралынан (Шығыс Австралия) табылған ‰лкен платицериумның (Platycerіum grande) экземплярының ені 1,8 м тең болған. Осындай эпифит – гиганттардың салмағының әсерінен, Чемберленнің айтуы бойынша, кейде ағаштар тамырларымен қопарлып қалады екен.
Платицериум туысының т‰рлері ‰лкен бұтақтардың ортаңғы бөліктерінде, көп жағдайда жеке өсіп тұрған ‰лкен мәңгі жасыл және жапырақтары жыл сайын т‰сіп отыратын ағаштардың діңдерінде өседі. “Бұғы м‰йізімен” бірге , көп жағдайда басқа да эпифитті папоротниктер, сонымен бірге орхидеялар және м‰ктер кездеседі.
Сыртқы көрінісінің жалпы ерекшеліктеріне және спорангийлерінің құрылыстарына қарай бұл туысты жеке тұқымдасқа жатқызған. Алайда ж‰йкеленуінің ерекшеліктері, гаметофиттерінің және хромосомдарының құрылыстарының ерекшеліктері оларды полиподиум туысына жатқызуға м‰мкіндік береді.
Осындай сәнді және өзіндік ерекшелігі бар өсімдіктер салқын оранжереяларда көптеп өсіріледі; жас өсімдіктер м‰ктермен бірге ағаштардың діңінің бір бөлігін жауып тұрады. Платицериумның бақтарда өсірлетін бірнеше ондаған формалары шығарылған. Платицериумның т‰рлері қосымша қоректендірілген жағдайда әдеттегіден жақсы өседі, ал жылдың салқын кездерінде аз мөлшерде және сирек суғарғанды керек етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет