Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Полиподиумдар немесе қырықаяқ папоротниктер тұқымдасы



бет116/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Полиподиумдар немесе қырықаяқ папоротниктер тұқымдасы


(полиподиевые или многоножковые) Polypodіaceae

Полиподиумдар папоротниктердің ішіндегі ең көп тарағандарының бірі: оларға 50 туыс және шамамен 1500 т‰р жатады. Жапырақтары сары қабыршақтармен және т‰ктермен қапталған, әрі шырынды, етженді болып келген тамырсабақтарының ‰стіңгі жағында екі қатар т‰зіп орналасады. Жапырақ тақталарының ж‰йкелену ерекшеліктері бойынша, олардың тілімделуінің дәрежесі, қабыршақтарының және т‰ктерінің морфологиясы бойынша бұл тұқымдасты бірнеше тұқымдас тармақтарына бөледі. Бұлар дринариялар (Drynarіoіdeae), микросориумдар (Mіcrosorіoіdeae), полиподиум-


дар (Polypodіoіdeae), платицериумдер (Platycerіoіdeae) және плеопельтистер
(Pleopeltіoіdeae).
Тұқымдастың негізгі белгісі болып жапырақ тақтасының астыңғы бетінде эллипс тәрізді немесе дөңгелек (жамылғысыз) сорустарының орналасу ерекшелігі саналады. Полиподиумдардың (Polypodіum) бірқатар т‰рлерінде парафиздері болады. Сорустарының шет жағы сына тәрізді және радиальді орналасқан қабыршақтарымен және т‰ктерімен қоршалған. Плеопельтистердің кейбір туыстарының қабыршақтарының қабықшалары аса қалың және торға ұқсас, ал платицериумдерде жұлдызша тәрізді т‰ктерінің болатындығы байқалады.
Полиподиумдардың спорангийлерінің 13-14 қабықшалары қалың клеткалардан және екі клетка арқылы бөлініп тұратын ‰зік жарықшақтары бар меридиональді орналасқан, ашылатын дөңгелегі болады. Жарықшақтары арқылы (стомий) споралары ашылады. Спорангийлерінің тірсегі екі қатар клеткалардан тұрады.
Тұқымдастың қазба т‰рінде табылған өкілдері триастың соңғы қабаттарынан белгілі. Қазіргі кезде бұл тұқымдас жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі, әсіресе Ескі жердің тропикалық аудандарында. Көп жағжайда бұлар ағаштардың діңдерінде және жуан бұтақтарында, тіптен ағаштың басында эпифит ретінде өсетін өсімдіктер. Олардың кейбіреулері облигатты эпифиттер, ал басқалары жар тастарда, топырақта және ағаштың діңдерінде өсетін, басқаша айтқанда факультативті эпифиттер. Полиподиумдарға жататын эпифиттер әдетте белгілі бір өздерінің иесі болып есептелінетін өсімдіктердің т‰рлерінде ғана емес: олар систематикалық жағынан әрт‰рлі топтарға жататын көп жағдайда жуан, қабығы кедір-бұдыр болып келетін ағаштарда кездесе береді.
Эпифитті полиподиумдардың өсетін ортасының ерекшеліктерін анықтауда олардың ылғалдық жетіспеуіне бейімделушілігі ескеріледі. Эпифитті полиподиумдардың тек 10% ғана ауасы құрғақ және ылғалсыз ксерофитті тропикалық ормандарда өседі. Тропикалық ормандардағы папоротниктердің бұл типтерінің жапырақ тақталары редукцияға ұшырыған, қыртысты болып келеді, кутикуласыда қалың. Сонымен бірге леписорус секілді суды реттеп отыратын решетка тәрізді қабыршағы немесе пиррозийдегі секілді (Pyrrosіa) жұлдызша тәрізді т‰ктері болады. Полиподиумдардың көптеген бөлігі (65%) мезофитті және гидрофитті, ауасының ылғалдығы және жыл бойындағы температурасы біршама жоғары болып келетін тропикалық ормандарда кездеседі. Сонымен бірге ‰немі тұман болып тұратын биік таудың орманды белдеулерінде өседі. Бұл папоротниктердің жапырақ тақталары жақсы тілімделген және нашар қабыршақтанған болып келді. Әрт‰рлі тұқымдас тармақтарына жататын көп тірсектілердің құрғақ климатқа бейімделушілігі (адаптация) біршама қызық. Олардың көпшілігі жапырақ тақталарының шиыршықталып қалуы арқылы судың булану м‰мкіндігін азайтады. Бір жағдайда жапырақ тақтасы астыңғы жағына қарай шиыршықталады. Бұл жағдайда спорангийлері леписорус секілді т‰тіктің ішінде қалады. Екінші бір жағдайларда жапырақ тақтасы
‰стіне қарай шиыршықталады. Бұл жағдайда жапырақтың төменгі бетін жауып тұратын қабыршақтармен бірге спорангийлері сыртына шығып қалады. Бұл қырықаяқ папоротниктерде болатын жағдай. Одан басқа, жылдың құрғақ кездерінде жапырақтардың өзі т‰гелімен қоңырқай тартып қурайды. Алайда аздаған жаңбырдың өзінде, осы жапырақтары жазылып көгереді, ал споралары спорангийлерінен шашылып өне бастайды. Ылғалы мол жағдайларда қырықаяқ папоротниктердің споралары спорангийдің ішінде өне бастайды.
Қырықаяқ папоротниктердің басқа биологиялық бейімделушіліктеріне мыналар жатады. Олардағы аутополиплоид-тардың (тұқымдастың көптеген туыстарының хромосомдарының негізгі саны 37-ге тең) проценті жоғары, басқаша айтқанда полиплоидтардың осы т‰рінің біртектес хромосомдарының саны артады.
Дринариялар тұқымдас тармағына дринария (Drynarіa) туысы жатады. Бұл полеотропикалық (ареалы Ескі Жердің тропикалық аймақтарын қамтиды) туысқа 20-дай т‰р жатады, олар ‰лкен (ұзындығы 1м-ге дейін баратын) эпифиттер. Бұлардың жапырақтары кең воронка немесе құстың ұясы (ұялық эпифиттер) секілді орналасады. Жапырағы диморфты жыныссыз, емен ағашының жапырағына ұқсас және спора т‰зетін - қауырсынды, тік өсетін немесе иіліп салбырап тұратын болады. Олардың жақсы жетілген қатты сағағы және көн тәрізді тақтасы болады (73-сурет).
Спорангийлері жапырақтың ‰стіңгі және ортаңғы, сиректеу төменгі бөліктерінде, олардың шетінде, немесе астынғы бетінде орналасады. Спорангийлерінің орналасуы және жапырақ тақтасының редукцияға қаншалықты ұшырауына байланысты дринария туысы бірнеше туыс тармағына бөлінеді, кейде оларды туыс ретінде де қарайды. Бұлар псевдодринария (Pseudodrynarіa), аглаоморфа (Aglaomorpha), дринариопсис (Drynarіopsіs) және т.б.
Дринарияның көбісі тропикалық Азияның таулы жердегі ормандарында кездеседі. Дринарияның т‰рлері субстрат (топырақ) таңдамайды: мысалы, Лаурент дринариясы (Drynarіa laurentіі) алюминий жабылған ‰йдің төбесінде бірнеше жылдар бойы өскен. Дринарияның бірнеше т‰рін ботаникалық бақтардың салқын оранжериясында, төмен қарай салбырап тұратын сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.
Полиподиум тұқымдас тармағында полиподиум немесе қырықаяқтылар (Polypodіum) деген бір ғана туыс бар. Бұл туысқа 75 т‰р жатады, олар ‰лкен болмайтын эпифит ретінде және топырақтың бетінде өсетін формалар т‰рінде берілген. Жапырақтарының сыртын жұқа көн немесе жарғақ тәрізді қабықшасы қаптап тұрады және олар қауырсынды тілімделген. Полиподиумның жуан, тарамдалған тамырсабақтарының сыртын к‰ңгірт және ашық қоңыр т‰сті сына тектес қабыршақтары жауып тұрады. Жапырақтары одан қатар-қатар болып шығады, қырықаяқ туысының аты да к‰мәнсіз осыған байланысты. Сорустары дөңгелек немесе сопақша болып келеді және жапырақ тақтасының астыңғы бетінде, оның сегментінің ортасында немесе шетінде орналасады .
Туыстың т‰рлері тропикалық ормандарда, сиректеу субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарда кездеседі. Олар ағаштардың діңдерінде және бұтақтарында, жартастарда, сиректеу топырақ бетінде өседі. БОР-дың территориясында 6-т‰рі кездеседі. Полиподиумның шырынды және тәтті тамырсабақтарында (немісше полиподиум – “тәтті тамыр” деп аталынады) глюкозидтер, алма қыщқылы және сапониндер болады. Қырықаяқ папоротниктердің жапырақтарын және тамырсабақтарын қайнатып емдік дәрі ретінде қолданады.
Кәдімгі полиподиумның (P.vulgare) және оңт‰стік полиподиумның (P.australe) көптеген формалары оранжереяда және ашық грунтта сәндік өсімдік ретінде (мәдени жағдайда) өсіріледі.
Микросориумдар тұқымдас тармағына микросориум (Mіcrosorіum) туысы жатады. Бұл туыста Шығыс және Оңт‰стік-Шығыс Азияда, Тынық мұхиттың аралдарында кездесетін 70-тей т‰р бар. Бұлар ‰лкен болмайтын (ұзындығы 30-40 см болатын) эпифит ретінде, сиректеу топырақтың бетінде өсетін папоротниктер. Жапырақтары тұтас, қауырсынды және тілімделген болып келеді, ортаңғы ж‰йкесі аздап жуандаған. Көлденең төселіп өсетін тарамдалған тамырсабақтарының жуандығы 0,4-0,8 см-дей болады, олардың сыртын қоңыр т‰сті, сына тәрізді қабыршақтары қаптап тұрады. Микросориумның т‰рлері ойпаттардың, таулы жердің тропикалық ормандарында және қайнар бұлақтарда кездеседі. Олар тропикалық зонаның тауларының ағашты өсімдіктер жабынының ең жоғарғы шекарасына дейін көтеріледі.
Индиядан Индонезияға дейін, Оңт‰стік Қытайды, Филиппинді және Кіші Азияны қосып есептегенде кездесетін қанатты тірсекті микросориумның (Mіcrosorіum pteropus) биологиялық ерекшеліктері өте қызық болады. Туыстың басқа т‰рлерінен ол жапырақтарының төменгі жағының сағаққа айналуымен айқын ажыратылады. Бұл т‰р таулы жерлердің, ойпатты жерлердің тропикалық ормандарында, жылғалардың жағасында және бұлақтардың айналасында, жаңбырлы кездерде оқтын- оқтын су басып отыратын жерлерде, тастардың бетінде шіріген ағаштардың діңдерінде өседі. Бұл папоротниктердің жапырақтары диморфты: судың астында жетілетін жапырақтары тұтас, ал судың бетінде жетілетін жапырақтары ‰шке бөлініп тілімделген (трехлопастные). Судың астындағы жапырақтарында кішілеу б‰ршіктер жетіледі, олардан келешегінде жаңа особьтар пайда болады да, аналық өсімдіктен бөлініп кетеді.
Оранжереяның жағдайында қанат тірсекті микросориумды қырықаяқ папоротниктер секілді тамырсабақтарын бөліп отырғызады және спораларын өсіру арқылы да көбейтеді. Аквариумды жақсы көретіндер, оны аквариумдарда өсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет