Сморчок телпекшесі (Verpa bohemіca ) - сапрофит ретінде өмір с‰ретін саңырауқұлақ. Ол орманда көктемде жер бетінен қар кетісімен пайда болады. Мицелийі жердің астында болады, ал жердің бетіне жемісті денесі - апотецийі шығады. Жемісті дене цилиндр тәрізді сағаққа орналасқан диаметрі 3-5 см болатын, қоңыр т‰сті, конус формалы телпекше. Телпекшенің сырты көп қыртысты (моршинистая), оның ‰стінгі бетіне перпендикуляр орналасқан ұзынша қалталардан тұратын гимениальды қабаты болады. Әрбір қалтада цитоплазмалық массаның - эпиплазманың ішінде екі-екіден ұзындау - сопақша болып келген ‰лкен аскаспоралары болады. Қалталардың арасында гимениальды қабатқа серпінділік беретін парафиздері болады. Қалталар пісіп-жетілген кезде эпиплазмадағы гликоген қантқа айналады, соған байланысты олар бойына су тартады. Одан әрі қалтаның ішінде тургор қысымы артады, нәтижесінде қалтаның жоғарғы жағында пайда болған тесіктен аскаспоралар ‰лкен к‰шпен сыртқа 30см жерге атылады. Қолайлы жағдай туған кезде аскаспоралар өсіп жаңа мицелийлер береді.
БАЗИДИОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ (БАЗИДИОМИЦЕТЫ) – BASІDІOMYCETES
Т‰рлерінің жалпы саны 30 мыңдай болады. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы ж‰зеге асады, бірақ ол сирек болады. Жыныстық процесі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің (члеников) қосылуы арқылы ж‰зеге асады. Арнайы жыныстық көбею органы болмайды. Гетеротальды т‰рлерінің (олар осы кластың басым көпшілігін құрайды) мицелийлерінің қарама-қарсы белгілері бар (+ және - ) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар т‰зіледі, олардың ядролары келешегінде синхронды бөлінеді. Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен, мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің т‰зілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан базидийлер әрт‰рлі болады: холобазидия - жекелеген бөліктерге (члеников) бөлінбеген, бірклеткалы, т‰йрегіштің басы тәрізді өсінді; гетеробазидия екі бөліктен тұрады – төменгі кеңейген бөліктен (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып табылатын
‰стінгі бөліктен (эпибазидия);
Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар т‰рлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай к‰рделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің
‰шінші т‰рі фрагмобазидия – көлденең перделері арқылы төрт бөлікке (клеткаға) бөлінген болады. Әдетте фрагмобазидия тыныштық қалыпта болатын қабықшалары қалың телиоспора деп аталынатын клеткадан пайда болады, сондықтанда оны телиобазидия деп те атайды.
Базидиомицеттердің өмірлік циклында дикарионды фаза басым болып келеді, ал гаплоидты және диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген т‰рлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әрт‰рлі болып келетін жемісті денелерінде т‰зіледі. Концистенциясы жағынан жемісті дене борпылдақ, өрмекшінің торы тәрізді, тығыздалған киіз тәрізді, көн тәрізді және ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады. Ол базидийден, парафизден және цистидадан тұрады. Цистида - гимениальды қабаттың ‰стінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа м‰шелеріне (членики) қарағанда біршама ‰лкен болады. Жемісті дененің гимений т‰зілетін бетін гименифора деп атайды. Қарапайым өкілдерінде ол жылтыр, ал жоғарғы деңгейде жетілгендерінде формасы тікенек, пластинка, т‰тікше тәрізді болып келеді. Сол себептенде гимениальды қабаттың ‰сті біршама ұлғаяды. Кейбір т‰рлерінің базидийі базидияспоралары мен тікелей мицелидің гифаларында пайда болады.
Базидиальды саңырауқұлақтар ‰ш клас тармағына бөлінеді: холобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер.
Осы ‰ш клас тармағының ішіндегі маңыздысы және табиғатта кең таралғандары холобазидиомицеттер мен телиобазидиомицеттердің өкілдері. Сондықтанда олардың кейбіреулеріне толығырақ тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |