Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Телиобазидиомицеттер класстармағы – Telіobasіdіomycetіdae



бет60/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   215

Телиобазидиомицеттер класстармағы – Telіobasіdіomycetіdae


Бұл класс тармағына жататын өсімдіктердің фрагмобазидийлері болады.


Бидайдың қатты қаракйесі (Tіlletіa carіes), басқа қарак‰йелер секілді паразит. Зақымданған масақ, зақымданбаған масаққа қарағанда жеңіл, өйткені оның дәндерінің көпшілігі телиоспораға толы болады. Телиоспоралар шар тәрізді т‰сі қара және ‰сті кедір-бұдыр (ячеистый) болып келеді. Астықты бастырған кезде споралар дәнге жабысады, ал тұқымды сепкенде топыраққа т‰седі. Телиоспоралар көктемде тұқыммен бірге өседі. Өсер алдында дикарионның ядролары қосылады, содан соң зигота мейоз арқылы бөлінеді. Осылардан кейін барып фрагмобазидия дамиды, ал оларда гаплоидты базидиоспоралары т‰зіледі. Базидиоспоралар өсімдіктерді тікелей зақымдай алмайды. Екі гетеротальды базидиоспоралар қосылып екі ядролы клетка т‰зеді. Осындай клеткадан дикарионды гифа пайда болады. Ол алдымен дәннің қауызының (околоплодник) астына, содан соң ұрықтың өсу конусына, одан өскінге өтіп өсімдікпен бірге өседі. Келешегінде гифа г‰л шоғырына еніп дәннің ішінде ұлғаяды да, оның ішіндегі қоректік заттарын өз бойына сіңіреді. Қауызбен (околоплодник) спермодерма бұзылмайды, сондықтанда дән өзінің сыртқы формасын сақтайды, бірақ оның іші телиоспораға толы болады.
Қарабидайдың (T.secalіs), арпаның (T.hordeі) қатты қарак‰йесінің, ж‰герінің тозаңды қарак‰йесінің (Sorosporіum reіlіanum) және тағы басқалардың өмірлік циклдары дәл осындай.
Бидайдың тозаңды қарак‰йесінің (Ustіlago trіtіcі) өмірлік циклы біршама к‰рделі. Зақымдалған масақтың және дәннің қауыздары (қабықшалары ) жыртылып қара т‰сті телиоспоралармен жабылады. Олар бидайдың қатты телиоспораларына қарағанда ұсақ және ‰сті кедір-бұдыр емес (не ячеистый) тегіс болады. Телиоспоралар жел арқылы зақымдалмаған масақтың г‰ліндегі аналығының аузына келіп т‰седі де өнеді, олардан фрагмобазидий дамиды. Бірақта базидиоспоралар т‰зілмейді, фрагмобазидийдің гаплоидты клеткалары екеу-екеуден қосылып, дикарионды гифаларға айналады. Дикарионды гифалар г‰л т‰йініне өтіп эндосперм мен ұрықтың ішінде ұлғайып өседі, бірақ оларды бұзып жармайды.

Зақымдалған дәннің формасы мен салмағы жағынан зақымданбаған дәннен айырмашылығы болмайды және өсуге қабілетті келеді.


Яғни бұл жерде зақымдану топырақта емес, өсімдік г‰лдеген және дән байлаған кездерде ж‰реді. Келесі жылы тұқымды жерге сепкеннен кейін ұрық өне бастайды, осы кезде мицелийде ұрықпен бірге өсіп оның өсу конусына өтеді. Одан әрі ол сабақтың бойымен жоғары қарай жылжиды, сөйтіп қоректік заттар мол жиналатын г‰л шоғырында ерекше қарқынмен
өсіп ұлғаяды. Осы жерде мицелий жекелеген клеткаларға бөлінеді. Ал ол клеткалар қалың қабықшамен қапталып телиоспораларға айналады. Бұл жағдайда г‰л шоғырының т‰рі өзгеріп, қарак‰йенің ұсақ тозаңына айналады. Бұлармен к‰ресу басқа қарак‰йелерге қарағанда қиын, өйткені мұнда қарак‰йе мицелийлері дәннің ішкі ұлпасында орналасады. Сондықтан, онымен к‰ресу ‰шін тұқымды 3-4 сағат бойы 28-32 градустағы жылы суға салу керек, бұл уақытта мицелий өсе бастайды, ал ұрықтың өсуіне уақыт жетпейді. Одан кейін тұқымды 7-8 мин., 52-53 градустан астам суға салады, бұл кезде өскен мицелий к‰йеді, ал ұрыққа ешқандай зиян келмейді. Барлық колхоз, совхоздарда бұл шараны қолдануға қолайлы жағдай туа бермейді. Сондықтан егістікке таза сортты дәндерді сұрыптап алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет