Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Холобазидиомицеттер класс тармағы –Holobasіdomycetіdae



бет59/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   215

Холобазидиомицеттер класс тармағы –Holobasіdomycetіdae


Бұл класс тармағы холобазидии т‰зетін саңырауқұлақтарды біріктіреді. Мысал ретінде олардың ең кең таралған туысы шампиньонды қарастырамыз. Шампиньон (Agarіcus campestrіs) - сапрофит ретінде, ылғалы мол топырақта өседі. Оны арнайы теплицаларда қолдан өсіреді. Жемісті денесі тармақталған мицелийінде пайда болады. Ал мицелийі топырақта болатын, бірнеше клеткадан тұратын (членистый) гифалардан құрылады.


Жемісті денесі қалпақтан және т‰бірден тұрады. Осыған байланысты қалпақты саңырауқұлақтар деген ұғым пайда болған. Жас жемісті денелерінің қалпағының астында тартылып тұратын ақ т‰сті жұқа жамылғысы болады. Ол қалпақтың айнала шетіне және т‰бірге бекініп тұрады және қорғаныш қызметін атқарады. Ескі жемісті денелерде жамылғының тек ‰зінділері ғана т‰бірде ақ т‰сті сақина т‰рінде қалып қояды. Жемісті дененің т‰бірі, қалпақты жауып тұратын қабықшасы, етженді жұмсақ бөлігі және қалпақтың астынғы бетінде орналасқан пластинка тәрізді гименофорасы плехтенхимадан тұрады. Жас шампиньондардың гименефораларының пластинка-ларының сыртының т‰сі қызғыштау, ал ескіргендерінде қоңыр немесе қарақошқылдау болып келеді. Гименальды қабаты бір қатар базидийден тұрады. Базидияспоралары базидийден пайда болатын стеригмаларының басында отырады. Пісіп жетілген ұсақ, әрі жеңіл споралар стеригмалардан бөлініп шығып пластинкалардың арасындағы қуысқа т‰седіде, төмен қарай құлайды. Ал оларды ауаның ағыны алып кетеді. Осылайша шампиньонның споралары тарайды. Бұл тек шампиньионға ғана емес, сонымен бірге қалпақты саңырауқұлақтардың барлығына тән нәрсе. Сонымен бірге саңырауқұлақтардың спораларын насекомдар мен моллюскаларда таратады. Саңырауқұлақтармен қоректенетін ақ тиіндер мен қояндарда олардың спораларын таратады. Споралар жоғарыда аталған жануарлардың ас қорыту органдарында қорытылмай, олардың қиымен сыртқа шығып қалады. Ылғалы мол, қарашіріндісі көп топырақта саңырауқұлақтардың споралары өседі. Олардан мицелидің (грибницы) жіпшелері жетіледі. Мицелий өте жай өседі. Қоректік заттардың қорын арттырып грибница жемісті дене т‰зеді.
Холобазидиомицеттер класстармағына жататын саңырауқұлақ- тардың ішіндегі аса кең таралғандарына қалпақты саңырауқұлақтар жатады. Қалпақ пен т‰бір бір-біріне тығыздалып өрімделген мицелийдің жіпшелерінен (гифаларынан) тұрады. Т‰бірдің барлық жіпшелері бірдей болады, ал қалпақта олар екі қабат т‰зеді. Жоғарғы қабат сыртқы қабықшамен қапталған және әрт‰рлі пигменттермен боялған болып келеді, ал төменгі қабатта гименофоралары қалыптасады. Гименофораның екі т‰рі белгілі: пластинкалы және т‰тікшелі. Гименофорасы пластинкалы болып келетін саңырауқұлақтарға мына т‰рлерді жатқызуға болады: Лисичка (Cantharellus), опенок (Marasmіus), сыраежка (Russuta), рыжик (Russula), груздь (Lactarіus); гименофорасы ттікті болып келетін т‰рлерге - ақ саңырауқұлақ (Boletus),
подберезовик (Leccіnum), подосиновик (Leccіnum), нағыз трутовик (Fomes fomentarіus ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет