Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет161/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Классификациясы. Жабық тұқымдылар ертеден қос жарнақтылар (Dіcotyledoneae) және дара жарнақтылар (Monocotyledoneae) кластары болып екіге бөлінеді. Бұл кластардың бір-бірінен ажырататын ең қажетті және ең көрнекті белгілерін келтіреміз.
Айтып кеткен жөн, қос жарнақтылар мен дара жарнақтылардың деңгейінде осы келтірілген белгілерден бірқатар ауытқушылықтар болып отырады. Мысалы, кейбір қос жарнақтылардың тұқымжарнағы біреу (фикария - чистяк), жапырағының ж‰йкеленуі доға тәрізді (бақажапырақ - подорожник) болады, ал дара жарнақтылардың сабақтары екінші рет жуандайды (юкка, драцена) және т.б. Бұдан біз жоғарыда келтірілген белгілардің салыстырмалы т‰рде ғана алынғанын байқаймыз. Сондықтанда өсімдіктің қай класқа жататындығын анықтағанда осы белгілердің тек біреуіне ғана с‰йенбей, олардың барлығын т‰гелімен ескеру қажет.


Қос жарнақтылар

Дара жарнақтылар

1.Ұрықтың екі тұқым жарнағы
болады.

1. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы
болады.

2. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады; Тамырлары екінші рет қа- лыңдауға (жуандауға) қабілетті; Тамыр системасы формасы
жағынан көп жағ- дайда кіндік тамырлы.

2. Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; Тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы
көп жағдайда шашақ тамырлы.

3. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш
шоқтары ашық; сабақтың көлденең

3. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең
кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы

кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады.
орналасады.




4. Жапырақтары жай және к‰рделі, ж‰йкеленуі торлы.

4. Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді ж‰йкеленген
болып келеді.

5.Г‰лдерінің м‰шелері 5 қатар,
сиректеу 4 қатар т‰зіп орналасады.

5. Г‰лдерінің м‰шелері 3 қатар т‰зіп
орналасады.

Жабық тұқымдылардың табиғи топтарын г‰лдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөлу (топтастыру) немесе талдау мынаны көрсетеді. Туыстық жақындығы бар қатарлар біршама қысқа болады. Осыдан барып жабық тұқымдыларға шолу жасағанда оларды қатарлардың тобына біріктіру тәсілдемесі шыққан. Бұл кітапта 10 қатарлардың тобы қарастырылады. Олардың 8 қос жарнақтылар класына жататын қатарлардың тобы: көп жемістілер (магнолия тәрізділер), раушанг‰лдер тектес бос желектілер, раушанг‰лдер тектес бір жабынды өсімдіктер, раушанг‰лдер тектес біріккен желектілер, орталық дәнді бос желектілер, орталық дәнді бір жабынды өсімдіктер, тұқымдары г‰л т‰йінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер, тұқымдары г‰л т‰йінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер және дара жарнақтылар класына жататын екі қатардың тобы: желекті г‰лділер, қабыршақты г‰лділер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет