Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Тарандар тұқымдасы (гречишные) – Polygonaceae



бет170/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

    Бұл бет үшін навигация:
  • Таран

Тарандар тұқымдасы (гречишные) – Polygonaceae


Т‰рлерінің жалпы саны 900- дей (40 туыс). Т‰рлерінің шыққан жері Орталық және Оңт‰стік Америка (ағаш), солт‰стік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бұталар, шөптер). Климаты құрғақ елдерде, мысалы Орта Азияда, бұталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солт‰стікке таман өсетін т‰рлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама- қарсы, сиректеу топтасып орналасады. Буын аралықтарының т‰п жағын т‰тік тәрізді жапырақ


қынапшасы- раструб жауып тұрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буындары көп жағдайда жуандап ісінген болып келеді, буын аралықтары т‰п жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзындыққа өседі. Г‰лдері ұсақ, гемициклді немесе циклді, әдетте қосжынысты. Г‰лсерігі қарапайым 3-6, сиректеу 5 м‰шелі, әдетте бос орналасады, әрт‰рлі- жасыл, ақ, қызыл т‰стерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6-9 (3-8). Гинецейі ценокарпты 3 (2-4) жеміс жапырақшалардан тұрады. Г‰лт‰йіні төменгі. Жемістері 1-дәнді- 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді.
Таран туысы (горец- Polygonum). 280-дей т‰рлері бар, БОР- дың флорасында 160 т‰рі, ал Қазақстанда 52 т‰рі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Г‰лді өсімдіктердің таралған жерлерінің солт‰стік шекарасынан бастап Австралияға, оңт‰стік Африкаға (Кап жері) және Чилиге (космополид туысы) дейін таралған.
Қызыл таспа, құс таспасы (горец птичий- Polіgonum avіculare),- биіктігі 10-нан 40см. дейін жететін біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді. Г‰лдері жапырақтың қолтығында 2-5-тен болады. Жемісі 3-қырлы, т‰п жағы сопақтау болып келеді. БОР-ның барлық жерлерінде тіптен Арктикада да өседі, көптеген жерді алып жататын таза қопаларында жиі кездестіруге болады. Өзен жағалауының құмдарында және су қайтқан жерлерде, егістікте және малдың өрістейтін жерлерінде, жолдың жағасында өсетін өсімдік. Дәрілік және жем- шөптік өсімдік болып табылады. Шырмауық таран (горец вьюнковый- P.convolvulus)- біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м. дейін барады, г‰лдері жапырақтың қолтығында 3-6-дан топтасып отырады. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі, көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік және бал беретін өсімдік. Вейрих тараны (горец Вейриха- P.weyrіchіі)- биіктігі 2-5м. болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, г‰лдері жапырақтың қолтығынан немесе сабақтың жоғарғы жағынан шығатын сыпырғы тәрізді г‰лшоғырында орналасады; БОР-дың Қиыр Шығысында (Сахалин, Куриль аралдары), Жапонияда және Қытайда өседі. Сәндік және перспективті жемшөптік (силосқа) өсімдік ретінде себеді.
Рауғаш туысы (ревень-Rheum). Барлығы 35-тей т‰р, БОР-дың флорасында 22 т‰рі, ал Қазақстанда 10 т‰рі кездеседі. Табиғи жағдайда Азияның таулы, негізінен орталық және шығыс аудандарында өседі. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Осыған дейінгі туыстан г‰лсерігінің ішкі шеңберінің ұлғайып өсуімен ажыратылады, ол келешекте жемісінің ұшуын жеңілдетеді. Жемісінің қанатшасы болады, ал андроцейі 9 аталықтан тұрады. Дәрілік рауғаш (ревень дланевидный, или ревень лекарственный- Rh.palmatum), Қытайда және Тибетте кең таралған. БОР-да оны овощтық, сәндік және дәрілік өсімдік ретінде өсіреді. Бұйра рауғаш (ревень волнистый- Rh.undulatum) Шығыс Сібірде, Сост‰стік Монголияда кездеседі, оны овощтық өсімдік ретінде себеді; сорттары шығарылған.
Бұл тұқымдастың экономиялық жағынан ең маңызы ‰лкен өкілі егістік қарамық (гречиха посевная- Fagopyrum sagіttatum)- жарма беретін дақыл, г‰лдерінен аралар бал жинайды. Г‰лінің формуласы:  P5 A 8 G(3).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет