Бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солт‰стік ендіктің қоныржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір т‰рлері қиыр солт‰стікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар т‰зеді (карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар. Қосалқы жапырақшалары кейде ерте т‰сіп қалып отырады. Аталық және аналық г‰лдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әрт‰рлі особьтарында (екі ‰йлілік). Г‰лсерігі болмайды. Аталық г‰лдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық г‰лдерінде, екі жеміс жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Г‰лт‰йіні бір ұялы. Тұқымб‰рі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар. Тұқымының т‰п жағында бір топ талшығы болады, эндоспермі болмайды.
Талдар тұқымдасына 400-дей т‰р жатады, олар ‰ш туыстың қурамына кіреді: терек (тополь- Populus, 25-30 т‰р), тал (ива- Salіx, 350-370 т‰р) және чозения (Chosenіa, 1т‰р).
Теректуысы(тополь)-Populus.БОР-дың флорасында 30 т‰рі, ал Қазақстанда 18 т‰рі кездеседі. Аталық г‰лі бірнеше аталықтан (тычинки) тұрады, олардың т‰п жағын қиғаш воронкаға ұқсас- бокал тәрізді орган- диск қоршап тұрады. Ол не редукцияға ұшыраған г‰лсерігі, не болмаса г‰л тұғырының жалпайып өсуінен пайда болған м‰ше. Аналық г‰лініңде т‰п жағында, жалғыз аналықты қоршап тұратын, екі парокарпты біріккен жемісжапырақшадан т‰зілген, бокал тәрізді диск болады. Г‰лінің формуласы: P0 A0 G (2) ; P0 A 12-20 G0 .
Бұл туысқа көктерек (осина- Populus tremula), қара терек (тополь черный, немесе осокарь- Populus nіgra) және т.б. жатады. Теректердің көптеген т‰рлері тез өсетін, ағашы жұмсақ, оңай кесілетін болғандықтан құнды болып табылады. Ағашы негізінен сіріңке жасауға, әрт‰рлі ‰йге қажетті ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланады (қасықтар, шөміштер т,б.); қағаз өнеркәсібінде де, сиректеу құрлыс материалдары ретінде де пайдаланады. Сонымен бірге көшелерді, канал жағаларын қөгалдандыруға бірден- бір таптырмайтын сәндік өсімдік. Теректер желмен тозаңданады.
Тал туысы (ива- Salіx). Саны жағынан ең көбі. Тек БОР-дың флорасында 170-тей т‰рі және көптеген гибридтік формалары кездеседі, ал Қазақстанда 46 т‰рі өседі. Талдың г‰лдерінде кейбір жағдайларда теректердегі секілді, г‰лдің т‰п жағынан қоршап тұратын дисксі болады. Көптеген т‰рлерінде ол екі шырындықпен (нектарник) алмастырылған. Шырындықтардың біреуі жабындық жапырақшалар жағынан, ал екіншісі сырғаның өсіне қараған жағынан орналасады. Кейбіреулерінде тек бір ғана шырындық сақталған. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеуге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецей) 2 м‰шелі парокарпты және 2 аузы болады (рыльца пестика). Талдар жапырақтары шықпас бұрын, немесе олармен бірге г‰лдейді. Талдар насекомдармен тозаңданады. Оларға насикомдардың ондаған т‰рлері келіп қонады, сиректеу желмен тозаңданады. Көптеген
т‰рлері будандасуға бейім, соған байланысты бір т‰рмен екінші т‰рдің шекарасы, барлық уақытта айқын бола бермейді.
Шыбықтарынан карзеңке, балық аулауға қажетті жабдықтар (снасти) тоқуға болады. Өзен жағасында және кішігірім аралдарда өсетін қадама талдардан киіз ‰йдің керегелері мен уықтарына қажетті материалдар дайындайды. Қабығында иілік заттар болады. Талдар өте оңай тамыр береді және вегететативтивтік жолмен көбейеді. Сондықтанда оларды құмды бекіту мақсатында (фитомелиорация) өсіреді.
Халық медицинасында қабығын маляриядан емдеуге пайдаланады.
Жақсы бал беретін өсімдік.