Қызғалдақ туысы(тюльпан - Tulіpa). Туыста шамамен 100-дей т‰р бар. Қызғалдақтар Евразия мен Солт‰стік Африканың жазы құрғақ, әрі ыстық болып келетін, ал көктемде және к‰зде аздап ылғал т‰сетін шөлді, жартылайшөлді және шөлейт аймақтарында кең таралған, сиректеу орманды жерлерде де кездеседі. Олар тегістікте де және таулардың барлық белдеулерінде өседі, бірақ мәңгі мұз басқан биіктікте сирек кездеседі. Қызғалдақтың баданасы 45 см тереңдікте, кейде оданда тереңдеу жатады. Баданасының сырты пленка тәрізді жылтыр болып келеді. Г‰лдері ‰лкен, қанық боялған, әр өсімдікте біреуден болады. Өте сәнді, бірақ иісі болмайды. БОР-дың территориясында 60-тай т‰рі бар, олардың көпшілігі Орта Азияда өседі. Қазақстанда қызғалдақтың 32 т‰рі бар, оның біреуі (Регел қызғалдағы- тюльпан Регеля) - L.Regelі жойылуға жақын т‰р ретінде, 6-уы сирек кездесетін т‰рлер ретінде Қазақстанның қызыл кітабына енген (Борщев қызғалдағы, Корольков қызғалдағы, Леман қызғалдағы, Островский қызғалдағы, әрт‰рлі к‰лтелі қызғалдағы, Шренк қызғалдағы).
Қызғалдақты сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Қазіргі кезде қызғалдақтың
800-дей сорттары белгілі.
Батыс Европаға қызғалдақты отырғызу XVІ ғасырда Т‰ркиядан ауысқан. Бұл өсімдікті өсіру әсіресе Голландияда жақсы жолға қойылған. Г‰лсерігі қарапайым, тек к‰лтежапырақша т‰рінде берілген. К‰лтежапырақшаларының мөлшері бірдей, олар ‰ш-‰штен топтасып екі қатар шеңбер т‰зіп бос орналасады. Г‰лінің формуласы лалаг‰лдің г‰лінің формуласымен бірдей: Аталығының саны 6, оларда ‰ш-‰штен топтасып, екі қатар шеңбер т‰зеді. Г‰лдің ортасында ‰лкен аналық орналасады, оның қысқа мойны ‰ш жақтауы бар аналықтың аузымен аяқталады.
Қазжуатуысы (гусиный лук - Gagea). Туыста шамамен 70 т‰р бар. Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін эфемероидтар. Олар өте ұсақ өсімдіктер, жапырақтары жіңішке, г‰лдері ұсақ, т‰сі көпшілігінде сары болып келеді. Қазжуалар ерте көктемде г‰лдейді де, вегетациялық кезеңін тез аяқтайды.
Қазақстанда 38 т‰рі кездеседі, олардың барлығы дерлік шөлді және шөлейт аймақтың өсімдіктері.